Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет4/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит

Vжұп – ушкіл нерв. Беттің жарты бөлігі ауырсынады немесе парестезия құбылысы пайда болады, көз қуысы, жоғарғы және төменгі жақ тістері сыздайды.
Сезімділік деңгейін зерттеу тәсілдері: нервтің бетке шығатын нүктелерін қабақ пен көз асты, иек астынан басып көру. Ауырсынуға және ыстық-суықты сезінуге байланысты реакцияны зерттеу шеткі және сегмент аймақтарына әсер ету арқылы тексеріледі. Сыртқы нерв аймақтарында түйсіну және батыру сезімділігі тексеріледі.
Нервтің қозғалу қызметі. Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады.
VII жұп – бет нерві. Мұндай жағдайда бет қисаяды, табиғи қатпарлар жазылады, көз аясы кеңіп, қабақ қозғалмай, көз жұмылмай қалады (''қоянның көзі'' тәрізді белгі).
VIII жұп – есту нерві. Сырқат адам нашар еститіндігін немесе мулде естімейтіндігін, құлағында шу барын, әр турлі дыбыстардың жаңғыруын, үнемі басы айналатындығына айтып, шағымданады.
Есту қабілетін тексеру. Әрбір құлақтың есту қабілеті 5-7 метр жердей сыбырлау арқылы жеке-жеке тексеріледі.
Есту қабілетінің нашарлауы (гипакузия) естімей қалу (анакузия) құлақтағы шуыл және әр турлі жағымсыз дыбыстар турінде білінеді.
IX және X – жұптар – тіл-жұтқыншақ пен кезбе нервтер. Сырқаттың даусы әлсіреп шығады (гипофония), үні шықпайды (афония), маңқаланып сөйлейді (назолалия). Жұтыну қиындайды (дисфагия) – шашалады, қақалады, тіпті тамақ өтпей қалады. Егер тіл-жұтқыншақ нерві зақымданған болса, тіл түбі дәмді сезбей қалады. Ал, кезбе нерв зақымданса, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей салданады.
XI жұп – қосымша нерв. Кеуде-омырау-бұғана бұлшық еттерін басып байқап көреді, трапеция тәрізді бұлшық етті де қарайды. Аталған бұлшық еттердің қызметін тексеру ушін басты екі жаққа, алға ию, екі жауырынды қысу,қолды жоғары көтеру, иықты қозғау қажет.
Қосымша нерв зақымданса, бас қарама –қарсы жаққа ауырсына бұрылады, иық төмендеп, қол жоғары көтеріле алмай қалады, жауырын сыртқа шығып кетеді. Бұлшық еттердің қимыл қабілеті әлсіреуі мойынды қисайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет