Тақырып: Асқорыту жүйесін субъективті тексеру әдістері, мейірбике ісін ұйымдастыру



бет1/8
Дата01.06.2023
өлшемі25.52 Kb.
#474594
  1   2   3   4   5   6   7   8
урок 10


Тақырып: Асқорыту жүйесін субъективті тексеру әдістері , мейірбике ісін ұйымдастыру


Өңешті тексеру тәсілдері. Сұрастыру.
Негізгі шағымдары- тамақ жұтудың бұзылуы ( дисфагия), өңеш бойының ауыруы, лоқсу, құсу, ауызынан шірік иіс шығуы, сілекей ағуы, қыжыл және қан кетк жатады.
Тамақ жұтудың бұзылуы (дисфагия) – түрлеріне тамақты қиналып жұту мен тамақты жұта алмау жатады. Бұл шағым негізінен өңештің тарылғанынан болады. Өңеш тарылуының түрлері және себептері:
а) органикалық– қылтамақта, жедел және созылмалы эзофагитте, өңештің күюі мен күйіктен кейін тыртықтануында және өңеш дивертикулында кездеседі. (әуелі қою тамақты жұту қиын, бара-бара сұйық тамақты да жұта алмайтын болады).
б) функциялық– неврозда, асығыс тамақ ішкенде, қобалжығанда, өңеш түйілуінде, бөтен денелер түсуінде және басылып қалуында кездеседі.
Өңеш бойының ауруы эзофагитте өңеш күйгенде кездеседі. Ауырғандық жауырын аралығына, иыққа, мойынға, кеуде сол жағына тарайды.
Құсу. Өңеш ауруынан болатын құсық тамақ ішкеннен шамалы уақыттан кейін басталады. Құсық көбіне науқас еңкейгенде немесе жатқанда өз салмағымен ауызға келіп құйылады. Өңеш құсығының себептері: қылтамақ, өңеш спазмы және өңеш дивертикулы.
Тамақты жұтқан бойында өңештен ауыз ішіне оралуын лоқсып құсу дейді. Лоқсып құсудың себептері өңеш құсығының себептерімен бірдей.
Өңештен қан кету өңеш венасының варикозды кеңейгенде, эзофагитте, қылтамақта және қолқа аневризмасының өңеш ішіне жарылғанында болады.
Асқазанды тексеру. Сұрастыру.
Асқазан ауруларының негізгі шағымдарына тәбетінің өзгеруі, іштің ауруы, жүрек айну, құсу, қан кету, кекіру және қыжылдау.
Асқа тәбеттің өзгеруі:

  1. Тәбеттің нашарлауы – асқазан секрециясы азайғанда (гастрит, асқазан рагі).

  2. Тәбеттің күшеюі – асқазан секрециясы көбейгенде ( асқазан мен ұлтабар жарасы).

  3. Бұрма тәбет – секрециясы жоқ кезде (ахилиялық гастрит, анемияда).

Іштің ауыруы асқазанның әртүрлі ауруларында кездеседі. Іш ауыруын талдаған мезгілде оның орнын, тарау бағытын, түрін, қабылдаған тамақтың сапасымен қанша уақыттан кейін болатынын, неден тоқтайтынын анықтау керек. Асқазан ауруларында болатын іш ауруының негізгі орны эпигастрий аймағы. Іштің ауырғаны тамақ қабылдағаннан кейін бір мезгілде болады.

  1. Ерте пайда болатын ауырсыну – тамақ ішкеннен кейін көп кешікпей болады 30-60 мин болады (асқазан ойық жарасында).

  2. Кеш пайда болатын ауырсыну 1,5 – 2 сағаттан кейін болады.

  3. Таңертең аш қарынға және түн ортасында болатын ауырсыну (он екі иелі ішектің ойық жарасы).

Жүрек айну. Төс шеміршегі астында болатын жағымсыз сезім. Жүрек айну кезінде жалпы әлсіздік мөлшерден тыс сілекей бөліну, қара терге бату байқалады.
Оның себептері: созылмалы гастрит, асқазан және ұлтабар ойық жарасы, минингит.
Құсу – даму механизіміне қарағанда күрделі рефлекторлы акт. Асқазан ішіндегі тамақ ауыз қуысы арқылы сыртқа ақтарылады. Құсқан кезде болатын күрделі қимылдарды сопақша мида орналасқан құсық орталығы реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет