Ақтөбе қаласы № 36 қазақ орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі
Иманалина Нургул Кубаевна
Тақырыбы: Жапонның халық әні және «Хиросима» балеті.
Мақсаты: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлай отырып балет өнері туралы мағұлмат беру, Ғазиза Жұбанованың «Хиросима» балетімен танысу, жапонның «Сакура»әнін үйрену;
Тәрбиелік мәні: Оқушылармен топтық жұмыс жасай отырып өз ойын тұжырымдау, басқаны тыңдай білу, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, хореография;
Пайдаланатын стратегиялар: Ассосация, жигсо, 5 минуттық әссе.
С а б а қ т ы ң ө т у б а р ы с ы:
I.Кіріспе: Музыка әуенімен оқушылар класқа кіреді. Болат Аюхановтың балет мектебінің бишілері бейне таспадан көрсетіліп тұрады. Оқушылармен би қимылдары арқылы амандасу.
Тақтада арнайы ілінген кеспелерден әннің тізбектелген жолдарын табу арқылы жанұялық топқа бөлінеді (1 минут )
Мұғалім: -Оқушылар, бүгінгі сабақта өзімізді-өзіміз бағалауды ұмытпайық .Ол үшін алдымыздағы кеспеге өз аттарымызды алдын-ала жазып қояйық.
II.Қызығушылықты ояту:
Мұғалім:- Оқушылар алдымызда тұрған плакаттарды алып «балет» деген сөзге ассосация жасап көрейік.( 2 минут )
Әр топқа арнайы плакаттар беріліп , әр топ өз ойларын ортаға салады.
-жеке талдайды
- топта талдайды
- әр топ аудиторияға ұсынады ( 5 минут)
( әр топ плакаттарды тақтаға іліп өз ойларын ортаға салады)
Мұғалім:-оқушылар, сендер балет туралы өздеріңнің ойларыңды ортаға салдыңдар.
Мұғалім:- Ал енді балет өнеріне еңбегі сіңген кімдерді білесіңдер? Қандай балеттерді білесіңдер? (оқушы жауабын тақтаға жазып тұру) (2 минут )
- Болат Аюханов
- Шара Жиенқұлова
- Аққу көлі
- т . б
Сергіту сәті: Күй сандықты ашайық ,
До, до, до,
Тілдерін біз басайық ,
До, до, до ,
Бас дыбысты басайық ,
До, до, до.
Жайлап әнге салайық ,
До, до, до.
(Әннің сөзі мен әуеніне қарай қимыл жасайды )
II.Мағынаны ашу.
«Жигсо» әдісі қолданылады.
Күтілетін нәтиже:*ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
*Меңгерген ақпаратты баяндап айтып бере алады ;
* мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай алады ;
* жаңа ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады ;
* өзгені тыңдап өз ойын ашық айта алады ;
* өзі оқиды және өзгені оқытады ;
* таным әрекеті процесінде қарымқатынас ;
- Оқушылар, орнымыздан тұрып экспорттық топтарға барайық. Ол үшін әрбір жанұя мүшесі 1-2-3-4 деп санайды. 1-деп санағандар 1-ші топқа , 2-деп санағандар 2-ші топқа ,3-деп санағандар 3-ші топқа , 4-деп санағандар 4-ші топқа барады. (1 минут )
1 топ. Ғазиза Жұбанова Ақтөбе облысы Жұрын ауданында дүниеге келген дарынды компазитор, Қазақстанның халық әртісі.Музыканттар отбасында дүниеге келген. Ғазизаның әкесі Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі және дирижеры болған ұлы компазитор Ахмет Жұбанов болатын. Кішкентай Ғазиза әкесінің жанында жүріп осы оркестрді тыңдап өседі.
Ғазиза Жұбанова қазақ өнеріне зор үлес қосқан. «Еңлік-Кебек», «Құрманғазы», «Жиырма сегіз» опералары , «Аққұс туралы аңыз», «Қаракөз», «Хиросима» балеттері бар. Одан да басқа кантаталары,ораториялары, ән-романстары бар.Ол көптеген кинофильмдерге музыка жазды.
Ғазиза Жұбанованың «Хиросима» балеті қазақ өнеріндегі жаңалық болды. Ол өз балетінде жапонның халық әні «Сакураны» негізгі ән етіп алды. Қазақша «Шие»деп аталады. Ол жеміс ағашы көктемде қызғылт түсті нәзік гүлге айналады. Ән осы жеміс ағашы туралы.Ол жапондардың күнтізбесінде жыл бейнесі болып саналады. Осы «Хиросима» балеті үшін 1970 жылы Ғазиза Жұбановаға Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы беріледі.
2 топ.Балет музыкалық-хореографиялық спектакль, яғни театр өнерінің бір түрі. Қазақстанда балет өнері 1935 жылы дами түсті. Оған совет балейтместері Александр Александровтың ықпалы өте зор болды. Ол балет мектептерін ашып шәкірттер дайындады. Балетте музыка биді сүйемелдеуші рөлін атқарса, хореография музыканың терең мазмұнын ашу мақсатында жұмсалды. Балетке жеке орындаушылар да жұппен орындаушылар да, топтық орындаушылар да қатыса алады.
Қазақтың алғашқы ұлттық балеті 1938 жылы Василий Великановтың «Қалқаман-Мамыр» балеті болды. Иван Надировтың «Көктем(1940), Василий Великановтың «Қамбар-Назым» (1950), Мансур Сағатовтың «Әлия» балеті (1978) т.б балеттер дүниеге келді.
Қазіргі таңда қазақстанда балет өнерін жалғастырушы балетмейстер Болат Аюханов.Ол 1938 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Балет тақырыбында 4 кітап жазған, Қазақстанның халық әртісі, академик, «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазір Алматы қаласында шәкірттерін балет өнеріне баулуда.
3 топ.1945 жылы Жапонияның екі қаласы Нагасаки мен Хиросимаға АҚШ атом бомбасын тастады. Бұл оқиға бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірді. Атом бомбасынан мыңдаған адам қырғынға ұшырады.Осы екі қалада қырылғандарға ескерткіштер қойылды. Бұл қасіретті жапондықтар жыл сайын қаралы күн ретінде атап өтеді. Бұл күні жапон балалары қағаздан бейбітшілік құсы ретінде тырна жасап, дүние жүзінің барлық халқына бақыт, ұзақ өмір, бейбітшілік тілейді.
Балетте халық өмірінің көрінісі, басты кейіпкерлердің бейнесі жарқын беріледі. Онда атом жарылысынан анасы мен Юки есімді қызы қаза болған Тайо деген кедейдің басынан өткен оқиғасы бейнеленген. Балеттің оқиғасы жеке бір отбасының тағдыры емес жалпы адамзаттың қайғысы ретінде суреттеледі.
Сол қасіретті оқиғадан кейін де талай жылдар өтті. Хиросима қайта қалпына келтіріліп әдемі қалалардың бірі болып саналады. Дегенмен баяғы атом бомбасы жарылыс дүмпуі бүгін де естілгендей болады. Ол Қазақстан жерінде де сезіледі, жергілікті халықтың өміріне, сол жердің табиғатына зор зақым келтірді. Жарылыс жер астында болғанымен радиоактивті сәулелер қоршаған ортаға, жан-жануарларға, ауа мен суға тарады.
1989 жылы Қазақстанда өткізген «Семей-Невада» қозғалысы Семейдегі полигонды жапты.Осы тарихи жағдайларға байланысты түрлі әндер, музыкалық шығармалар жарық көрді
4 топ. «Хиросима» балетінің қысқаша мазмұны:
Портты қала шетіндегі таңғы мезгіл.Балықшылар мен інжу іздеушілер,салт дәстүр билері,отбасындағы бейбіт өмір көріністері кезектесіп беріледі.Інжу іздеуші Тайоның қызы Юки әкесінеқағаздан жасалған тырна сыйлап ұзақ өмір мен бақыт тілейді.Осы кезде нәзік әуен естіледі. Су астындағы көрініс.Таңғажайып өсімдіктер,балықтар,медузалар.Су асты керемет сұлу тамаша.Кенет бәрі лезде жоғалып ,атом бомбасы жарылады.Айналаны қара түнек басады.Үлкен симфониялық оркестрдегі үзіліс осынау қасіреттің болғанын, бұдан кінәсіз халықтың қырғынға ұшырағанын білдіреді. Атом бомбасынан жанып кеткен қала көрінісімен балет аяқталмайды.Көмір боп кеткен ғимараттардың ішінде туыстарын іздеген Тайо жүреді. Музыка соғыс құрбаны болғандарға марш шеруге ұласады.
( Мәтіндер таратылып мұқият оқу ескертіледі) (5 минут)
-экспорттық топта талдайды (2 минут)
-жанұяға қайтып келеді, талдайды.
( Мәтіндер талданып болғаннан кейін бейне, таспадан балеттен көріністер көрсетіліп, талданады.Оқушылармен бірге бірнеше қимылдарын қайталау)
Мұғалім:-Әр топ екі сұрақтан дайындап аудиторияға қояды.Қалған топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.Сұрақтардың қайталанбауын мұқият қадағалап отырыңдар.
( 3 минут)
Мұғалім:-Енді осы балетте негізгі ән болған жапонның халық әні «Сакураны» үйреніп көрейік. Бұл әнді қазақшаға аударғанда шие болатынын өздерің сабақ барысында айтып кеттіңдер. Әнді орындамас бұрын мен айтып көрсетейін.(алдын ала сөзі тақтада жазулы тұрады)
( Дауыс жаттығуына дыбыс қатарын жоғары, төмен бірнеше тоналдықта қайталау.)
Сакура. (шие )
Жапонның халық әні
Шешек атты шие!
Салса жанар жан-жаққа,
Аспан асты сая бақ.
Желпіп өтсе жел-дағы,
Қызғыш мұнар тербелер..
Шешек атты шие!
Шешек атты шие!
( Оқушылар үйренген соң жалпы класпен, топпен орындау )
III.Толғаныс. - Не білдік?
-Не үйрендік?
(Оқушылардың жауаптарын топта талдау, аудиторияға ұсыну)
Сабақты бекіту: Арнайы бейне таспада жазылған Б.Аюхановтың балет мектебінің бишілерінің орындауындағы биге қосылып бірге бірнеше қимылдар жасау арқылы сабақты қортындылау.
Бағалау: Сабақ барысында оқушылар өздеріне бағалар қойылған кеспелерді мұғалімге тапсырады . Мұғалім оқушының бағасымен өзінің бағасын салыстыра отырып журналға қояды.
Үй тапсырмасы: Өздерің қалаған ертегілерге өздеріңнің түсінгендеріңше балеттің сценариін жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |