Сабақтың мазмұны Уақыты Кіріспе бөлімі 1 сабақ Модуль құрылысымен таныстыру



Дата17.06.2016
өлшемі178.5 Kb.
#143423
түріСабақ
Модуль № 2 « Жүйке жүйесі » тарауы бойынша



Модуль құрылымы

Сағат саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

1 сабақ

1.Модуль құрылысымен таныстыру

2.Тақырыпты тірек сызбамен түсіндіру

3. Оқулық, дәптерімен жұмыс
4. Қорыту. Үйге тапсырма


5 мин
20 мин
15 мин
5 мин

Сөйлесу бөлімі

2 сабақ

Тақырыпты менгерту бойынша :

Оқулықпен жұмыс



  1. « Мұғалім – оқушы » рольдік ойын

  2. Қорытынды

40 мин
5 мин



3 сабақ

Тақырыпты дамыту

« Жұлдызды сағат » ойыны



45 мин

4 сабақ

Тақырыпты пысықтау, бекіту. Не? Қайда? Қашан?

45 мин

Қорытынды бөлім

5 сабақ

Конференция сабақ

Қорытынды



40 мин

5 мин


6 сабақ

Тест

Сынақ


15 мин

30 мин

Білімділік мақсаты: Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысы,қызметі, адам өміріндегі маңызы мен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіп шығармашылықтан дамыта білуге баулу. Сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Трек – сызбалар, плакаттағы суреттер, мидың құрылысы, жұлынның құрылысы, адамның тізе рефлексі т.б.


Пайдаланылған қосымша әдебиеттер:



  1. “Модульдік оқыту технологиясы” М.М. Жанпейісова 2002 жыл

  2. “ Адам анатомиясы” А. Рақышев 1994 жыл

  3. “ Денсаулық журналы”

  4. “ Биология анықтамалық көмекші құрал” Қ. Қайым 2006 жыл

  5. “ Анатомия человека ” атлас Ю.В. Бояновия, Н.П. Балакирев 2006 жыл

  6. “ Оқушы анықтамасы ” М.Қ. Смағұлова 2005жыл

  7. “ Жануарлар физиологиясы ” Фак. Курс Хрипкова А.Т.


Оқушы нені білу керек


  • Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

  • Жұлынның құрылысы және қызметі

  • Ми бөліктері және олардығ атқаратын қызметтері

  • Мидың аурулары мен оларды болдырмау шаралары

  • Шетті жүйке жүйесінің бөлімдері

  • Алкогольдің ағзаға тигізетін кері әсері



Оқушы дағдылануы керек


  • Жүйке жүйесінің құрылысын таблицадан көрсете білуге

  • Жұлынның құрылысын суреттеп, білуге

  • Рефлекстік қызмет. Тізе рефлексін байқай білуге

  • Жүйке жүйесі гигиенасын сақтай білуі қажет



Негізгі терминдер мен түсініктер
Соматикалық жүйке, шеткі жүйке, нейрон, аксон, дендрит, жұлын, рефлекс, өткізгіштік қызмет, ми,үлкен ми сыңарлары, аралық ми, сопақша ми, ортаңғы ми, ми қыртысы, ликвор, ми аурулары, симпатикалық, парасимпатикалық.

Оқушыға берілген шығармашылық жұмыс тақырыптары :



  • Жүйке жүйесінің адам өміріндегі маңызы

  • Алкоголбдің адам ағзасына әсері

  • Адам миының, жануарлардан ерекшелігі

  • Ми аурулары және оларды болдырмау шаралары


I Кіріспе бөлімі

1 – сабақ § 6 § 7 §8 §9

2. Тақырыпты тірек сызбамен түсіндіру




  1. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі


Жүйке жүйесінің бөлімдері

Орталық бөлім Шеткі бөлім



Ми Жұлын Симпатикалық Парасимпатикалық

Жүйке жүйесі

Соматикалық Автономиялық

( грекше сома – дене ( грекше өзін - өзі реттеу)

жеке өсімді)

Жүйке жүйесінің құрылысы

Жүйке жасушасы



Нейрон



Аксон Дендрит

( ұзын өсіндісі) ( қысқы өсіндісі)

Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан диаметрі 1 см

Жұлынның құрылысы

Жұлынның өзегі

( сұйықтыққа толы)

Ақ зат Сұр зат


Алдыңғы түбір Артқы түбір

Бүйір түбір
Қимыл нейронының аксондары Сезім нейрон аксондары


Омыртқа аралықта жүйке түзеді


Жұлынның қызметі

Рефлекстік Өткізгіштік

Ми бөліктерінің құрылысы мен қызметі

Ми бөліктері


Мишық

Үлкен ми сыңарлары

Ортаңғы ми


Аралық ми


Сопақша ми

Ми – бассүйек қуысында орналасқан

Салмағы – 1300 – 1400 гр

Адамның миы 20 жасқа дейін өседі

Лекция тезистері

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығы қамтамасыз етеді. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі орталық және шетке бөлімдерден тұрады. Орталық ми мен жұлыннан. Бүкіл жүйке жүйесі соматикалық ( грекше “ сама”- дене ) және автономиялық болып 2 – ге бөлінеді. Соматикалық дене негізінен денені сыртқы ортамен байланыстырады. Соматикалық жүйке қоздырғыш әрекеттерді сезіп, қаңқа бұлшықеттерінің қызметтерін, ал шеткі жүйке жүйесі зат алмасу мен ағзаның ішкі мүшелерінің қызметін реттейді. Жүйке жасушасы “Нейрон” деп аталады. Нейронның құрылысы күрделі. Нейрон дене мен өсінділерден тұрады. Ұзын өсінді – аксон, қысқа өсінділері – дендриттер деп аталады.

Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Оның диаметрі – 1 см. Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлге ( борозда ) жатады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Ми – бассүйек қуысында орналасқан. Орташа салмағы 1300 – 1400 гр. Адам миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады.
Миды 3 қабатты қабықша қаптайды.

Олар : 1. Қатты қабықша

2. Торлы қабықш

3. Қантамырлы қабықша

Адамның үлкен ми сыңарлары күшті дамыған.Ол оң және сол жақ бөліктерден тұрады.Бұл екі бөлік бір-бірімен нейронның ұзын өсіндісі арқылы жалғасады.Ми сыңарларының беті сұр заттан немесе ми қыртысынан түзілген.Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады,оның жалпы көлемі-2000-2500см3,қалыңдығы-2,5-3мм.Ол 14 млрд. жүйке жасушаларынан құралған.

Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер бездердің, қантамырларының жұмысын және зат алмасуды реттейтін бөлімі шеткі жүйке жүйесі деп аталады.Тәнтанымдық ерекшеліктері мен атқаратын қызметіне қарай шеткі жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп екіге бөлінеді.Бұл екі жүйке ішкі мүшелерді торлайды.Олар қозуды орталық жүйке жүйесі мен мүшелерге жеткізеді.



II Сөйлесу бөлімі

2-сабақ “ Мұғалім – оқушы ” рольдік ойыны.
Ойынның мақсаты:

Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ойлауға, қосымша материалдарды іздестіруге және оларды пайдалана білуге дағдыландыру.


Ойынның жабдығы:

Түрлі түсті жетондар,тапсырмалары бар парақтар, бағалау парағы.

Ойынның шарты:

Сынып 2 оқушыдан жұптасып, жұптық жұмыс түрі жүргізіледі.

1. Әрбір оқушы тапсырма алады. Тақырып бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис – конспект немесе жоспар – конспект жасау . Жұптардың әр мүшесіне :

1 – жұп “ Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі ” ( I - нұсқа)

2 – жұп “ Мидың құрылысы мен қызметі (II – нұсқа) тапсырма беріледі”

Дайындалуға 10 – 15 минут беріледі.

2. Дайындалған соң оқушы ( I - нұсқа ) конспектісін пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, яғни “ мұғалім ” рөлінде болады. Ал “ оқушы ” (II – нұсқа) оны тыңдайды.

3. Енді рөлдермен ауысады.

4. Тапсырмалары бар парақтар таратылады немесе тапсырма тақтаға жазылады. Оқушылар (I – ші және II – нұсқалар) тыңдаған материалы бойынша тапсырма орындайды.

1. Бірін – бірі тексереді

2. Тапсырма тексерілгеннен кейін, “ оқушы ” мен “ мұғалімге ” түрлі – түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты қорытындылау: Жұптарға баға жетондар түсіне қарай қойылады.
Қызыл – “ 5 ”

Көк - “ 4 ”

Сары - “ 3 ”

3-сабақ. Тақырыпты дамыту мақсатында:

Жұлдызды сағат ойыны ”

Ойынның мақсаты : Оқушыларды өз бетінше ізденіп шығармашылықтан дамыта білуге, өз ойын ашық жеткізе білуге шапшандыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның жабдығы: Шарлар, жұлдызша – фишкалар, тапсырмалар жазылған қағаздар, бағалау парағы, әріптер жазылған қатырма қағаз.

Ойынның шарты: Сынып 2 топқа бөлінген

1 – топ “ Аксон ” тобы

2 – топ “ Дендрит ” тобы

Әр топтың топ жетекшісі сайланған. Мұғалім: “ Жұлдызды сағат ” – сын сабақ ,

Жұмбақты шешіп, ойна күл.

Білімдіден мол талап,

Күтіледі, оны біл!

Ал, ойыннан қалмайық,

Жұлдыссыз мүлде болмайық .

Қазір ойын шартымен таныс болыңыздар. Ойын 7 бөлімнен тұрады.(тақтаға плакатқа жазылып ілінген)



  1. Таныстыру бөлімі. Әр топ өздерін таныстырады.( аты,ұраны, эмбелма)

  2. Кім тапқыр” бөлімі. Топ жетекшілері қалташадан шар алып, сол шардың номірімен сәйкес келетін сұраққа жауап береді.

  3. Мақал-мәтел. Топтар “денсаулық”ішімдік, темекі зияны туралы мақал мәтелдер айтады”.

  4. Кім жүйрік. Қатырма қағаздағы әріптерден термин сөздер құрастыру

  5. Сен маған, мен саған. Екі топ өзара сұрақтар алмасады.

  6. Бәйге Ал қанеки кім жүйрік

  7. Егер де, мен .... ( шешендік бөлім)

Мұғалім: Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық .

Қандай сұрақ болса да ,

Шешпей оны қоймайық .

Жұлдыссыз мүлде болмайық – дей отырып, ойынымызды бастаймыз.


  1. Таныстыру бөлімі. Әр топ өз аттарын, ұранын айтады.

1-топ “Аксон” тобы. Ұраны : “Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез ”

2-топ “Дендрит” тобы. Ұраны: “ Білімнен асар байлық жоқ ”




  1. “Кім тапқыр бөлімінің тапсырмалары”. Әр топтың топ жетекшісі қалташадан шар алып, сол шардың нөмірімен сәйкес келетін сұраққа жауап береді .

“Қалташадағы сұрақтар”




  1. Симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі қандай ?

  2. Жұлынның қызметі қандай ?

  3. Үлкен ми сыңарларының құрылысы, көлемі жіне ол қанша жүйке жасушасынан тұрады ?

  4. Мишықтың қызметі қандай ?

  5. Үлкен ми сыңарларының қандай негізгі аймақтары бар ?

  6. Жүйке жүйесінің маңызы қандай ?

Жауаптары:



  1. Симпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу мүшенің жұмысын жылдамдатады.

Мысалы, симпатикалық жүйкеден келген қозудың нәтижесінде жүректің жұмысы жылдамдайды, қан тез ағады.

2. Жұлын, негізінен, рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады. Жұлын қозуды өзімен жоғары және төмен қарай өткізіп отырады.

Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілі, яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге алады.

Мысалы: Тізе рефлексінің орталығы – жұлынның бел бөлігінде орналасқан.



  1. Үлкен ми сыңарларының беті сұр затпен немесе ми қыртысымен жабылған. Сұр заттың астында ақ зат бар. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады., оның жалпы көлемі – 2000 – 2500 см3, қалыңдығы – 2,5 – 3 мм. Ол 14 млрд жүйке клеткасынан құралады.

  2. Мишық сопақша мидың үстіңгі жағына орналасқан. Мишық жүйке талшықтарынан құралған өзінің үш жұп аяғымен мидың басқа бөлімдерімен тығыз байланыс жасайды. Мишықтың негізі атқаратын қызметі – адамның қимыл - әрекетін реттеу.

  3. Үлкен ми сыңарлары қыртысында мындай негізгі аймақтар бар: сезгіш, қимыл, қарау, есту, дәм, иіс сезі.

Мысалы: Қимыл аймағы маңдайдағы орталық жүлгелік алдыңғы орталық иірімінде жатады.

6. Жүйке жүйесі мүшелер жұмысын үйлесімді реттеп отырады және организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.


3 “Мақал-мәтел ” бөлімі . Тапсырма: Әр топқа денсаулық, ішімдіктің зияны жайлы мақал-мәтел айтудан сайысқа түседі . Мысалы: “Денсаулық – зор байлық”.

4.“Кім жүйрік”. Мұнда ортаға әріптер жазылған қатырма әкелінеді . Сол бойынша оқушылар “Жүйке жүйесі” тарауында кездесетін термин сөздер құрастырып жазу керек .

( Р,А,Ж,О,М,И,К,Е,Д,Т,С,Ы,П,Л,Ү,Қ)




  1. жүйке 4. аксон 7. мишық 10.парасимпатикалық

  2. ми 5. нейрон 8. аралық ми 11. сопақша ми

  3. дендрит 6. соматика 9.симпатикалық

5. “Сен маған, мен саған” бөлімі. Екі топ бірін-біріне қарама-қарсы сұрақтар қояды.


6. “Бәйге” бөлімі.

Сұрақтары:




  1. Жүке жасушасы қалай аталады ? (нейрон)

  2. Жүйке жүйесі бөлімдері (орталық және шеткі)

  3. Жұлын қайда орналасқан ? (омыртқа жотасының өзегінде)

  4. Қондырмалы нейрондар қайда орналасқан ? (артқы түбірде)

  5. Жұлынның ақ заты қандай қызмет атқарады ? (өткізгіштік)

  6. Ми қайда орналасқан ? (бассүйек қуысында)

  7. Нейронның ұзын өсіндісі ? (аксон)

  8. Сопақша ми немен жалғасқан ?

  9. Ми сыңарларының жалпы көлемі ? (2000-2500 см3)

  10. Жүйке жасушасының қысқа

  11. Шеткі жүйке жүйесінің бөлімдері ? (симпатикалық, парасимпатикалық)

  12. Қан құрамындағы шарап спирті ? (алкоголь)

  13. Аралық мида неше жұп ядро болады ? (32 жұп)

  14. Мидың орташа салмағы ? (1300-1400гр)


  1. “Егер де мен....” шешендік бөлімі.

Алкогольдің жүйке жұйесіне әсері .Проблемалық сұрақ туындата отырып, оқушының ойлау, дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін анықтау.

Тапсырма: ( Мәтінді қоып шығып өз ойынды жалғастыр )

Мейрамбек пен Тоқтар сыныптас достар еді . Бір күні мектептегі би кешінен кейін Тоқтар досы Мейрамбекке ішімдік ұсынады. Мейрамбек досының ішімдікке әуес екенін енді біліп тұр. Ол бұл жайында мектеп директорына немесе сынып жетекшісіне хабарласа ол досын сатқаны, ал айтпаса немесе ол ұсынған ішімдіктен ауыз тисе ол өзін де, досын да сатқаны. Егер сен Мейрамбектің орнында болсаң не істер едің ......?

Ойынды қоратындылау: Жарыс біткен соң, қай ойыншы және қай топ көп ұпай жинағаны анықталып, оқушылар бағаланады.


4-сабақ. Тақырыпты пысықтау, бекіту.

Не ? Қайда ? Қашан ? ” жарыс ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушының сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдармен жұмыс жасай білуге дағдыларндыру.

Ойынның жабдығы: Сұрақтар салынған конверттер, зырылдақ, фишкалар

Ойынның жүру барысы: Cынып 3 топқа бөлінген.

1-топ “Зерделілер”

2-топ “Тапқырлар”

3-топ “Алғырлар”

Мұғалім: Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап, жасырмаған

Кел бәріміз ғылымның тілін зерттеп,

Бір жұмбағын ашайық, ашылмаған.

Ойынның шарты:

1. Әр команда ойын үстеліне мұғалімнің шақыруымен отырады. Қойылған сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

2. Сұрақ қойылған соң, команда капитаны сұраққа кім жауап беретінін айтады.

3. Жауап беріп жатқан оқушыға команда мүшелерінен ешкім қосарласып, килікпеуі керек.

4. Ойын үстелі 15 бөлікке бөлінеді. әрбір бөлікте бір – бірден конверт жатады. әр бөлікте бір бағытта салынған бағдарша болады, сол бағытта зырылдақ айналады. Зырылдақ бағдаршасы бос торкөзді көрсетсе, бағдарша бағытымен барып бірінші конверт алынады.

5. Ойын үстеліндегі команда сұраққа жауап бермесе, ол сұрақ басқа оқушылардан сұралады.

6. « Блиц – турнир » сұрақтарының ерекшелігі – ойнаушы команда 1 минут ішінде оңай 2 сұраққа жауап беруі қажет. 2 сұраққа толық жауап берілсе ғана ұпай есептеледі.

7. Әрбір сұраққа жауап берілгеннен кейін, ойнаушылар өздері зырылдақты айналдырып, оның бағдаршасы қай конвертке бағытталса, команда капитаны сол конверттің нөмірін айтып, оны үстел үстінен алады да, мұғалімге береді. Мұғалім сұрақты оқып уақытты белгілейді.

8. Дұрыс жауап берген команда 1 ұпай алады. Ол тақтада көрсетіледі. Ойын соңында көп ұпай жина,ан команда жеңімпаз атанып, арнаулы сыйлық алады.

9. Егер қойылған сұраққа ойлануға 1 минут уақыт алмай, « жауап дайын » деп ойнаушылар бірден жауап берсе, онда сол уақыттарын олар келесі кез келген сұраққа жауап беру кезінде қосымша алуға ерікті.


1-тур сұрақтары:

1.Жүйке жүйесінің қызметі ?

2.Жүйке жүйесінің бөлімдерін ата ?

3.Мидың құрылысы ?

4.Үлкен ми сыңарлары неден тұрады ?

5.Жүйке жүйесінің құрылысы ?

6.Жұлынның құрылысы және қызметі ?

7.Ми бөліктерінің құрылысы ?

8.Сопақша мидың қызметі ?

9.Шеткі жүйке жүйесінің бөлімдерін ата ?

10.Аралық мидың қызметі ?

11.Алкоголь дегеніміз не және оның жүйке жүйесіне әсері ?

12.Шеткі жүйке жүйесінің маңызы ?

13.Үлкен ми сыңарлары қыртысының қандай негізгі аймақтары бар ?

14.Мидың қай бөлігі артқы ми деп аталады ?

15.Рефлекс деген не ?

2-тур “Блиц турнир” сұрақтары:

1.Аксон дегеніміз не ?

2.Қимыл әрекеті неге байланысты ?

3.Жүйке жүйесінің бөлімдері ішкі мүшелердің қызметіне қалай әсер етеді ?

4.Нейрон дегеніміз не ?

5.Жұлынның алдыңғы түбірі қандай қызмет атқарады ?

6.Мидың салмағы және ол адамда неше жасқа дейін өседі ?

7.Жұлын қайда орналасқан ?

8.Жұлынның ақ және сұр затын суреттеп көрсет ?

9.Жүлге деген не ?

10.Ми сыңарларының жалпы көлемі ?

11.Дендриттер деген не ?

12.Мидың қандай аурулары болады ?

13.Алкогльден адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті қалай өзгереді ?

14.Рецепторлар қандай қызмет атқарады ?

15.Мидың торлы қабықшасының қабынуы ?

16.Әрбір ми сыңары жүйке арқылы неше бөлікке бөлінеді және атап шық

17.Көру аймағы ми сыңарының қай бөлігінде орналасқан ?

18.Мидың 3 қабатын ата ?

19.Жұлында қандай орталықтар бар ?

20.Жұлын зақымданғанда қандай қызметтері жойылып кетеді ?


Жауап үлгілері.

1-тур жауаптары:

1.Жүйке жүйесі мүшелер жұмысын үйлесімді реттеп отырады. Организмнің біртұтастығын, сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

2.Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді: Орталық бөлім жұлын шеткі бөлім жүйкелер


ми жүйке түйіндері

3. Ми 5 бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары,аралық ми,ортаңғы ми,мишық, сопақша ми.

Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен бірін-бірімен тығыз байланысты. Мидың бөліктерінде өзара қатынасатын 4 қуыс бар. Оларды ми қарыншалары деп атайды.

4.Үлкен ми беті сұр затпен немесе ми қыртысымен қапталған. Сұ заттың астында ақ зат бар.

5. Жүйке жүйесі жүйке ұлпаларынан құрылған.

Ал жүйке ұлпасы жүйке клеткаларынан ұсақ серіктес клеткалардан тұрады.

Серіктес клеткалар нейроглия деп аталады.

6. Жұлын жоғары жағы бас сүйектің желке тесігі арқылы сопақша мимен жағасады. Төменгі жағы конус сияқты тарылады. Жұлынның алдыңғы және артқы бетінде жоғары қарай созылған терең жүлге жатады. Жұлынның ортасынан жіңішке өзек өтеді. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасқан.

Жұлынның қызметі өткізгіштік

Рефлекстік.

7.Адамның ми сыңарлары күшті дамыған. Ол оң жақ және сол жақ бөліктерден тұрады.Бұл екі бөлік бір-бірімен нейронның ұзын өсінділері арқылы жалғасады, нейрон өсінділері қозуды да өткізеді.

8.Шеткі жүйке жүйесінің бөлімдері: симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі болып бөлінеді.

9.Сопақша ми жұлынмен жалғасады.Оның сұр затында адамның тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. Олар жүрек жұмысын,тыныс алуды, жұтынуды т.б. мүшелердің қызметін, сонымен бірге сілекей, қарын сөлі, ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттеп отырады.

10.Симпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу мүшенің жұмысын құрылымына және қызметіне жылдамдатады.

11. Мишықтың құрылымына және қызметіне алкоголь зиянды әсерін тигізеді.Ішкілікке салынған адамдардың мишығындағы жүйке уланып,оның дене қалпын тік ұстауға мүмкіндік бермейді.

12.Шеткі жүйке жүйесінің маңызы ішкі мүшелер мен бездердің,қан тамырларының жұмысын,зат алмасуды реттеп отырады.

13.Үлкен ми сыңарлары қыртысында мынадай негізгі аймақтар бар сезгіш,қимыл,көру,есту,дәм және иіс сезу.Қимыл аймағы маңдайдағы орталық жүлгенің алдыңғы орталық иірімінде жатады.Көру аймағы желке бқлігінде,есту-самай бөлігіндегіиірім үстінде,ал иіс және дәм сезу-самай бөлігінің алдында болады.

14.Артқы миға варолиев көпірі мен мишық жатады.

15. Рефлекс (латынша reflexus-қайтару, бейнелеу )- организмнің ішкі және сыртқы орта әсерлеріне орталық жүйке жүйесі арқылы қайтаратын жауабы.

Блиц-турнир жауаптары.


1.Аксон дегеніміз-нейронның ұзын өсіндісі.

2.Мишықтың қызметі адамның қимыл-әрекетін реттеу.

3.Сомалық жүйке жүйесі,негізінен организмді сыртқы ортамен байланыстырады.Сомалық жүйке қоздырғыш әрекеттерді сезіп,қаңқа бұлшықеттерінің қызметін,ал шеткі жүйке жүйесі зат алмасу мен организмнніңішкі мүшелерінің жұмысын реттейді.

4.Нейрон дегеніміз-жүйке жүйесінің клеткасы.

5.Жұлынның алдығғы түбірі дегеніміз-қимыл нейрондарының аксондары.

6.Мидың салмағы-1300-1400гр. Және адамның миы 20 жасқа дейін өседі.

7.Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

8.Жұлын өзегін қоршап тұрған сұр зат пішіні көбелекке ұқсас, ал оның ьсыртында ақ зат орналасқан.

9.Жұлынның алдыңғы және артқы бетінде жоғары қарай созылған терең жүлге (борозда) жатады.

10.Ми сыңарларының жалпы көлемі-2000-2500см қалыңдығы 2,5-3мм.

11.Дендриттер –нейронның қысқа өсінділері.

12.Бас айналу,бас сақинасы, мидың қабынуы (энцефалит), мидың торлы қабығының қабынуы арахнойдит

13.Алкоголь асқорыту мүшелерінен өте жылдам өтіп, қанмен мишыққа келіп,оның құрылымына және қызметіне зиянды әсерін тигізеді.

14.Рецепторлар аксонның мүшелерге келіп таралған ұшы.Жүйке ұлпасының қозуы оның талшықтарының сезгіш ұштары –рецепторларына әр түрлі әсерлер (температура,жарық,қысым,дыбыс,химиялық заттар)тигенде пайда болады.

15.Тұмау,сүзек, мерез және т.б жұқпалы аурулардың әсерінен, күшала мен сынаптан уланғанда,суық тигенде,мидың торлы қабықшасы ми ұлпаларына жабысып, бас сүйектің қуысындағы қысым күшейеді.

16. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар маңдай, төбе, самай және желке.

17. Көру аймағы ми сыңарының желке бөлігінде орналасқан.

18. Ми үш қабатты қабықшамен қапталған,олар қатты,торлы және қан тмырлы қабықшалар

19. Тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде,зәр шығару орталығы-жұлынныңсегізкөз бөлігінде,көз қара шығының орталығы жұлынның жоғары кеуде сегментінде орналасқан.

20. Жұлын зақымданғанда -өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді.

Ойынды қорытындылау: Жұмыс біткен соң қай ойыншы және қай топ көп ұпай жинағаны анықталып, оқушылар бағаланады

III Қорытынды бөлім

5-сабақ «Пресс-конференция» сабағы

Сабақтың тақырыбы : Маскүнемдік пен алкаголизмге қарсы күрес –күн талабы.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік :

Оқушыларға алкогольдің адам ағзасына,соның ішінде жүйке жүйесіне тигізетін кері әсерлерін түсіндіру, оқыту.

Дамытушылық :

Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге,ізденпаздыққа,белсенділікке,жауапкершілікті сезіне білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Болашақ салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі

ішімдік туралы, денсаулық жайлы қанатты сөздер жазылған плакаттар,нарколог, биолог т.б жазылган қатырма қағаздар.

Сабақтың барысы : Мұғалім

Салауатты мақсатың, өмір сүру

Өмірдің мағынасын керек білу

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол,бұл жолдан аулақ жүру
Спирттік ішімдікке әуес болма

Күресу керек саған осы жолда

Денсаулық зор-байлық деп бекер айтпас

Өмірің ей, -достарым өз қолыңда.

Алдын ала оқушыларға тапсырмалар бөліп берілген ,биолог, заңгер, нарколог т.б

Мұғалім Конференцияға арнайы шақырылған мамандарды ортаға шақырайық

1. тарихшы :

2. биолог :

3. заңгер :

4. нарколог :

5. тәртіп қызметкері :

6. химия пәні мұғалімі :

Мұғалім : Ішімдік барлық мүшелерді улап, әр түрлі ауруларға шалдықтырады.Небір дарынды боздақтарымыз, он екі де бір гүлі

ашылмаған жастарымыз, арақтың кесірінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ.

Міне осындай шаралардың алдын алу мақсатында президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылғы арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында тыс қалдырған жоқ. Мұндай жақсы бастамаға үн қосу, қолдау, іс жүзіне асыру әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Енді конференция қонақтарына қояр сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар.

1-сұрақ : . «Өскен өңір» газеті тілшісі.

- Спирттік ішімдік адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады, бұл жау қалай пайда болды ? Адамның ішімдікке қызығуы қай кезден басталды ?

Сұраққа тарихшы жауап береді.

2-сұрақ : «Сыр бойы» газеті тілшісі: Спирттік ішімдік адам ағзасына қалай әсер етеді ?

Сұраққа биолог жауап береді.

Мұғалім : Шарап ішу сабақ үлгерімі мен тәртіптің бүзылуының кепілі.Балалық пен жасөспірімдік шақта баланың ағзасын алкаголь тез уландырып,қысқа мерзім ішінде маскүнемге айналдырады,олардың емделуі де нәтиже бермейді.

3-сұрақ:Маскүнемдікке қарсы кандай шаралар қолданылады?

Сұраққа заңгер жауап береді.

Мұғалім: Этил спирті – наркотик. Ол ерігіш болғандықтан қанға тез сіңіп,ағзаға күшті әсер етеді.Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп,байқампаздығы тежеледі. Қимыл үилесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желөкпелік, дөрекілік пайда болады. Ішімдікті жиі пайдалану салдарынан, адам ішімдікке дағдыланып, ақыр аяғында мүлдем салынып маскүнемдікпен ауырады. Спирттік ішімдік әсіресе балалар үшін қауіпті, өйткені өсіп келе жатқан ағзада зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді де, улы әрекеттерді дереу сезінеді.

Сұрақ : Маскүнемдіктен емделуге бола ма ?

Сұраққа нарколог жауап береді.

Пресс- конференция қортындылау үшін мектептің валеология пәні мұғаліміне сөз беріледі.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арсында етек алған маскүнемдік пен нашақорлыққа жол бермеу, күресу,оларды білімге баулу,Қазақстанның дені-сау азаматы етіп тәрбиелеу - ата-ананың, мұғалімнің міндеті.

Конференция сабақты қорытындылау.



Не білемін ?


Не білгім келеді?


Не білдім?














6 – сабақ

I– нұсқа



  1. Қандай жасушалар жүйке ұлпасының құрамына кіреді?

а) мимфоциттер в) эритроциттер с) глиальды ( серік жасушалар)

д) тормбоциттер е) фагоциттер

2. Ми бағанасына қандай бөліктер кіреді?

а) сопақша ми в) шеткі жүйке жүйесі с) үлкен ми сыңары

д) соматиканың жүйкесі е) мишық

3. Жүйке дүйесі қандай ұрық жапырақшасынан қалыптасады?

а) эктодермадан в) энтодермадан с) мезодермадан

д) барлық жапырақшалардан е) дерма және энтодермадан

4. И.П. Павловты әлемге әйгілі еткен еңбегі не туралы?

а) бүкіл жер шары тірі ағзалары в) жануарлар мен адамдардың шартты рефлекстерінің қызметі. с) адамдағы иммуниттің қалыптасуы

д ) адамдағы тұқым қуалайтын өзгергіштік е) ақыл – естің физиолгиялық табиғаты.

5. Жүйке жүйесінің қай бөлімі жоғары дәрежелі нерв қызметін реттейді?

а) нерв талшықтар в) нейрон с) жұлын д) ми е) аксон

6. Рефлекс дегеніміз ?

а) тітіркендіргіш әсері в) жүйке көру толқынының өтетін жағы с) басқа мүшелерінің әсерінен бір мүшенің жұмысының өзгеруі д) жүйке жүйесі арқылы тітіркендіргішке жауап беру реакциясы е) қан арқылы әсер етеді.

7. Саматиканың жүйке жүйесінің рөлі?

а) қозғалысты басқару в) сезім мүшелерінің қызметін басқару

с) жүрек қызметін басқару д) асқазан жұмысын е) өкпе жұмысын

8. Мидан тарайтын бас – ми жүйесінің жұп саны

а) 10 в) 12 с) 20 д) 25 е) 30

9. мидың сұр затын құрайтындар

а) нейрондар мен электрондар в) нейрондар мен оның қысқа өсімділері

с) нейрон аксоны д) серіктес жасушалар е) аралық жасушалар

10. Жоғары жүйке жүйесінің қызметіне :

а) ойлау, сөйлеу, есте сақтау в) бағдарлайтын рефлекс с) жыныстық рефлекс д) ашығу, шөлдеу е) қорғаныш рефлексі

Кілті : 1 с; 2 а; 3 а; 4 в ; 5 д; 6 д; 7 а; 8 в; 9 в; 10 а;




Сәйкестілік тесті



  1. Жүйке жасушалары 1. Электроэнцефалограмма




  1. Нейронның ұзын өсіндісі 2. Нейрон




  1. нейронның қысқа өсіндісі 3. Рефлекс




  1. Сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерге 4. Ми және жұлын

жауап қайтару

5. Орталық жүйке жүйесіне жатады. 5. Өткізгіштін және рефлекстік


6. Жұлынның қызметі 6. Дендрит
7. Тепе – теңдікті сақтайтын 7. Аксон

мидың бөлімі


8. Терідегі пигменттің түзілуін 8. 4 бөліктен ( маңдай, төбе,

реттейтін ми бөлігі самай, шүйде)


9. Әрбір ми сыңары неше бөліктен 9. Мишық

тұрады


10. Мидың жұмысын жазып алу 10. Ортаңғы ми
11. Серіктес клеткалар 11. Ми табаны
12. Ми бағанының астыңғы беті 12. Нейрология
13. Мидың қабынуы 13. Аралық мида
14. 32 жұп ядро болады. 14. Ликвор
15. Ми қорықшаларындағы 15. Энцефалит

130 – 140 мл. сұйықтық


Кілті: 1-2; 2-7; 3-6 ; 4-3; 5-4; 6-5; 7-9; 8-10; 9-8; 10-1;

11-12; 12-11; 13-15; 14-13; 15-14;



Тест сұрақтары

  1. Жүйке жүйесінің қай бөлімі жоғары дәрежелі жүйке қызметін реттейді ?

а) жүйке талшықтары б) аксондар в) жұлын д) нейрондар г) ми

  1. Мидың қай бөлігі қимыл әрекетін реттейді ?

а) орталық ми б) аралық ми в) сопақша ми д) мишық г) көпір

3. Адамның санасының ойлауының негізі ?

а) жұлын б)ортаңғы ми в)симпатикалық жүйке

4. Жүйке жүйесін құрайтын жүйке жасушалары қалай аталады ?

а)аксондар б)нейрондар в)дендриттер д)мадиаторлар г)серікше жасушалар.

5. Жоғары жүйке жүйесінің қызметіне жататындар :

а)қорғаныш рефлексі б)жыныстық рефлекс

в)ойлау, сөйлеу және есте сақтау д)бағдарлайтын рефлекс

г)ағзаға қажеттілігін қамтамасыз ететін

6. Орталық бөлім неден тұрады ?

а)мидан б)жүйкеден в)ми және жұлыннан д)аксоннан

7. Жүйке жасушасының ұзынөсіндісі ?

а)нейрон б)аксон в)жұлын г)медиотор д)дендрит

8. Мидың орташа салмағы:

а)1800-2000г б)1300-1400г в)1500-1600г г)1000-1100г д)1900-2010г

9. Жұлынның диаметрі :

а)8мм б)9мм в)1см г)10см д)0,5см

10. Алдыңғы түбір дегеніміз не ?

а)сезім нейрондарының аксондары

б)қимыл нейрондарының аксондары

в)рецепторлар

г)қозу нейрондарының аксондары


Кілті:

1 г),2 д),3 д),4 б),5 в),6 в),7 б), 8 б),9 в),10 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет