Орындаған: Ташимбетова Гаухар
Қабылдаған: Кудайбергенова Гульзира
ТАКЫРЫБЫ:ЭТАЛОНДАР
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Эталонны
ң түрлері
1.Алғашқы эталон-бұл ғылыми-техникалық
жетістіктердің қазіргі
деңгейінде өлшеудің осы саласында мүмкін болатын ең жоғары
дәлдікпен физикалық шаманың бірлігін сақтайтын эталон.
Эталондар алғашқы, екінші ретті және жұмысшы болып жіктеледі.
Алғашқы эталонға екінші және жұмысшы эталондар бағынады.
Екінші эталондардың бейнелейтін бірліктерінің өлшемдері
мемлекеттік эталонмен
келісіледі. Екінші эталондарды ҚР мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар
бекітуі мүмкін.
Жұмысшы эталондар-бірліктің өлшемдерін екінші эталондардан қабылдайды және
өз кезегінде өлшемнің жұмысшы құралдарына өлшемді беру үшін қолданылады.
Екінші ретті эталон-сәйкес физикалық шаманы
алғашқы эталонмен салыстыру
жолымен алынатын бірлік мөлшерін сақтайды.
Ұлттық эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы
құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда үлттық эталондарды ҚР Мемстандарты
бекітеді.
СИ жүйесінің негізгі шамалары да, туынды шамалары да салыстырылады.
Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және
килограмм эталондары әрбір 25
жыл сайын, ал электрлік және жарықтық
эталондар - 3 жылда бір рет салыстырылады.