2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Тақырып: Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері
Үшбұрыштардың ұқсастық белгілері
Оқу мақсаттары:
9.1.4.1- үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану;
9.1.4.15- тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу жне қолдану;
9.1.4.16- үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану;
9.1.4.17-ұқсас фигуралардың аудандары және ұұсастық коэффициенті арасындағы
тәуелділік формуласын білу.
Бағалау критерийі: Білім алушы:
Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін біледі және есеп шығаруда қолданады;
Тікбұрышты үшбұрыштар ұқсастығын біледі және қолданады;
Үшбұрыш биссектриса қасиетін біледі және есеп шығаруда қолданады;
ұқсас фигуралардың аудандары және ұұсастық коэффициенті арасындағы
тәуелділік формуласын пайдаланып есеп шығарады
Ойлау дағдылары: Білу және қолдану
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырма
І – нұсқа
Қабырғалары 2,5см, 4,5 см, 5см болатын үшбұрыш берілген. Бұған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы 6 см. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Бойының ұзындығы- 1,6 м болатын қыз шам жарығынан 12 м қашықтықта тұр. Шам 4.8 м бағанға ілінген болса, қыздың көленкесін табыңыз?
АВС және СЕД үшбұрыштары берілген. АВ=6см, BC=2см, CD=2.5 см болса, ED табыңыз
АВСD квадратының қабырғасы 15 см-ге тең. AB және DFK үшбұрыштың ауданы болса:
а) DFK және ЕВК үшбұрыштарының ұқсастығын негіздеңіз;
b) DF және FK ұзындықтарын табыңыз;
с) ЕКВ және DFK үшбұрыштарының аудандарының қатынасын табыңыз
ІІ нұсқа
Қабырғалары 0,8 м, 1,2 м және 2м болатын үшбұрышқа ұқсас болып келетін үшбұрыштың периметрі 5,5 м. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Қабырғалары 7см, 4 см, 5,6см болатын үшбұрыш берілген. Бұған ұқсас үшбұрыштың бір қабырғасы 12см. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.
АВС және СЕД үшбұрыштары берілген. АВ=6см, BC=2см, CD=2.5 см болса, ED табыңыз
АВСD квадратының қабырғасы 15 см-ге тең. AB және DFK үшбұрыштың ауданы болса:
а) DFK және ЕВК үшбұрыштарының ұқсастығын негіздеңіз;
b) DF және FK ұзындықтарын табыңыз;
с) ЕКВ және DFK үшбұрыштарының аудандарының қатынасын табыңыз
Бағалау критерийлері
|
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Есеп шығаруда үшбұрыштар ұқсастығын қолданады
|
1
|
Бірінші үшбұрыштың периметрін табады
|
1
|
Ұқсастық коэфициентін анықтайды
|
1
|
Екінші үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табады
|
1
|
Жауабын жазады
|
1
|
2
|
Ұқсастық коэфициентін табады
|
1
|
Екінші үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табады
|
1
|
Үшбұрыш периметрін табады
|
1
|
Жауабын жазады
|
1
|
Есеп шығаруда тікбұрыш-ты үшбұрыштардың ұқсастығын қолданады
|
3
|
Тікбұрышты үшбұрыштар ұқсас екенін дәлелдейді
|
1
|
ұқсас үшбұрыштардың сәйкес қабырғалары арқылы қатынас құрады;
|
1
|
ЕD ұзындығын табады;
|
1
|
Ұқсас фигуралардың
аудандары және ұқсастық
коэффициенті арасындағы
тәуелділік формуласын
қолданады
|
4
|
екі кіші үшбұрыштың ұқсастық коэфициентін
табады;
|
1
|
АВ ұзындығын табады;
|
1
|
кіші және үлкен үшбұрыштардың ұқсастық
коэфициентін табады;
|
1
|
ВС қабырғасының ұзындығын табады.
|
1
|
Барлығы:
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |