Тақырыбы: Мұнай кен орындарын игеру жүйелері мен технологиялары



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#487224
  1   2   3
Презентация - қосымша үшін 2 курс

Тақырыбы: Мұнай кен орындарын игеру жүйелері мен технологиялары  

Алматова Баян Ғазизқызы

Техника ғылымдарының кандидаты

Дәріскер


Дәріс № 1
  • Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия процестері мен аппараттарының жіктелуі. Игеру жүйелерінің маңызы мен міндеттері

Дәріс тезисі

Дәріс тезисі

Мұнай мен газ адмазат қоғамының энергия көздерінің бастысына айналды әрі ең маңызды химиялық бөлшек болып табылады. Мемлекетті газ-мұнай шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді. Мұнай-газ өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұндай өнімдер жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы ең соңғы үлгілермен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі өзара технологиялық процесстерді жүзеге асыра алатындай жағдайда. Оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жүрген саны, күрделілігі, әртүрлілігі жағынан машиналар мен жабдықтар қазіргі өнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Толассыз даму үстіндегі мұнай-газ өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саны жаңа мұнай-газ өндірісінің жаңа саласының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Пән мұнай-газ өндірудің әртүрлі тәсілдерінде, жөндеу жұмыстарында, мұнай мен газды тасымалдауда, газ бен мұнайға арналған құбырларды, осымен қатар осы салаларда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды зерттейді. Мұнай және газ көздерін өңдеу тек қана жер қыртысының өнімді беткейлерін бұрғылайтын ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырылады. 

Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланылады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX ғасырдың аяғы

 

ғасырдың басынан басталған. 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге енгізілді. Республикадағы мұнай өндіру өнеркәсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркәсіп объектілері және жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шыға-ратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми зертхана құрылды. Ұзындығы 847 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры мен Қандыағаш-Гурьев темір жолы іске қосылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет