Бөлім:
|
8-тарау. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
Қалиақпарова Алуа Ақылбекқызы
|
Күні
|
09.02.2024
|
Сынып: 8 "В"
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§35. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
8.1.6.5. Бұлшықет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Бұлшықет құрылысы қызметін және олардың түрлерін байланыстарын сипаттайды.
Көпшілік оқушылар Бұлшықет сурет арқылы құрылысын байланыстарын және формаларының түрлерін ажыратып салыстыру.
Кейбір оқушылар: Қаңқа бұлшық ет құрамына кіретін әрбір құрылым және жасуша ішіндегі микроскопиялық құрылым рөлін бағалайды.
|
Бағалау критерийі
|
·Бұлшықет құрылысы қызметін және олардың түрлерін сипаттайды;
·Бұлшықет формаларын салыстырады;
·Бұлшықет қызметін тәжірибие практикада дәлелдейді және бұлшықет түрлерін негізгі белгілерін топтастырады
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика және терминология: Миоцит,шеңберлі бұлшықет, мимикалық бұлшықет,бұлшықет талшықтары,сіңір, бүгу және жазу –антогонист бұлшықет.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
2 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу -Психологиялық ахуал «Диолог» Екі көз не үшін керек?
Бар жақсылық көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек? Шетке шықсам туған жерге жету үшін.
|
Оқушылар мұғаліммен диалогты жалғастырады..
|
Оқушылар мұғаліммен диалогты жалғастырады.
Мұғалім сөзі: "Жарайсыңдар оқушылар"
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
2 минут
|
Үй тапсырмасы «Биологиялық диктант» әдісі. 1.Сүйектердің буынды беттері арасында ___ мен ____орналасады.
2. Буындарға жақын орналасқан ___. 3.Сүйек саны бойынша буындар __- және __болады.
4.Ең қарапайым буындар- ____ .
5._____буын қарама қарсы екі бағыттағы, бірақ бір жазықтағы қозғалыстағы қамтамасыз етеді.
6.___буындар ең қозғалмалы буындар болып саналады.
7._____деп аралығында саңылауы бар шеміршекті байланысты айтады.
|
Оқушылар сөйлемді жалғастырады.
|
Оқушылар сөйлемді жалғастырады. Мұғалім сөзі:
"Өте жақсы оқушылар, жарайсыңдар!"
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Мағынаны білу
7 минут
|
Сабақ аясына енгізу: Оқушыларға отырып-тұру жаттығуын жасату. Жаттығуды біз ненің көмегімен жасадық? Миға шабуыл: Видео көрместен бұрын оқушыларға бұлшық етке байланысты сұрақтар беріледі. Оқушылар сол сұраққа жауап береді.
Жұптық жұмыс. 1.Адам денесінде қанша бұлшықет бар деп есептеледі? 2.Қаңқа бұлшықеттері деп аталу себебі не?
3.Ең ұзын бұлшықет қай жерде орналасқан? Қалай аталады? 4.Адамның бас сүйегінде қандай бұлшықеттер орналасқан? 5.Бүгу мен жазуды жүзеге асыратын бұлшықеттер жайлы не білесіңдер? Видео-ролик көрсетіліп оқушылар өз жауаптарын тексереді. Аяғында дұрыс нұсқа тақтадан көрсетіледі..
|
Мағынаны білу үшін ой бөліседі, өз білгенін айтады;
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Белсенді қатысады.
Мұғалім "Жарайсыңдар, осы қалпыларыңнан таймаңдар" деп мақтау, мадақтау сөздер айтады.
|
Видеоролик
|
Ойын сабақ
2 минут
|
Сыныпты үш топқа бөлемін. Топқа бөлу: Бұлшық ет топтарының суреттері арқылы бөлу. «Бірыңғай салалы бұлшық ет» І топ
«Қаңқа бұлшық еті» ІІ топ
«Жүрек бұлшық еті» ІІІ топ
|
Оқушылар бұлшық ет топтарының суреттері арқылы топқа бөлінеді.
|
Мақсаты: оқушылардың белсенділігін, топта жұмысын анықтау.
|
|
Сабақтың ортасы мағынаны түсіну
5 минут
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. Тапсырманы дәптеріне жазады.
1. Суретке қарап бұлшық ет құрлысын сипаттаңдар;
2. Шандыр мен сіңір арасындағы байланысты анықтаңдар. Олардың қызметін сипаттаңдар.
3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттерді салыстыру.
4. Бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз ете ала ма? Мысалдар келтіріп, дәлелдеу.
|
Әр оқушы тапсырманы дәптеріне жазады.
|
|