. Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы
Жоспар:
1.Жұқпалы ауруларға жалпы түсінік.
2.Инфекциялық процесс анықтама, тізбектері.
3. Жұқпалы аурулар жіктемесі
4. Эпидемиологиялық процесс анықтама, тізбектері
5 .Эпидемиологиялық ошақ түсінігі
6.Жұқпалы ауруларды диагностикалау :сұрау (субъективті), қарау (объективті) және зертханалық әдістері.
7. Эпидемиологиялық анамнез жинау.
8.Жұқпалы аурулардың клиникалық симптомдары және синдромдары.
9.Инфекциялық қызметтің құрлымы, жұмыс ережесі. КИЗ кабинетінің жұмысы, міндеті.
10.Жұқпалы аурулармен күресу шаралары.
11.Жұқпалы ауруларды емдеу тәртібі.
Жұқпалы аурулар –өте кең таралған,әр түрлі микроорганизмдермен шақырылатын, контагиозды сипат тән, инкубациялық кезеңнің болуы, клиникалық белгілердің циклдік өтуі және спецификалық иммунитет қалыптасуымен сипатталады. Жұқпалы аурулар жұқпа көзіне байланысты 2 топқа бөлінеді: антропоноздар ( ауру көзі науқас адам және қоздырғыш тасымалдаушылар); зооноздар ( ауру көзі ауру малдар, құстар) . Инфекция терминін алғаш рет 1841 жылы К.Гуфеланд қолданған, (лат. тілінен – infectio – жұқтыру) деген мағына береді. Инфекциялық процесс патогенді микроорганизмдер мен макроорганизмдердің арасындағы ішкі ортаның әсер ету жағдайында дамитын күрделі құбылыс. Жұқпалы аурулар жеңіл, орташа, және аурыр ағыста өтуі мүмкін.
Суперинфекция – бірінші жұқпалы ауру аяқталмай жаңа қоздырғышпен инфекциялық процестің(ВГВ- ға ВГД қосылуы). Реинфекция – бір аурудың сол қоздырғыштың қайта түсуінен дамуы. Моноинфекция- бір қоздырғышты ауру.Қоздырғыш тасымалдаушы дегеніміз– сау адамдар өздері білмей сыртқы ортаға қоздырғыштарды бөлетін болғандықтан, гигиеналық ережелерді сақтамаған жағдайда қоршаған ортадағы адамдарға қауіп төндіреді.Эндогендік инфекция– адамның организміндегі қоздырғыштан туған ауру. Экзогендік инфекция – сыртқы ортадан енген қоздырғыштан туған ауру. Латентті түрі аурудың клиникалық белгілерінің дұрыс білінбеуі.Оппортуниялық инфекциялар белгілі бір қолайлы жағдайда дамиды. Бұл аурулар көбіне шартты – патогенді флорамен шақырылады, мысалы АҚТҚ/ЖҚТБ.
«Аса қауіпті», «конвенциялық», »карантинді» терминдер бұл адамға өте қауіпті инфекциялар деп көрсетіледі. Аталған жағдайларда халықаралық келісімге сәйкес арнайы шаралар жүргізіледі. Оба,тырысқақ, шешек, сары қызба «карантинді» және «конвенционды» деп аталады.Табиғи ошақты ауруларға жабайы жануарлар арасындағы қоздырғыштың табиғи резервуары (оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар т.б.) аурулар кіреді.
Жұқпалы аурулар қоздырғышына түрлі микроорганизмдер: қарапайымдылар, бактериялар, вирустар, риккетсиялар т.б. (толық танысу үшін микробиологияны ашыңыз). Осы микроорганизмдер міндетті түрде инфекциялық процестің себебі, яғни этиологиялық факторы болып саналады. Инфекциялық процесстің ерекшелігі микроорганизмнің макроорганизмдегі өмірі, бұл жағдайда олардың арасындағы байланыс: симбиоз немесе антоганизм,
Достарыңызбен бөлісу: |