Тақырып 1. Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі.
1.Банктік тәуекелдер үғымы және мәні.
2.Банктің тәуекелдерінің жіктелуі
3.Банктік тәуекелдер түрлері.
1.Банктік тәуекелдер ұғымы және мәні.
Тәуекелділік - негізінде ықтималдылықты ал нақтырақ айтсақ банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру қажет: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді. Сондықтан тәуекелділік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды.
Шығындар – банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар. Басқа қаржыылқ институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем, есеп айырысу операциясымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар, жұмыскерлерді, ғимараттарды т.б. ұстауға кететін шығындар. Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын - залалдар. Алдағы операцияларды есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол сияты залалдар тәуекелділігі нашар несиелік портфельмен коньюктураның толық есептелуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайға ұшырауына қауіп төндіреді.
2. Банктің тәуекелдерінің жіктелуі
Тәуекел банк қызметтiң ажырамас бөлігі болып табылады. Ол банк қызметiнiң қаржы нәтижелерiн құрастырудағы белгілі бір рөлдi атқарады, банктердiң активтер және пассивтер қызмет сапаның маңызды мiнездемесiмен көрсетедi және олардың қаржылық күйiнің салыстырмалы талдаудауында қолданылады. Банктiк тәуекел өз қораларының бір бөлігін ала алмау, белгілі бір қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қосымша шығын шығару мүмкіндігін білдіреді. Банктік тәуекел бұл қолда бар немесе жоспарлалған нәтиженiң алынбау қауiп-қатері. Банктік тәуекел 3 топқа бөлінеді:
- қаржылық тәуекелдер;
- функционалдық тәуекелдер;
- басқа да тәуекелдер.
Банктік тәуекелдер жүйесінде қаржылық тәуекелдер ерекше орын алады. Олар көлемде, пайдалылықта, актив және пассивтердің құрылымында ойда болмаған өзгерiстерге алып келедi. Қаржылық тәуекелге келесілер жатады: несиелік, өтімділік, пайыз, нарық, валюталық, инфляциялық, төлей алмау қабілеттілік тәуекелдері.
Функционладық тәуекелдер кез келген өнiмнiң жасалуы немесе қызмет көрсету процесіне қатысты тәуекелдер. Функционалдық тәуекелдер қаржылық шаруашылықты уақытында және толық көлемде тексере алмау салдарынан пайда болады. Функционалдық тәуекелге келесілер жатады: стратегиялық, технологиялық, операциялық не қосымша шығындар және жаңа технологиялар мен өнімдерді ендіру тәуекелдері.
Басқа да тәуекелдерге келесілер жатады: банктің абыройын жоғалту тәуекелі және мемлекеттік реттеу шарттарына сай келмеу тәуекелдері.
Банк тәуекелінің жіктелуі тәуекелдердің спецификаларына байланысты жүзеге асырылады. Банктік тәуекелдерді жіктеу қағидалары келесілер:
банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету сферасы;
- банк клиенттерінің құрамы;
банктік операциялардың сипаттамасы;
- коммерциялық банктердің түрлері.
Әсер ету әне қызмет ету сферасына байланысты банк тәуекелдері : сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге: банктік қызметке тікелей байланысты емес немесе белгілі бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдерге: саяси, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқа да факторлар әсер етеді. Ал ішкі тәуекелдерге: тікелей банк операциялармен банк қызметімен байланысты тәуекелдер жатады.
Тәжірибеде 4 басты портфельдік тәуекелділік түрлері белгілі:
1. несиелік тәуекел;
2.өтімділік тәуекел;
3.пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі;
4.валюталық тәуекелділік.
Несиелік тәуекелділік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелділігі. Ол қарыз портфелінің сапасымен тікелей байланысты.
Несие тәуекелділігін 3 түрге бөлуге болады:
1. қиянаттылық жасау тәуекелділігі; 2.шетел несиелері бойынша тлділік; 3.ішкі зайымдар бойынша төлем төлемеу тлігі.
Несиелік тәуекелділікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады.
2. несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады
Өтімділік тәуекелділігі оны балансталмаған өтімділік тәуекелділігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің 2 түрі болады: 1.ішкі; 2.сыртқы.
Ішкі өтімділік инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылмайтын тұрақты нарығы бар, тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары; 1 – 3 – 6 – 9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік оның өнімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер, федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолма – қол ауыспалы салым сертификаттарын т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтару мерзімдерін көлбеу қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
1. пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер атрту;
2. айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар т.б. шығару;
3. қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;
4. пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;
5. несиелерді қайтарып алу;
6. Ұлттық банктен т.б. несиелер алу.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі бұ пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан болуы мүмкін. Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады:
1. пайыз тәуекелділігін сақтандыру – несиелік тәуекелділіктен сақтау сияқты тәуекелділікті толығымен сақтаныдру ұйымына беруді білдіреді;
2. өзгермелі пайыз мөлшерлемесінен несиені беру банкте шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;
3. мерзімді келісімдер банк пен қарыз алушының арасында арнайы форворд келісімін жасау, яғни қарызды келісілген мерзімде белігілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қоғрғану әдісі;
4. пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті) белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;
5. пайыздық опциондар опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;
6. пайыздық своптар бұ белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын түсіндіреді.
Валюталық тәуекелділік ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі.
Валюталық тәуекелділікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелділік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс, контрактілер, валюталық опциондар, валюталық своптар.
3.Банктік тәуекелдер түрлері.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін. Инвестициялық ресурстар көзі болып мыналар табылады: акцияның эмиссиялары, банктердің несиелері, бөлінбеген табыстар жатады. Әрбір көзге белгілі бір тәуекел сай, осыдан инвестициялық тәуекел компенсациясы үшін әртүрлі мағынадағы сұралған нормалар өтімділігі сай.
Нарықтық тәуекел – Банктің қаржылық активтердің (ең алдымен, бағалы қағаздардың) нарықтық құнының, валюта бағамдарының , пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындарға тап болу тәуекелі.
Нарықтық тәуекелге жатады:
қор тәуекелі (қор нарығындағы айналымдағы активтер құнының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
валюталық тәуекел (валюта бағамдарының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
пайыздық тәуекел (пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі).
Комплаенс – тәуекел – банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Банктің ішкі ережелері мен процедураларының талаптарын сақтамауы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тәуекел дегеніміз не?
2. Банк тәуекелдерінің түрлері?
3.Функционалдық тәуекелдерге не жатады?
4.Қаржылық тәуекелдерінің түрлері?
5.Валюта тәуекелін қалай түсінесін?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |