Тақырыбы: Объектке бағытталған бағдарламалау тіліне шолу



Дата03.09.2022
өлшемі396.42 Kb.
#460179
түріПрограмма
ПВТ-337к 1саб


Тақырыбы: Объектке бағытталған бағдарламалау тіліне шолу
 
 
 
 
Объектіге - бағытталған бағдарламалау (орыс тілі Объектно-ориентированное программирование; ағыл. Object-orinted programming) — объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік - бағдарланған архитектурасы пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектілік - бағдарланған программалау негізгі 3 қасиетімен: инкапсуляцияларымен, мұрагерлігімен және полиморфизмімен сипатталады. Объект ұғымы дәстүрлі Паскаль, Си процедуралық - бейімделген программалау тілдеріне де енгізіледі.
Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері:
Объектіге-бағытталған бағдарламалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге - бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп – мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектілі - бағытталған бағдарлама деп – объектілері және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.
Объектілі - бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері
Полиморфизм;
Инкапсуляция;
Мұрагерлік.
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілері үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Инкапсуляция - бір объектілік типте мәліметтерді біріктіру.
Мұрагерлік - бір класстың мінездемелерін басқа класс арқылы қолдану мүмкіндігі.
Объектіге - бағытталған бағдарламалау тілі
Объектіге - бағытталған бағдарламалау тілі (ОБ-тіл) — объектіге бағытталған бағдарламалау принциптеріне негізделген тіл.
Объектіге бағытталған бағдарламалаудың концепциясының негізінде объект түсінігі жатыр. Объект ол өрістер (мәліметтер) мен әдістерді (объект орындайтын қимылдар) біріктіретін субстанция болып табылады.
Мысалға, адам объектісі аты, туған жері өрістерін және жеу, ұйықтау, жүгіру әдістерін иемденеді. Соған сәйкес бағдарламада біз осындай операторларды қолдана аламыз: Адам.Аты:="Ерлан"; және Адам.Жеу(Тамақ);
Ерекшеліктері
Қазіргі заманғы объектіге бағытталған бағдарламалау тілдерінде мына әдістер болады:
Мұрагерлер. Қосымша элементтерді (әдістерді) қосу арқылы жаңа объектілері классын жасау. Қазіргі таңда ОБ тілдері көптік мұрагерлерді қолдануға рұқсат береді, яғни бір класста бірнеше класстың мүмкіндіктерін біріктіреді.
Инкапсуляция. Бағдарламаның бір бөлігін басқа бөліктерге әсер етпей өзгертуді қамтамасыз ететін реализацияларды құпиялайды. Ол өз кезегінде бағдарламаның модификациясын және қолдауын әжептәуір жеңілдетеді.
Полиморфизм. Полиформизм кезінде әкелік класстың кейбір бөліктері (әдістері) белгілі бір балалық класстың спецификалық әрекетін орындайтын жаңа әдіспен ауыстырылады. Бұл жағдайда кластың интерфейсі өзгеріссіз қалады, бірақ бір атаулы әдістердің орындалуы мен параметрлері өзгешеленеді. Полиформизммен соңғы қосылулар тығыз байланыста болады.
Типизация. Компиляция кезінде көптеген қателерді жоюға мүмкіндік береді. Операциялар белгілі бір типтегі объектілермен ғана орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет