«такси» ЖҮйесінде клинеттерге қызмет көрсету



Дата06.03.2016
өлшемі68 Kb.
#44256
УДК 656.022.3:004.9

«ТАКСИ» ЖҮЙЕСІНДЕ КЛИНЕТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ


Букаева С.Е.


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар
Ғылыми жетекші – Оспанова Н.Н.
Соңғы жылдары адамдардың күнделікті өмірі қарқынды болып келеді. Сонымен бірге такси қызметін қолдану жиілеп кетті. «Такси» жүйесі клиенттеріне қолайлы жағдайлар жан-жақты жасалынып жатыр. Алайда бұл жүйенің ақаулықтары да бар. Бүгінгі күні көптеген такси фирмаларында келесі акция өтуде: «n-ші ретті тапсырыс берген жағдайда, клиентке сыйға бір тегін жүру мүмкіндігі беріледі». Бірақ бұл жүйенің бір ақаулығы бар, клиент өзінің нешінші рет тапсырыс беріп жатқандығын еске сақтай алмауы мүмкін, соның салдарынан тегін жүру мүмкіндігінің бар-жоқтығы жайлы хабардар бола алмайды. XXI ғасырда барлық адамдар электрондық поштамен жұмыс жасайды, ол клиенттер өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Тегін жол жүру туралы хабарлама сәйкес клиенттің электрондық поштасына келіп түседі.

Жобаны жүзеге асырудың мақсаты – тaкcи клиeнттeрiмeн кeрi бaйлaныcты орнaтa aлaтын бaғдaрлaмaны құру, яғни n-ші ретті тапсырыс берген кезде, акция бойынша сәйкес клиентке тегін жүру мүмкіндігі туралы хабарлама жіберетін бағдарлама құру.

Зерттеу барысында осы жобада әзірленген бағдарламалық қамсыздандыру сияқты бағдарламалар Қазақстан Республикасында қолданылмайтыны анықталды. Мүмкіншілікті бағдарламалар [2]: «Лидер, заказ такси», «Taxion», «Taxi online» және басқа да бағдарламалар бар, алайда олардың қызметтерінің арасында тегін жол жүру туралы хабарландыру деген функциясы жоқ. Кейбір ресейлік такси фирмаларында саны шектелген карточкаларды таратып, әрбір тапсырыс жасаған сайын, жүргізуші оны толтырып отырады. Сонда қағаз бетінде тапсырыстар саны жазылып, n-ші ретке келгенде тегін жүру мүмкіндігін пайдалана алады [3]. Менің ойымша, бұл қолайлы емес, себебі клиент бұл карточканы жоғалтып алуы мүмкін және жүргізушінің бұл карточканы толтыруға уақыты кетеді.

1-cурeт – «Тaкcи жүйeci» бaғдaрлaмacының интeрфeйci
Әзірленген бағдарламада деректер қоры, яғни клиенттер туралы ақпарат сақтайтын бөлігі; тегі, аты, телефон номері және басқа да деректер бойынша қажетті клиент туралы толық ақпаратты табу бөлігі бар.

Әзірленген бағдарлама интерфейсі түсінікті болып келеді, яғни бұл бағдарламамен жұмыс жасау үшін арнайы компьютерлік білім қажет емес. Түстер адам көзіне жағымды әсер ететіндей етіп таңдалған (1-сурет).

Пайдаланушы клиенттер туралы ақпаратты тіркеу, өзгерту және жою мүмкіндіктеріне ие. Клиент алғашқы рет тапсырыс берген кезде жаңадан клиент туралы ақпарат деректер қорына қосылады. Егер де клиент кейін тапсырыс берсе, өзінің тегін, атын не басқа да ақпаратты беру арқылы, тіркеуші ол туралы қажетті ақпаратты жылдам арада тауып алып, тапсырыс санын жоғарылатады. Егер тапсырыс n-санына тең болған жағдайда, клиенттің электрондық поштасына автоматты түрде тегін жүру туралы хабарландыру келіп түседі (2-сурет). Бағдарламамен жұмыс шығу батырмасын шерту арқылы аяқталады.

2-cурeт – Клиeнттiң элeктрондық поштacындaғы хaбaрлaмa
Қорытындылай келетін болсақ, осы жобада әзірленген компьютерлік бағдарлама жол көлік апаттық жағдайларын алдын ала модельдеу арқылы, математикалық формулалар мен заңдарды қолданып, белгілі бір жағдайды құру үшін қажетті мәндерді біле отырып, соңғы нәтижені анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қажетті есептеулер орындалғаннан кейін, бағдарлама көлік жолындағы қатысушылардың қайсысы жол ережесін бұзғанын не ереже сақталған болса, соны анықтап, экранға сәйкес хабарландыру шығарады. Мұндай бағдарламаларды жол полиция мекемелерінде қолдану қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, айқын нәтижеге әкеледі.

Әдебиеттер

1. Гофмaн В. Э. Рaботa c бaзaми дaнных в Delphi / В. Э. Гофмaн. – CПб.: БХВ – Пeтeрбург, 2003. – 366 c.



2. http://www.google.kz

3. http://www.taxi-city43.ru/kazhdaya-10-ya-poezdka-besplatno.html

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет