Тақырып: Дәрігер бөлмесі мен ауыз қуысы гигиенасының бұрышының ұйымдастырылуы



Дата01.07.2016
өлшемі37.32 Kb.
#171001
түріСабақ
Тақырып: Дәрігер бөлмесі мен ауыз қуысы гигиенасының бұрышының ұйымдастырылуы.
Дәлелдеуші сипаттама: өзін-өзі пысықтау мен дағдылану мақсатында тіс дәрігері бөлмесі мен ауыз қуысы гигиенасының бұрышын ұйымдастыра білуі қажет.
Сабақ мақсаты:

Студент білуі керек: гигиена бөлмесін жабдықтау, санитарлық ағартушылық жұмыстың түрлері мен әдістері, гигиена сабағының негіздері, гигиена бөлмесіне қойылатын санитарлық талаптар.
Студент істей білуі керек:

Баланы қарай білу, гигиена бөлмесін безендіру, ауыз қуысы гигиенасы сабағын өткізу.


Бұрын өтілген және осы сабаққа қажет сұрақтар:

  1. Стоматологиялық бөлмеге қойылатын санитарлық талаптар;

  2. Жас бойынша ауыз қуысы күтімінің дағдылары;

  3. Санитарлық мәдениет және оның тіс пен пародонт профилактикасындағы маңызы;

  4. Ауыз қуысы гигиенасының құралдары;

  5. Ауыз қуысының гигиеналық күйін бақылауға арналған құралдар.


Бастапқы білімді пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Емханадағы гигиеналық бөлменің жабдықталуы;

  2. Медбибілердің міндеттері қандай?

  3. Гигиена бөлмесі мен бұрышының мектептерде және бала бақшаларында жабдықталуы;

  4. Гигиеналық бөлмедегі санитарлық ағартушылықтың түрлері мен әдістері;

  5. Гигиена сабағының негізгі принциптері.


Клиникалық міндеттер.

  1. Гигиена бөлмесіне (стоматологиялық) қойылатын санитарлық талаптар қандай?

  2. Гигиена бөлмесінде қандай негізгі құрал-саймандар болуы керек?

  3. Гигиена бөлмесінде қандай қосымша құрал-саймандар болуы керек?

  4. Гигиена бөлмесінде қандай ерітінділер болуы керек?

  5. Гигиена бөлмесінде қандай мамандар жұмыс істеуі керек?


Емханадағы гигиеналық бөлменің жабдықталуы

№670 бұйрыққа сәйкес стоматологиялық балалар мен педиатрлық емханаларында ауыз қуысы гигиенасының бөлмелері құрылуы қажет. Қабырғалардың бірінде раковина орнатылады, оның жоғарғы жағына айна ілінеді. Бөлменің ортасына дәрігерлік кресло, бұрандалы орындық, кресло маңына қойылатын үстелше орналастырылады. Бөлмеде дәрі-дәрмекке арналған медициналық шкаф, профилактикалық және гигиеналық құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектердің әрдайым әрекеттегі стенді, фотомонтаж, диафильмдер, жаднамалардың радиолық таралымы, ата-аналар мен балалар үшін дәрістер болуы керек.


Көзге түсетін жерде әдемі безендірілген негізгі ережелер қойылуы керек:

  1. Қолдарыңды сабынмен жуу.

  2. Тіс щеткасын сумен мұқият жуу.

  3. Тіс пастасын щеткаға сығып шығару.

  4. Тістерді стандарттық әдіспен 2-3 минуттай тазалау.

  5. Ыдыстағы сумен ауызды шаю.

  6. Тіс щеткасын пастадан тазалау, оны сабындау, басымен жоғары қаратып бір ыдысқа қою.

Гигиеналық бөлмеде штаттық кесте бойынша медициналық бибі жұмыс істейді.

Медициналық бибінің міндеттері: балаларға гигиеналық білім беру, ауыз қуысы бойынша күтімнің мәдениеттік-гигиеналық маңызын балалар мен ата-аналарға таныстыру, күн тәртібін, тамақтану режимін сақтау, әр баланың дағдысын жетілдіру, дәрігер нұсқауы бойынша профилактикалық шараларды жүргізу. Барлық науқас журналға тіркеледі, жүргізілген шаралар баланың амбулаторлық және стоматологиялық картасына енгізіледі.

Гигиеналық бөлмедегі санитарлық ағартушылықтың ұйымдастырылуы.

Стоматологиялық емханаға барып жүрген барлық балалар ауыз қуысы гигиенасы бөлмесіне жіберіледі. Алғашқы рет барғанда, баланың ауыз қуысының жағдайы анықталады. Сұрақ-сауал жүргізіледі, мақсаты – гигиеналық білім.

Бала мен ата-анаға тіс қонбасының орналасуы мен мөлшері жайлы түсіндіріледі.Оның тіс жегісі пайда болуындағы маңызы жайлы түсінік беріледі.

Кейін гигиена құралдары мен жабдықтары туралы стенд көрсетіледі. Тіс тазалау алдындағы алты шарттың әр қайсысы жайлы балаға дерек беріліп түсіндіріледі. Түсіндіру баланың жасына қарай жүргізіледі. Балаға келесі күнгі ауыз қуысы күтімі құралы бекітіледі. Медициналық бибі тіс щеткасы мен пастасының дұрыс таңдалғанын қадағалайды. Ата-анаға және балаға тіс щеткасы мен пастасын дұрыс қалай таңдауға болатынын түсіндіреді.

Ата-ана мен балаға муляж бойынша тіс тазалаудың стандартты әдістері көрсетіледі. Кейін баланы қол жуғышқа апарып, тіс тазалаудың алты ережесін бірінен кейін бірін қолданады. Дағдыланудың деңгейі баланың жасына байланысты.

Ауыз қуысы гигиенасының бөлмесіндегі баланы үйрету жұмыстары ата-аналардың қатысумен жүруі керек. Гигиеналық индекстің анықталуы көрсетіледі, үй іші жағдайындағы тіс тазалау сапасының анықталуы түсіндіріледі.

Бала гигиена бөлмесіне тіс тазалауды толық меңгергенінше барып тұруына тиіс.



Тексеру сұрақтары:

  1. Гигиена бөлмесіне 7 жастағы бала келді. Алдында оны ауыз қуысы гигиенасына ешкім үйретпеген. Алғашқы түрде балаға тіс тазалауды үйрету мақсатында қандай ұсыныстар берер едіңіз?

  2. Сіз тіс дәрігері ретінде гигиена бөлмесінде жұмыс істейсіз. Сізге бастаушы гигиенист-дәрігер немесе медбибіні жіберген. Оларды қандай міндеттемелермен таныстыруыңыз керек?

  3. Гигиена бөлмесін ұйымдастыру үшін қандай бөлме таңдауыңыз қажет? Тіс дәрігерлік бөлмеге қойылатын талаптар.

  4. Топтар құру мен гигиена сабағын жүргізуде қандай ережелерді ұстануыңыз қажет?



Қолданылған әдебиет:

  1. Виноградова Т.Ф. «Стоматология детского возраста»., М., 1987ж.

  2. Колесов А.А. «Стоматология детского возраста»., М., 1991ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет