ШЕШІМІ:
1.Балабақша педагогтеріне 202-2024 оқу жылына арналаған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны таныстырылсын.
5.ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібінде қаралатын бесінші мәселе бойынша балабақша әдіскері Нұрлы 2023-2024 оқу жылына арналған балабақшаның жылдық жоспарымен таныстырды.Онда негізгі 5 бөлімнің қаралатыны айтылды: 1)Салауатты өмір салтын ұйымдастыру: 2)Кадрлармен жұмыс, 3)Білім беру процесін ұйымдастыру, 4)Әлеуметпен жұмыс, 5)Басқару мен басшылық. Әр бөлімнің өзіне тиесілі тармақтары бар екені және сол бойынша жұмыс атқарылатыны айтылды.
Циклограмманы тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп жасайтынын айтты. Циклограммада ұйымдастырылған іс әрекеттер мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланатынын, циклограммада педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді кіріктіре отырып, шешу үшін, ұйымдастыратын түрлі балалар әрекетін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) айқындайтыны айтылды.
Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекеттер бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын немесе әрекет түрлері жазылып, Перспективалық жоспарда айқындалған әрбір ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша міндеттерге жету үшін бір күнге бірнеше міндеттер айқындалатыны айтылды. Осыған сәйкес балабақшада құрылған ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі мен күн тәртібін ұсынды.
ШЕШІМІ:
1.Балабақшаның 2023-2024 оқу жылына арналаған оқу мен тәрбие жоспары талқыланып, бекітілсін.
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективтік жоспары талданып, бекітілсін.
3.Балабақшаның күн тәртібі мен ұйымдастырылған оқу қызметтер кестесі бекітілсін.
6.ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібінде қаралатын алтыншы мәселе бойынша, балабақша меңгерушісі --- балабақшаның 2023-2024 оқу жылына арналған даму стратегиялық жоспарының құрылымымен таныстырды.Жоспардың мерзімімен, тақырыбымен, мақсатымен және күтілетін нәтижесімен танытырды. Жоспардың барысы тәрбиеленушілердіңауызекібайланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен,салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздікнормаларды,мәдениетті қарым-қатынастыигертубағытында болатыны айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |