Бағдарламалау платформасының пайда болуында көрініс тапты. Осы жаңа бағдарламалау технологиясына



бет1/4
Дата07.09.2023
өлшемі174.08 Kb.
#476866
  1   2   3   4
1 лекция


Ақпараттық технологиялардың дамуы бағдарламалау тілдерінің жоғары сатыға көтерілуіне тікелей байланысты. Бағдарламалау тілдері, өз кезегінде – ақпараттық технологиялардың дамуында әзірлеушіге жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Осы үдерістер өзара байланысты және бір-бірін толықтырып отырады.
Жылдам қарқынмен ақпараттық технологиялардың дамуы, әсіресе, Интернет технологияларының, бағдарламалау технологиясында түбегейлі өзгерістерге деген қажеттілікті туындатты. Осы жағдай визуальді бағдарламалау ортасының орнына келген бағдарламалау платформасының пайда болуында көрініс тапты.
Осы жаңа бағдарламалау технологиясына алғашқы болып жаңа бағдарламаларды құруға және орындауға арналған .NET («дот-нет» деп айтылады) платформасы бар .NET Framework өнімін 2000 ж. құрған Microsoft корпорациясы кірісті.
Пәнге кіріспе
.NET платформасы бірнеше бағдарламалау тілдеріне арналған Visual Studio.NET әзірлеу ортасын ғана емес, сонымен қатар басқа да түрлі құралдарды өзіне қосады. Олар
- әр түрлі типтегі компьютерлерге бағдарламаларды көшіру мәселелерін және рұқсат етілмеген әрекеттерді болдырмау,
  • әр түрлі бағдарламалау тілдерінде деректер типтерінің үйлесімділік, яғни қауіпсіздік мәселелерін шешуге көмектеседі, т.б.

  • .NET платформасының құрылымы нақты бағдарламалау тіліне байланысты емес және ол Visual Studio.NET құру ортасының құрамына кіретін кез келген тілде қосымшаны құруға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, жобаның жеке бөліктері әр түрлі тілдерде жазылып, бір қосымшаға біріктірілуі мүмкін.
    .NET платформасы ашық типтегі құрылым болып табылады – түрлі жаңа тілдерді және бағдарламалау орталарын жеңіл қосуға болады. Мұндай мүмкіндіктер бағдарламалау технологияларының эволюциялық даму жолын іске асыруға көмектеседі.

Пәнге кіріспе
.NET платформасының құрылымы
.NET платформасының идеясы - кез келген тілде жазылатын қосымшаларды дайындауға және орындауға арналған бірыңғай жүйені жасау.
Қосымшаларды жазу үшін NET платформасына бірнеше бағдарламалау тілдеріне арналған, Visual Studio.NET деп аталатын құру ортасы қосылды. Оның ішінде қосымша жобасының кодын енгізіп, түзету жасауға арналған мәтіндік редактор және жобаны жөндеу мен іске қосу құралдары, анықтама жүйесі, т.б. элементтері бар.
Әр түрлі бағдарламалау тілдері бойынша деректер типтерінің үйлесімділігі үшін .NET платформасы бағдарламалау тілінің әрбіріне «Типтердің ортақ жүйесін» (Common Type System – CTS)компьютер жадысында деректерді сақтаудың бірыңғай түрін талап етеді.
Қосымшаларды түрлі типті компьютерлерге тасымалдауды қамтамасыз ету үшін .NET «Платформасында біріңғай аралық компиляция тілі» (Common Intermediate Language – CIL) қарастырылған. Оған платформаның кез келген тілінде жазылған қосымшалар түрлендіріледі.
Осы тілдің командалары нақты операциялық жүйеге, компьютер типіне, қосымша кодына тәуелді емес.
CIL тіліндегі бағдарлама өз бетімен орындалмайды, ол кез келген компьютерге, кез келген операциялық жүйеге орнатуға болатын, «Жалпытілді орындау ортасы» (Common Language Runtime,– CLR) деп аталатын жүйенің бақылауымен орындалады.
«Жалпытілді орындау ортасының» CIL тіліндегі кодты нақты бір процессордың машиналық командасына аударатын JIT компиляторы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет