Тақырып: Өндіріс және өндіріс факторлары



Дата20.04.2023
өлшемі9.18 Kb.
#472481
0хх9ущ0 (1) (1)


Тақырып: Өндіріс және өндіріс факторлары

Адамзаттың және қоғамның дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатысы:



  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. 
Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес.

Кез келген өнімді өндіру үшін өндірістік факторлар керек. Олар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілет.


Жер. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қарастырылады:

  • жер беті ретінде,

  • экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде.



Капитал

  • өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады,

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру - инвестициялау деп аталады.
Еңбек. Еңбек дегеніміз – бұл жеке тұлғаның өнімді немесе қызметті нарыққа шығару үшін жұмсаған күші. 
Кәсіпкерлік қабілет.

  • қайшылық жағдайда шешімдер қабылдай білуі керек,

  • жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек,

  • тәуекелшіл болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет