Тақырып:Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда арттерапиялық
əдіс-тəсілдерді қолданудың маңызы.
ОҚМПУ, 1-курс магистратура М1901-12 Халикова Махбуба
Кілттік сөз: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда
арттерапиялық əдіс-тəсілдерді қолданудың маңызы
Аннотация: Жеке тұлғаның дамуының заңдылықтары, оқуға
қызығушылықтарын арттыру, білім сапсын арттыру, топтық қарым-
қатынасты нығайту жолында балалардың тұлғалық дамуында арт-
терапиялық əдіс тəсілдердің қолданудың маңызы. Яғни бұның барлығын
шығармашылық іс-əрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Жеке
тұлғаның өзінің шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi
«Менiң» айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар олар өзiнiң
жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады.
Значение арт-терапевтических методов в развитии личности детей на пути
закономерностей индивидуального развития, повышения интереса к
обучению, приумножения знаний, укрепления групповых отношений. То есть
все это реализуется через творческую деятельность. Она дает возможность
личности раскрыть свой истинный облик, познать себя, ясно увидеть
внутреннее «Я». В то же время они находят способ добиться больших
успехов в своем личностном развитии.
Кіріспе:Қазіргі таңда баланың шығармашылық қабілетін арттырудағы ең
тиімді, ең өзекті əдістердің бірі: арт-терапия əдісі болып табылады. Əр
баланың қабілетін дамытуға, шығармашылық, қиял сезімдерін дамытуға,
«Мен» бейнесін қалыптастыруға, баланың өзі білмеген, өзінен құпияда
сақтаған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға, өзінің ішкі
жан-дүниесін танып білуге, түсінуге мүмкіндік беру, бойындағы сенімсіздікті
жоюға көмектесетін бірден-бір əдіс болып табылады.
Осыған орай қоғамда аpт-тeapпия бaлaлapмeн кoppeкциялық жұмыcтa
үлкeн пoтeнциaлғa иe. Шығapмaшылық ic-əpeкeт бaлaның cимвoлдық əpeкeт
пeн қиял ұшқыpлығынa бaй өмipiмeн тығыз бaйлaныcты. Ceзiмдep мeн
эмoциялap көп жaғдaйдa бaлaлap қoлдaнaтын cимвoлдap көмeгiмeн көpiнic
тaбaды. Iшкi əлeм мeн cыpтқы peaлды өмipдiң өзapa apaлacyы жүзeгe acaды.
Apт-тepaпия бaлaлapғa cтимyлдық əcep eтeдi, өзiн-өзi ұйымдacтыpy
қaбiлeттepiн дaмытaды жəнe зeйiннiң шoғыpлaнyы жaғымды эмoциялapмeн
қaтap жүpeдi. Əpтүpлi шығapмaшылық мaтepиaлдapын қoлдaнy бaлa үшiн
пcихoлoгиялық қopғaныc мeхaнизмiмeн бaйлaныc opнaтyы мүмкiн. Oл бaлaғa
қиын жaғдaйдa ayыp эмoциялapды жeңyгe мүмкiндiк бepeді.[1]
Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу»
деген мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш
енгізген Адриан Хилл болды.[2] Ал Дельфина – Бейли арт-терапияны
қолдануда 4 негiзгi бағытты бөлiп көрсетедi. [3]
1.Пассивтi (енжар) арт-терапия.Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ
жəне интерпретация жасау арқылы емдiк əсерге қолдану.
2.Актив (белсендi) арт-терапия.Адамның өзiндiк шығармашылығын ояту
негізгі емдiк фактор болып саналады.
3.Бiрiншi жəне екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.
4.Психотерапевтiң өзiндiк рөлiн,оның пациентпен шығармашылық жұмысын
оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.
Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық əдістердің жаңа түрі
болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге
ие.Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе
демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның
қолданыс аясы өте кең. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық
жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің
мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия шектеусіз жəне
психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, əлеуметтік жұмыста
т.б. қолданылады. Əр адам өзін, өз сезімін жəне өзінің жағдайын əуен,
дыбыс, қимыл жəне сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл
əлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана
əдісі болып табылады.[1]
Д.И.Воробьеваның мектепке дейінгі оқушылардың ақыл-ой, көркем
жəне шығармашылық дамуының интеграцияланған бағдарламасын ұсынды.
Автор «арт-терапия» түсініктерін пайдаланбайды жəне өз бағдарламасын
тəрбиеге, білім беруге жəне баланың дамуын іс-əрекеттік тəсіл тұрғысынан
негіздеді. Д.Воробьева пайымдауынша, бағдарламаның жүзеге асырылуы
барысында бірқатар психикалық процесстер жəне баланың тұлғалық
қасиеттері жаттықтырылады (қызғушылық, зейін, салыстыру, талдау, сөйлеу,
эмоция, есте сақтау). Автор бейнелеу процесінің кезеңдерін ерекшелейді
(ойды жүзеге асыру, нəтижені бақылау) жəне солардың негізінде сабақтар
құрылымдарын құрастырады. Бағдарламаның жоғары деңгейде құрылуы
жəне сабақтың белгілі бір алгоритмде орындалуы баланың дидактикалық
бағыттылығын жəне мектепке дейінгі оқушы тұлғасын дамытушы ықпалы
арттырылады. Мазмұны жəне міндеттері бойынша Д.И.Воробьева жəне
Л.А.Ахматова бағдарламалары ұқсас келеді, ал Д.И.Воробьева
бағдарламасының арт-терапиямен байланысы жоқ [4].
Отандық авторлар бағдарламаларының ішінде А.В.Гришиннің ұсынған
қосымша білім беру мекемелерінде арт-терапия арқылы балалардың
шығармашылық ерекшеліктерін дамыту бағдарламасы біздің пікірімізше арт-
терапиямен ұқсастығы басым. Оның қосымша білім беру мекемелерінде
жүзеге асырылуына қарамастан, автор бейнелеу өнері мұғалімдеріне арт-
терапияны қолдануды ұсынады, сонымен қатар арт-терапияға тəн элементтер
кеңінен қолданылады: балалардың шығармашылық іс-əрекетттері өнімдерін
тұлғалық ерекшеліктер жəне мазасызданулардың бейнеленуі тұрғысынан
талдауға ынталандыратын сабақтың рефлексивті бағдарлануы; олардың
шығармашылық тақырыптарды, іс-əрекет түрлерін еркін таңдау, сонымен
қатар педагогтың балалардың шығармашылық іс-əрекет өнімдерінің
шығармашылық-эстетикалық сапасын бағалаудан саналы түрде бас тартуы;
сабаққа қатысушылардың жоғары деңгейдегі өзара толеранттылықтарын,
педагогтардың эмоционалды икемділігін, балалардың шығармашылық
ерекшеліктерін қабылдау жəне өз пікірлерін қатыстырмау т.с.с. Осы ретте
арт-терапия балалардың психоэмоция мəселесімен тиімді жұмыс жасауға
мүмкіндік беретін бірден бір əдіс болып табылады.[2]
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау
керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол
жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың
мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау,
қорытынды шығару да қиынға соғады.[3] Арт-терапия жүргiзер орын кең,
ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арт-
терапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi,
керiсiнше арт-терапияға қатысушылардың өмiрiнiң əртүрлi жақтарын
қамтитын тақырып болғаны дұрыс. Əр адам бұл тапсырманы өздерінің
қиялдарын оятып, ішкі қалыптарын бейнелерде көру үшін қолданады. Жеке
сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мəн
берсек. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге
жақсы көмектеседі. Қажетті уақыт. 0,5-1 сағат. Əдейі ұйымдастырылған
дайындықты қажет етпейді. Сурет терапиясы адамға өзінің жан дүниесіндегі
өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік жəне
құпиясының ашылуына көмектеседі. Сурет терапиясы – оқушылардың бала
кезінде негізгі қимыл-əрекет түpі.[4]
Қорытындылай келе жалпы арт-терапия бұл бейнелеу өнерімен емдеу
деген мағынаны білдіреді. Баланың қандай да бір қимылды таңдауына
қарамастан, баланың өзін-өзі тануына жəне өз əлемінде өмір сүруіне демеу
беру болып табылады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол
ашады. Сонымен қатар микро жəне макроорталарда қоғамдық əрi мəдени iс-
шараларға белсендi қатысуларын кеңейту. Жеке тұлғаның өз шынайы
келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi «Менiн» айқын көруiне
мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы
жетістікке жетуiне жол табады.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Строганов А.Е. Психотерапия на базе театральных систем. Практическое
руководство. – М.:Наука и техника, 2008.
2. Бердібаева С.Қ. «Көркем творчество психологиясындағы этностық
мəселелер»//Вестник НАПК, №3. 2005ж.-Б.9-10.
3. Мадалиева З.Б. Жалпыға арналған арт-терапия / З.Б. Мадалиева,Л.К.
Көмекбаева, М.М. Сүлеймен. – Алматы, 2016.
4. Арт-терапия – новые горизонты / под ред. А. И. Копытина. – М.:Когито-
Центр, 2013. – 335 с.
Достарыңызбен бөлісу: |