Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту.. Мақсаты



Дата13.03.2020
өлшемі24.37 Kb.
#448138
docx1555078652

Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту.

.
Мақсаты: театрлық шығармашылыққа қызығушылықтарын дамыту


Тапсырмалары:
- Баланың театрлық шығармашылық орталығына дамуына назар аудару;
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу. 
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу; 
- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту,көрсету. 

Ерте жастан баланың шығармашылығы пайда бола бастайды.Сондықтанда баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда театрлық іс-әрекет қабілетінің маңызы зор. 

Мектепке  дейінгі  жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш  ұмтылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.

 

Театрланған әрекет бұл – эмоция – ынталандыру - сөйлеу әрекеті. Костюмдардың әртүрлілігі, спектакльдер, кішкене қойылымдар  балалардың театр ойындарына , театрландырылған әрекетке қызығушылығын дамытады.



Адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін  қалыптасады  екен.  Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  сеізінуге  тырысады. Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамыуын  театрландырылған қуыршақ ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал  театрландырылған  ойындарды  балалар  қызықтап  ойнайды.  Театрландырылған  ойындар  желісі  рөлдік  ойындардан  тек  желісі  ғана  емес,  сондай-ақ ойнау  іс-әрекетінің   сипатымен  ерекшеленетіні айқындалған.  Театрландырылған  ойындар  ойын – қойылымдары  болып  саналады,  бұл  жерде  балаларға  арналған  көркемдік  шығармаларды  сахналық  қойылымдарға  айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы саханада  кейіпкер  ретінде ойната  отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытамыз. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты  ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Кейіпкерлердің  диалогы, жаңа рөлдер, баланың сөйлеу қабілетін, қызығушылығын арттырады. Әсіресе балаларға өлең түріндегі диалогтар ұнайды.Театр балаға өз ойын, мүмкіндігін іске асыруда, ойын еркін айта білуде үлкен әсерін тигізеді. Рөл баланың потенциалдық, комуникативтік қорын ашуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, нәзік қол моторика әрекетін үйлестіре білуде, шығармадағы сөздерге байланысты қимылдарды үйлестіре білуде көмектеседі.

Театрландырылған әрекет балалардың  кішкентай әңгімелер, тақпақтар ертегілерді рөлдермен сомдап ойнау дағдыларын қалыптастырады.

Бала тілінің қарқынды дамуына себеп болатын, театрландырылған  әрекетті өз бетімен ойнауы, қуыршақтармен, кейіпкерлерге немесе рөлдерге  бөліп ойнауы, сондай-ақ тақырып таңдауы, өзіне таныс мазмұнды айта білу, кейіпкерлердің атынан ойнауы негіз болады. Көп жағдайда баланың тақырыпқа қызығуы олардың ертегі  тілімен сөйлеуге деген қызығушылығы тәрбиешіге байланысты.

Театрландырылған  әрекет  диалог, монолог арқылы сөйлеу қабілетін дамытады. Ритмикалық құрастырылған мәтіндер баланың бар ағзасымен қоса сөйлеу қабілетінің дамуына әсер етеді. Белгілі бір сомдалған рөлдің атынан сөйлегенде бала жанындағы адаммен қарым-қатынасқа еркін түседі, сөздік қоры молайып  ашылы түседі.

Мектепке дейінгі балалармен спектакль құру – қызықты әрі пайдалы әрекет. Барлығы бірігіп жасаған шығармашылық әрекет белсенді емес балаларды да қызықтырып, әрекеттенуге, жанындағы балалармен қарым-қатынасқа түсуіне себепші болады.



Театрлардың әртүрлілігі балалардың жан-жақты дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы театр түрін таңдауда, рөлдерді бөліп беруде. Бұлар түзетушілік-логопедтік  жұмыста баланың тіл кемістігіне, жас ерекшелігіне, жеке психологиялық ерекшелігіне байланысты таңдалады.Театрлық  ойындарды балалардың саусақ жаттығуына, яғни логоритмикаға  қызығушылығын арттыру үшін, әдеби шығармаларды оқытуда, оларды кішкене рөлдерге бөліп, қуыршақтармен ойнап түсіндіруде баланың әдеби шығармаларды түсініп, орындай білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Жұмыс барысында  тақпақты мәнерлеп айтуда, өз ойын айтуда, кейіпкерлердің сөздерін айтуда балалардың сөздік қоры жақсы дамиды. 

Театр әлемімен танысу екі жастан басталады.Бүлдіршіндер тәрбиешінің көмегімен қуыршақтар театрін көре бастайды.


Үстел үстіндегі театры – бірінші сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі етілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн.Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтартеатрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптарданжасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мачалка театры»; үстел үстіндегі кейіпкерлерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстанғандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар..

Екінші сәбилер тобында балалар қарапайым қуыршақтар театрын,үстел үсті театрін үйрене бастайды.ол үшін резиналы,жүмсақ,әр түрлі пішінді ойыншақтар қажет.Қуыршақтарды балалар қолдарына алып, оның қандай екенін,сипатын,мінезін,тұлғасын ажырата бастайды.Өзі арнайы диалог тауып,қуыршақпен сөйлесіп,тілін дамытады.Бұл жерде үлкендердіің көмегі қажет болады,өйткені сөздерді дұрыс айтуға,дұрыс сұрақ қоюға септігін тигізеді. Жылдың соңында екінші сәбилер тобының балалары үстел үсті театрін толықтай меңгеріп,өздері сахналап,қысқаша спектакльдерді ойнап бере алады.
Ортаңғы топта балалар ширмамен танысады,қолдарына арнайы қуыршақтарды киіп іс-қимылдарын,әуен ырғағымен немесе әнмен жақсы келтіре бастайды.
Ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды 
жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдер ойнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі 
қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі. 
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлауқабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзінеберілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. 
Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әңдері көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреу мазмұның оқиды, екуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе калың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіпарқылықозғалтады.Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардыңшығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады. 

Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады, 


адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тілінде үлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. 
Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын,дауыс ырғақтарын дәл салып,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта біледі. 
Педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып,олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтарды қалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру,айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б. 
Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып 
беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар 
жасай білуге итермелейді.

Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады, 


адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тіліндеүлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. 


ҚОЙЫЛЫМНЫҢ АЛДЫНДЫҒЫ ДАЙЫНДЫҚТАР:

Сахналық қойылымның алдында педагог балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізеді. 


1.Педагогтар балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі 
кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады. 
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. 
3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру. 
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау. 
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындайтүседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып,әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырады.Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай 
салып көрерменге иланымды етіп ойнау үшін, талмай жаттығулар жасалады. 

Қорыта айтқанда театрландырылған ойын түрлері балалардың қазақ тіліне деген 


қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттырады, сөздік қорларын байытып,тілдерін дамытуға үлкен әсер тигізеді.Көптеген ойын барысында балалар әр түрлірөлдерді ойнайды.Ойын үстінде олардың қиялдау,көз алдына елестету қабілеттері қалыптасып,балалардың ой-өрісі кеңейіп,есте сақтау,көру қабілеттері дамиды. 

Қолданылған әдебиеттер:


1.ҚР«Білім туралы» заңы.2007 жыл, 27 шілде Астана 
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 
2009 жыл 
3.Мектеп жасына дейінгі балалаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. 
4.Неменова Т .«Развитие творческих проявлений детей в процессе театрализовнных игр» 
Дошкольное воспитание» №1.1989. 
6.Каталог образавательных сайтов – http://www-predschool.kz/ .

КМҚК «Дәншік» балабақшасы



Баяндама

Тақырыбы:Қуыршақ театры арқылы мектепке дейінгі

балалардың шығармашылық қабілеттін дамыту.



Дайындаған: БокинаХ.М

Самар 2018ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет