Тақырыбы: Мамандық таңдау маңызды іс



бет1/5
Дата15.03.2024
өлшемі86.58 Kb.
#495653
  1   2   3   4   5
Қоскөл ЖОББМ.Мамандық.

Тақырыбы: Мамандық таңдау маңызды іс

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін

мейірімді абзал жандар.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Сондықтан мен Жарасов Нұрдәулет Қоскөл ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы осы мамандықты таңдадым.

Мамандықтың шығу тарихы

Мұғалім немесе оқытушы — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі. Оқыту мен мұғалімдер адамзатқа ерте заманнан таныс болғанымен, тек жаңа заманда ғана мұғалімдік ең таралған мамандық бола бастады.

Жүз жыл бұрын ғана халықтың көпшілігі, тіпті еуропалық отбасылар да білім беру мәселесін халықтық және отбасылық педагогика тәсілдерімен шешуге мәжбүр болды. Бұл әдістің өзіндік жақсы және жаман жақтары болды. Ал білім беруге арнайы адам жалдауға адамдардың тек аз бөлігінің (патшалар, ақсүйектер) қолы жетті немесе тек арнайы мамандықтарға қажеттілік мөлшеріне байланысты іске асырылды (мыс.: әскери дайындық, мамандыққа үйрету).

Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы

  • Педагог (грекше тәрбиеші) – дәріс беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс — әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс — әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан — жақты білімді, табанды еңбектің талап етеді деген мағынада түсінген жөн.
  • Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет