Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі28.74 Kb.
#461278
1   2   3
академиялық хат

Жауапкершілікті. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.
Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі:

Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады». Академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу.
Академиялық хат және ғылыми стиль. Академиялық хат – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде стильдің 5 түрі:

  • Ауызекі

  • Публистикалық

  • Әдеби

  • Ғылыми

  • Ресми іс-қағаздар.

Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет