Тақырып. Тоқырау жылдарындағЫ Қазақстан



бет1/2
Дата15.01.2024
өлшемі37.3 Kb.
#489109
  1   2
Дәріс 9-10. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.) (2)

    1. ТАҚЫРЫП. ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ Қазақстан (1965-1985 жж.).




9.1 1965ж. экономикалық реформалар: себебі, мазмұны және нәтижесі
50-жж. аяғы – 60-жж. бас кезіндегі экономикадағы реформалар мен қайта құрулар жеткілікті нәтиже берген жоқ. Экономикалық даму қарқыны төмендеді. Осыған байланысты елдің жаңа басшылығы экономикалық реформаларды жалғастыру қажеттігін жақсы түсінді.
Қайта құрулар ең алдымен ауыл шаруашылығын қамтыды. КОКП ОК 1965 ж. наурыз пленумында ауыл шаруашылығы саласында орын алып отырған кемшіліктерді жою шаралары белгіленді. Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақсарту, колхоздар мен совхоздарды шаруашылық есепке енгізу, еңбектің материалдық және моральдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды. Егістіктерді тиімді пайдалану жүйесі енгізіліп, ауыл шарушылығының материалдық-техникалық базасын нығайту міндеті қойылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудың алдын-ала нақты жоспарлары белгіленді. Астық және мал өнімдерін дайындау бағасы өсті. Колхозшылар кепілді жалақы ала бастады. Жоспардан тыс сатып алған өнім үшін үстеме ақы төлеу белгіленді. Колхоздардан табыс салығын алу шарттары өзгертілді. 1966-1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд сом қаржы бөлінді.
1965 ж. күзінде өнеркәсіп саласында экономикалық реформалар басталды. Кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізіле бастады. Жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша жоғарыдан белгіленетін жоспарлық көрсеткіштер саны азайды, кәсіпорындардың табысы есебінен арнайы ынталандыру қорлары құрылды. Қабылданған реформа бойынша кәсіпорынның жұмысының басты көрсеткештерінің бірі ретінде өткізілген өнімінің сапасына баса назар аударыла бастады. Экономиканы басқару жүйесіне де өзгерістер енгізілді :халық щаруашылық кеңестері таратылып, салалық министрліктер қалпына келтірілді.
1965 ж. экономикалық реформаны жүргізудің тағы бір тиімді жағы - бұл реформа 1965-1967 жж. тәжірибе ретінде еліміздің кәсіпорындарының бір бөлігінде ғана жүзеге асырылды. Оның барысында реформаның тиімді жақтары анықталды, толықтырылды. Тек содан кейін ғана бүкіл ел көлемінде жүзеге асырыла бастады.
Реформа экономикалық дамуға белгілі бір дәрежеде серпін берді.1966-1971 жж. сегізінші бесжылдық («алтын бесжылдық») жоспар негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызға артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі бір дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымның шеңберінен шығуына жол бермеді.
70 жж. басында реформа жүргізу тоқтатылды. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси салада демократияландыру үрдісінің тежелуі болды. Қоғамның саяси құрылысына, меншік қатынасына өзгерістер енгізген жоқ. Мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтап қалды. Сол кездегі мемлекет басшылығы экономикалық реформаның тереңдеуіне жол бермеді, өйткені олар әкімшіл-әміршіл жүйені сақтап қалуға тырысты.
Реформадан бас тартудың көптеген зардаптары болды. Ең бастысы экономиканың дамуын бұрынғыша экстенсивті факторлар белгіледі.Теріс құбылыстар көбейді.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет