Тақырып Азық қоректілігін бағалау



бет1/3
Дата11.09.2024
өлшемі26.96 Kb.
#503587
  1   2   3
1,2 лекция каз


Тақырып 1. Азық қоректілігін бағалау және құнарлы азықтандырудың ғылыми негіздері.
Дәрістің мақсаты: . Азық қоректілігі, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, майлармен, минералды заттармен және витаминдермен қамтамасыз ету туралы ұғым.


Дәріс жоспары:


  1. Мал организміндегі зат, энергия алмасу деңгейін зерттеу тәсілдері

  2. Азықтың көмірсулық қоректілігі, құнарлы көмірсулармен қоректендіру проблемалары

  3. Азықтың витаминдік қоректілігі, малды витаминдермен қоректендіру проблемалары

  4. Азықтың минералдық қоректілігі, толыққұнды минералдық заттармен қоректендіру проблемалары

Азық қоректілігі, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, майлармен, минералды заттармен және витаминдермен қамтамасыз ету туралы ұғым. Азық қоректілігін химиялық құрамы арқылы бағалаужануарлар денесі мен өсімдіктер құрамы азықты талдаудың қарапайым сызбасы.


Азық құрамындағы су, көмірсулар, майлар, протеин (ақзат), минералды заттар, олардың ауылшаруашылық малдырын азықтандырудағы зат алмасуы және физиологиялық маңызы.
Азық құрамындағы органикалық заттар- энергия көзі, мал денесінде ақзат, көмірсу және май түзуге жұмсалатын негізгі бөліктері. Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші.Жалпы түсімділігі бойынша негізгі азықтық дақылдардың әр гектарынан алынатынқұрғақ затты, протеинді, май, клетчатканы және азотсыз экстрактивтік заттарды салыстырмалы бағалау.
Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілдері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын арттыру жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар. Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мөлшері

  • азықтың энергетикалық қоректілігінің көрсеткіші. Протеиндік қатынас.

Мал организміндегі зат, энергия алмасу деңгейін зерттеу тәсілдері.
Зат және энергия алмасуы – малдың организміндегі тіршілік үрдісінің, өнімділіктің және өсіп-өнудің негізі. Азықтандырудың әсерінен мал денесіндегі материалдық өзгерістерді зерттеу. Малдарға ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүргізу. Денедегі азот пен көміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алу) арқылы организмдегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі.
Азықтың жалпы энергетикалық қоректілігін бағалау. Азықтың энергетикалық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихының даму тәсілдері.
Қазіргі кезде мал азығының қоректілігін сұлы азық өлшемімен және алмасу энергиясын бағалау әдістері. Табиғи азық алқаптарының және азық дақылдарының түсімділігін арттыру – мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің негізгі жолы. Азық құрамындағы қоректік заттар- ролі мен маңызы. Малдардың қоректік заттарға мұқтаждығын және құнарлы азықтандыруды анықтайтын факторлар
Малды нәрлі де құнарлы ақзат (протеин), қант тектес заттар (көмірсу), май, минералды заттар және витаминдермен қамтамасыз ететін негізгі факторлар, сол заттардың азықтағы, рациондағы мөлшері, сіңімділігі, мал денесіндегі қоры. Малдың толық бағалы азықтандырылуын қадағалау әдістері мен көрсеткіштері, дұрыс
азықтандыру салдары және қоректік заттар жетіспеушілігі. Азық протеиндік қоректілігі және құнарлы протеинмен қоректендіру проблемалары Азық протеиндік қоректілігі туралы түсінік. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. ¤сімдік және жануар тектес азықтардың протеинінің амин қышқылдық құрамы. Протеиннің биологиялық құндылығы туралы түсінік. Құнарлы азықтар қоспасын жасағанда әр түрлі азық протеинінің «толықтыру әрекеті» туралы принцип. Амин қышқылдарының сіңімділігін анықтайтын факторлар. Күйіс қайыратын және күйіс қайырмайтын малға берілетін ақзатқа жатпайтын азоттық қосындылардың (амидтер) қоректілік құндылығы. Жасанды мочевина (карбамид) және басқа да амиакты қосындылармен күйіс қайыратын малды азықтандыру.
Синтетикалық лизинді және метионинді шошқа мен құсқа беру. Нитриттер мен нитраттардың мал денсаулығына, басқа қоректік заттар тиімділігіне тигізетін әсері. Рационда протеин мен амин қышқылдары жетіспеушілігінен немесе теңестірілмеуінен туатын өзгерістер. Ауыл шаруашылығында протеин қажеттігін шешудің негізгі жолдары.
Азықтың көмірсулық қоректілігі, құнарлы көмірсулармен қоректендіру проблемалары
Көмірсулар - өсімдік тектес азықтар негізі құрғақ заттың құрамдас бөлігі және малдар үшін негізгі энергия көзі. Құрылымдық, энергетикалық көмірсулар көзі, Көмірсудың күйіс қайыратын және күйіс қайырмайтын малды азықтандырудағы маңызы, олардың ас қорыту, зат алмасу және азықтағы қоректік заттар сіңімділігіне тигізетін әсері. Көмірсу мұқтаждығы. Қоректендіру жағдайында көмірсулардың ара қатынасы. Рационда көмірсу аздығынан немесе рационның толық теңестірілмеуінен мал денесінде туатын өзгерістер.Азықтандырудың толыққұндылығын және оны бақылау әдістерін анықтайтын факторлар. Азық құрамындағы майлар, құнарлы маймен қоректендіру проблемалары
Майлар және майдың мал азықтандыруындағы маңызы. Алмастырылмайтын май қышқылдары. Май мұқтаждығы, мал денесінде май жетіспеуінен туатын өзгерістер. Азық құрамындағы майдың мал денесіндегі зат алмасуына, өнімділігіне, өнім сапасына тигізетін әсері. Азықтың толыққұндылығын құрамдылығын анықтау және тексеру тиімділігі. Толыққұнды маймен азықтандыру және оны бақылау әдістерін анықтайтын факторлар.
Азықтың витаминдік қоректілігі, малды витаминдермен қоректендіру проблемалары
Ауылшаруашылығы малдарын азықтандыруда және зат алмасуындағы витаминдердің маңызы. Витаминдер көзі - азықтар мен витамин препараттары. Майда және суда еритін витаминдер. Провитаминдер. Витаминдердің мал денесінде қор ретінде жиналуын және олардың сіңімділігін, игерімділігін анықтайтын факторлар. Малдың витаминге деген мұқтаждығын анықтайтын факторлар Мал денесінде витамин жетіспеушілігі белгілері мен түрлері.Ауыл шаруашылығы малдарын толыққұнды витаминмен қоректендіруін бақылаудың негізгі әдістері. Малды витаминдермен қамтамасыз етудің негізгі жолдары.
Азықтың минералдық қоректілігі, толыққұнды минералдық заттармен қоректендіру проблемалары
Азықтағы минералдық заттардың мал азықтандырудағы маңызы. Макро-және микроэлеменнтер (кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, мырыш, иод, фтор, селен), олардың азықтағы мөлшері, сіңімділігі, игерілуі, мал денесінде жиналуы. Хелаттардың маңызы.
Азық күлінің реакциясы, қышқылдық және сілтілік элементтердің мал азықтандырудағы маңызы мен рационындағы ара қатынасы. Әр түлікке жататын малдардың минералдық заттарға деген мұқтаждығы. Республиканың биогеохимиялық аймақтарында мал рационында минералдық заттар жеткіліксіздігнен туатын өзгерістер.
Малдың минералдық заттармен қамтамасыз етілу әдістерін бақылауға алу. Қазақстан Республикасында малды минералдық заттармен қамтамасыз ету мәселесі, бұл мәселені шешудің тиімді жолдары.
Малдың ішек-қарнында түзілетін қоректік заттар және олардың қорының мал азықтандырудағы маңызы
Қоректік заттардың мал организмінде қорлануы. Қоректік заттардың қор болып жиналуына септігін тигізетін және оларды тиімді қолданудың шарттары. Қорланған қоректік заттардың малды құнарлы азықпен қамтамасыз ету маңызы.
Малдың ас қорыту жолында мекендейтін микрофлора мен микрофауна, олардың әсерінен түзілетін қоректік заттар. Күйіс қайыратын мал алдыңғы қарнында түзілетін микробтық ақзат пен витаминдер, олардың биотүзілуіне қажет жағдайлар.
Микробтық түзілу және түзілген заттардың күйіс қайыратын және күйіс қайырмайтын малды құнарлы азықпен қамтамасыз етудегі маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет