1-оқушы
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.
2-оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.
3-оқушы
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4-оқушы
Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу,
қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна.
5-оқушы.
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6-оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды.
7-оқушы
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
8-оқушы
Қарылғашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй-ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9-оқушы
Қараторғай-өзі
кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
10-оқушы
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке
жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
11-оқушы
12-оқушы
Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
13-оқушы
Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не
деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
16-оқушы
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
17-оқушы
Құртты
іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18-оқушы
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген.