Ботагөз тасеменова



Дата14.07.2016
өлшемі21.34 Kb.
#198129
Ботагөз ТАСЕМЕНОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті.
Өнер ұжымдарының отауы
Петропавл қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған өнер ұжымдарының қызылжарлықтарды және облыс орталығының қонақтарын өнерлерімен тәнті етіп, мерекелік концерттердің көркін ашуды игі дәстүрге айналдырған. Өнер ұжымдарының тыныс-тіршілігін, олардың алдағы жоспарларын білмек ниетпен қалалық Мәдениет үйінде болдық.
Қалалық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Алма Банных аталмыш мекемеде орналасқан ұжымдармен таныстырып өтті. Басшының айтуынша, қалалық Мәдениет үйінің құрамында шығармашылық топтар жұмыс атқаруда. Мұндағы вокал және хор топтарының өзі оннан асса, драма, фольклор және би ұжымдары құрылған. Оларға 30 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатысу мүмкіндігіне ие.

-Жасөспірімдермен жастардың өнермен,шығармашылықпен айналысуы құптарлық іс. Себебі, өнерге' бір қадам жақындаған адам рухани бай болады. Өнермен үзеңгілес болған жылдардың ішінде жеткіншектер өмірде де, өнерде де біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Осы жетістіктердің жемісі білімді ұстаздардың арқасында жүзеге асып отырады. Бірақ Мәдениет үйінде қазіргі уақытта жоғары білікті мамандар жетіспеуде. Ол үшін жергілікті дарынды жастарды білгенімізді үйретіп, тәжірибемізбен бөлісу мақсатында мекемемізге тартуымыз керек,-деген басшы жастармен бірнеше бағытта жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.

Бүгінде қалалық Мәдениет үйіндегі 23 өнер ұжым бар. Олардың ішінде қала тұр-ғындарына, әсіресе, "Экспромт", "Забияки", "Арай" би ансамблдері. Қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры, "Мэлос", "Шестое чувство", "Арт-Думан К2", "Самғау", "Нәзік сезім", "МіхАгі" вокалды ансамблдері, т.б шығармашылық ұжымдары жақсы таныс.

Солардың ішінде қала жастарына ерекше танымалдыққа ие "МіхАгt" тобының көркем-дік жетекшісі Дидар Темірболатовпен әңгімелесудің сәті түсті. Бұл топ 2012 жылдың 15 қыркүйегінде құрылған. "МіхАгt ағылшын тілінен аударғанда "аралас өнер" деген ма-ғынаны білдіреді. Топ болса, өзінің атауына сай деуге толық негіз бар. Себебі, олар әр-түрлі бағыттағы және жанрдағы әндерді орындаумен танымал. Екі жылдын ішінде "МіхАгt тобы түрлі байқауларға қатысып, көптеген жетістіктерге жетті. Сонын ішінде "Жас Қанат", "Таңшолпан", "Майские звезды", "Роза ветров" сияқты республикалық байқаулардың лауреаттары, Гран-При иегерлері болған екен.



Үш әнші жігіттен құралған топтың репөртуары негізінен заман, махаббат тақыры-бындағы әндерден құралған. Ең бастысы, әнді нақышына келтіріп айту, дейді олар. Топ мүшелері музыкалық білімі бар жас дарындар. Топ құрамындағы Елдос Есләмов орындалатын өлеңдердің сөздерін өзі жазса, Иса Әлимұсаев әуен жазумен айналысады. Жас әншілер қалалық және облыстық іс-шараларға, қайырымдылық концерттерге белсенді қатысады. Қазіргі таңда "МіхАгt" тобы өздері әріптестік орнатқан "Рио" және "Трио Фахриденовых" топтарымен белсенді жұмыс жүргізуде.

// Қызылжар нұры. - 2014. - 6 маусым

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет