Тақырыбы: «Құстар –біздің досымыз!»
Мақсаты:
А)Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә)Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б)Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар –біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын.
Жүрісі:
1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу мақал мәтелдер айту)
3-бөлім Ертегілер елінде
4-бөлім «Артық болмас білгенің» ( Мақал-мәтелдер және халық болжамдары)
5-бөлім «Оқушы шығармашылығы
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтар мен амандасу.
Балалар көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жаққа ұшып кеткен құстар келіп жатыр. Енді мына кішкене құс арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.
Шеңбер бойында бір-бірлеріне тілек айтқызу.
Құрметті қонақтар, Ұстаздар,Қадірменді достар!Қош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! ).
Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт-береке күніме
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар –біздің досымыз» атты ашық тәрбие шарамызды тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат--шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Куанта бер көктем
Оқушылар:
Құстар-біздің досымыз
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар-біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.
2-жүргізуші
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды
Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.
1-оқушы
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.
-оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.
3-оқушы
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4-оқушы
Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна.
5-оқушы.
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6-оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды.
7-оқушы
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген
Қарылғашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй-ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9-оқушы
Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
Шұғыла:
Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен болам
Айсұлтан:
Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
Гүлназ:
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген.
Жаннұр:
2-бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес,құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
Ала шапан кигенi,
Сескенгiш болған соң.
Қыпылықтап жүргенi. (Сауысқан)
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi. (Шағала)
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей. (Тырна)
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап. (Қаз)
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы. (Бүркiт)
Мақал-мәтелдер:
Бекболсын:
Аққу қазсыз көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім
Ақ сұңқар құстың баласы,алдын қоймай жем-жемес.
Гүлназ:
Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер,
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
Аққу қанатымен
Адам досымен мықты.
Жаннұр:
Қыран құс шашып жейді,
Қара құс басып жейді.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы
Ер жігітке бәрінен туып өскен ел жақсы.
Досымжан:
Ақбаян:
Қарға баптанып,сұңқар болмас,
Есек мақтанып,тұлпар болмас.
Айшолпан:
Құс қанатымен ұшады,құйрығымен қонады.
Ит тамағы үшін ұшады,
Құс тамағы үшін ұшады.
Самғат:
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
Шұғыла:
Бала бүркіт барлап ұшар,
Балапан бүркіт шарлап ұшар.
Шұғыла:
Бал бүркіт барлап ұшар.
Балапан бүркіт шарлап ұшар.
Аққу құсқа оқ тисе,қанатын суға тидірмес,
Ер жігітке оқ тисе,қиналғанын білдірмес.
Жаннұр:
Бұлбұлға бау жақсы. Кекілікке тау жақсы,
Ер жігітке бәрінен туып өскен ел жақсы.
Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады
Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.
Ақ сұңқар туар ел үшін,
Ер жігіт туар жер үшін.
Аққу көлсіз –көл жетім,
Айтылмаған -сөз жетім.
Ойын: Құстар қалай дыбыстайды:
Сауысқан шырылдайды
Қарға
Тоқылдақ:
Тауық:
Бұлбұл:
Әтеш:
Шағала:
Көкек
Қаз:
Сауысқан
3-бөлім «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)
4-бөлім « Табиғат сырын құстар да біледі» (Халық болжамдары)
1-жүргізуші
Бекболсын
Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Қарғалар топталып қайтса,келер қыс қатты болады.
Гүлназ:
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жаннұр:
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Досымжан:
Күзде ұясын күн түсетін жерге салса,күн суық болады,
Көлеңке бетке салса,жылы болады.
Ақбаян:
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болды.
Айшолпан:
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
Самғат:
Қыста қаздар қаңқылдаса,күн жылы болады,аяқтарын бауырына тығып жатса,күн суытады,боран соғады.
Шұғыла:
Егер құстар көңілденіп сайраса,келер күн ашық болады,үндері тынса,күн күркірейді.
Айсұлтан:
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
5-бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6-бөлім Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |