Тақырыбы: Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі



Дата12.10.2022
өлшемі34.12 Kb.
#462503
Та ырыбы Ж рек, ан тамыр ж йесі ауруларыны мейірбикелік рдіс


Тақырыбы: Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі.

Дәрістің мақсаты: Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен студенттерді таныстыру; АІЖ патологиясы бар науқастарды бақылау мен басқарудың ерекшеліктері; гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.


Дәріс жоспары:



  1. Кіріспе. Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.

  2. ЖҚЖ ауруларының негізгі синдром, симптомдары.

  3. Жүрек тұсының ауырсынуы бар бақылау мен күтімдеу.

  4. Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.

Кіріспе.

Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары әр топтағы халықтар арасында кеңінен таралған, осы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау мен күтімдеудің ерекшелігін білу мейірбикелер үшін қажетті. Бұл аурулар науқастың өмір сапасын көрнекті төмендетеді, ал олардың айрықша симптомдары (жүрек аймағының ауырсынуы, ентігу, жөтел, жүрек қағуы), басқа физикалық зақымдалулар, күшті стресс факторларымен анықталады, ол науқастардың жайсыз физикалық жағдайын тудырып, басқа аурулардың ағымын ауырлатуы мүмкін. Психикалық эмоционалдық стресс және физикалық жүктеме ЖҚЖ ауруларында ұзақ патогендік рөл ойнайтыны белгілі, сондықтан бөлімде жағымды психологиялық климат қалыптастыру, науқастың тыныш жағдайын қалыптастыру, олардың тез сауығуында негіз болып табылады.

Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.


Мейірбикелік үрдіс 5 басқыштан тұрады:

  1. Мейірбикелік зерттеу (әңгімелесу, сенімді байланыс орнату, негізгі шағымдары, объективті симптомдар)

  2. Басты мәселені белгілеу (мейірбикелік диагноз);

  3. Мейірбикелік қатысу жоспары;

  4. Жоспарды жүзеге асыру;

  5. Мейірбикелік жұмыстың өнімділігінің жалпы бағасы.

Жүрек қан тамыр жүйесі мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.
ЖҚЖ ауруларының диагностикасы мен дұрыс емдеу стратегиясын таңдау дәрігер барлық уақытта байқай алмайтын, науқаста әрдайым көріне бермейтін белгілі симптомдардың анықталуына байлаысты. Мұндай жағдайда мейірбикенің рөлі көрнекті жоғарылайды. Бұдан сырт ол науқасты зерттеуге қалай дайындау керектігін білу керек.
Мейірбике науқасты әртүрлі зерттеуге дайындауға тікелей қатысады. Мейірбикенің міндетіне медициналық құжаттарды толтыру, науқасты зерттеу жасау орнына апарулар кіреді.
ЖҚЖ ауруларымен ауыраты науқастарда келесі мәселелер болуы мүмкін:

    1. орынды тамақтану қағидасын білмеушілік.

    2. үйлесімді тамақтану қағидасын білмеушілік.

    3. диеталық тамақтану қағидасын білмеушілік.

    4. өздігінен тамақ немесе сұйықтық қабылдай алмаушылық

    5. нәжіс немесе зәрді ұстай алмай қалудан қорқушылық

    6. зәр және нәжіс жинау аспабын қолдануға байланысты ыңғайсыздық

    7. ойылу даму мүмкіндігі

Мейірбикелер өз жұмысын науқасты зерттеп, ЖҚЖ ауруларының симптомдарын анықтап, мейірбикелік диагноз қоюдан бастайды.


Мейірбикелердің диагностикалық үрдіске қатысуы олардың ЖҚЖ ауруларының негізгі диагностикалық әдістеріне байланысты білімінен пайда болады және дәрігердің көмекшісі ретінде жеке диагностикалық тапсырманы орындай білу керек.


ЖҚЖ ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдары


ЖҚЖ мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.


Жүрек аймағының ауырсыну синдромы.



    • орналасуы: төс сүйегінің артында;

    • пайда болу себебі: физикалық жүктеме, немесе стресс;

    • ұзақтығы: стенокардияда бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін созылады, ал МИ ұзаққа созылады;

    • сипаты: шаншып, күйдіріп, басып ауырады;

    • таралуы: сол жақ иыққа, мойынға кейде ішке таралдаы. Қолқа қабаты жыртылғанда қолқаны бойлап кеуде омыртқасына таралады;

    • баылуы: стенокардияда нитроглицерин бергеннен кейін немесе дем алғаннан кейін басылады, ал МИ тек ауру басатын дәрілерден кейін басылады.

Ентігу ауа жетіспеу сезімі, жүрек қызметі жетіспеушілігі кезінде, кіші қан айналым шеңберінде веналық іркілудің әсерінен пайда болады. Ентігудің анықталуына байланысты қан айналымы жеткіліксіздігі дәрежесін тұрақтандыруға болады.


Жөтел кіші қан айналым шеңберінде веналық қан іркілу болғанда пайда болады, көбіне құрғақ жөтел болады, кейде қанды қақырық кездеседі.


Жүрек қағу Жүрек жирылуының күшеюі мен тездеуі. Жүйке аппаратының қозуының әсерінен пайда болады. Жүрек қағуы жүрек бұлшық етінің зақымдалуаның белгісі.


Бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу. Артериялық қан қысымы жоғарылаған науқастарда, миған оттегі жетіспеудің себебінен туындайды.


Объективті зерттеу.


II кезең: Мейірбикелік диагнозын белгілеу.


Қазіргі физиологиялық диагноздан басқа қашанда потенцияльды диагнозы болу керек: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек тұсының шаншуы – стенокардия, МИ; ентігу – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің көрінісі.
Физиологиялық диагноздан басқа мейірбике науқаста рухани-психологиялық және қоғамдық мәселелердің бар жоқтығын анықтау керек (жолдастарының мәселесі) бейімделу мәселесі, аурумен байланысы (жүрек тұсы ауырсынуында – қорқыныш, қайталай дертінің қозуын тудыруы мүмкін), жұмысқа қабілеті төмендеумен, өлімнен қорқу …
Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек:

      • жүрек аймағының ауырсынуы

      • ентігу

      • жөтел

      • жүрек қағу

      • бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу.

Бұдан сырт рухани, психологиялық, қоғамдық мәселелерін анықтау керек.
Науқастың барлық мәселелерінің арасынан мейірбике науқаспен келісе отырып, алғашқы күтім жоспарын таңдауы керек.

III кезең – мейірбикелік қатысуды жоспарлау.


Мысалы. Алғашқы анықталған мәселе (диагноз) – стенокардияға байланысты науқас жүрек аймағының ауырсынуын бастан кешіреді. Мейірбике қысқамерзімді мақсат қояды: 15-20 минут ішінде науқастың жағдайын жеңілдету, жайлы жағдай жасау, тыныштықты қамтамасыз ету, нитроглицерин беру.
Ұзақмерзімдік мақсаты: Науқасты тұзы, майы шектелген диетаға отырғызу.

IV кезең – мейірбикелік қатысу жоспарын іске асыру.


Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек. (слайд 4,5,6).
Ойық жара ауруының мейірбикелік қатысуы төмендегідей болуы мүмкін:

  1. 5-6 рет тамақтану, сәйкесті диета тағайындау (1а, 1, жеке);

  2. Белгіленген тамақтану тәртібін қатаң сақтау. Физиологиялық қызметін бақылау;

  3. Дәрігердің тағайындауы бойынша ауру басатын дәріні дайындау;

  4. Науқасқа психотерапевтикалық қолдау көрсету;

  5. Туысқандарымен қарым-қатынас орнатыпн оларды науқасты күтімдеуге қатыстыру;

  6. Науқасқа өзін бақылау дағдысын үйрету.

V кезең – мейірбикелік қатысудың өнімділігін бағалау.


ЖҚЖ мүшелерінің ауруларында: жүрек аймағының ауырсыну сезімінің, ентігудің басылуы, белгілі физикалық жүктемеге төзе алатындай болу. т.д. Мейірбике ЖҚЖ ауруларының асқынуы, диеталық сұрақтар туралы науқастармен сұхбаттасу.


Көрсетпелі құралдар: слайдтар:



    1. ЖҚЖ ауруларының негізгі синдромдары (слайд 1-3)

    2. ЖҚЖ патологиясы бар науқастарды зерттеу схемасы.

    3. Жүрек аймағы ауырсынуы кезіндегі мейірбикелік қатысудың жоспары.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. АІЖ мүшелері ауруларының негізгі симптомдарын көрстеіңіз.

  2. Асқазан ауруларында қайсы симптом мейірбикелік диагнозды қоюға көмектеседі.

  3. Бауыр циррозының негізгі синдромдарын көрсетіңіз.

  4. Асқазаннан қан кетекенде қатысу жоспарын мөлшермен көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет