СОӨЖ-4
Тақырып: Сандық журналистика: кабельді, спутниктік және цифрлы
телевизия
Орындаған:Болат Ақерке ҚЖ-31
Авторлық құқықтың қандай түрлері бар?
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, берiлу әдiсi мен
нысанына қарамастан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып ғылым,
әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқықтың екі түрі бар: мүліктік және мүліктік емес.
Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық
табыс алуға мүмкіндік береді.Мүліктік емес құқық деп туындыға автор
болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді
енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Авторлық құқық
туралы заңдардың көпшілігінде: автор не авторлық құқықты иеленуші
туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге
құқылы деп көрсетіледі.
-Туынды авторы рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы:
-туындыны әртүрлі формада қолдануға (баспа түрінде немесе дыбыстық
жазба түрінде);
-туындыны көпшілік алдында орындауға (пьеса түрінде немесе музыкалық
туынды ретінде);
-туындыны жазуға («фиксация») (компакт-дискке немесе сандық
бейнедискке);
-туындыны эфир, радио, кабель немесе спутник арқылы таратуға;
-туындыны өзге тілдерге аударуға;
-туындыны өңдеуге (романды фильм сценарийі етіп өзгерту).
-Туындыны тіркеген соң:
• Тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысанның әдебиет және өнер туындысы
екенін растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;
• Туынды авторының жеке мәліметі көрсетіледі және сол автор сот басқаша
шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;
• Шығарманың шыққан күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға
түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;
• Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол
құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;
• Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі,
сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдейтін құжат
ретінде қабылдайды;
•Тіркеу туралы куәлік болса, авторлық құқықтың бар екенін және иеленетінін
растайтын келісімшарт көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің
барлығы куәлікте жазылған;
• Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап
етіледі;
• Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық
бағалаушыларына жүгінгенде қажет;
• Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде сот шығарманы
авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен
салыстыра алады.
Авторлық құқық объектiлерi болмайды:
1) ресми құжаттар және олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер,
ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармалары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
Қандай жағдайда адам туындының авторы болып саналады?
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу
фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге
асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы рәсiмдеу немесе
қандай да болсын шартты сақтау талап етiлмейдi.
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор немесе
құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы.
Белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай 2
элементтен тұрады:
1) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
2) туындының алғаш жарияланған жылы.
Өзге де дәлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе
данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы авторлықтың
презумпциясы деп есептеледі. Авторлықтың презумпциясы тек автордың
өзіне қатысты ғана қолданылады.
Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың
бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда),
туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған
кезде ол автордың өкiлi саналады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын
қорғауға, жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл туындының
авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше
қолданыла бередi.
Қазақстан авторлары қоғамы
Елімізде «Қазақстан авторлары қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі
жұмыс істейді. Бірлестік авторлардың мүліктік құқығын басқару, яғни
авторлардың атынан олардың туындыларын пайдалануға рұқсат берумен,
авторлық сыйақыларын жинаумен, жиналған сыйақыны бөлу және төлеумен
айналысады. Сонымен қатар «ҚазАҚ» авторлардың шағымымен немесе өз
бастамасымен де авторлардың бұзылған құқығы үшін сотқа жүгініп, өтемақы
Достарыңызбен бөлісу: |