Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана



Дата23.02.2016
өлшемі82.72 Kb.
#3397
Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі
Оқырман саны: 650j0237831

Кітап берілімі: 16171 дана.

Кітап қоры:11391 дана.
Талдыбұлақ ауылы Сырым ауданының солтүстiгiнде орналасқан. Ол аудан орталығынан 60 шақырым, ал Ақсайдан 70 шақырым жерде жатыр. Ауылдың оңтүстiгiнде Аралтөбе, Өлеңтi, солтүстiгiнде Александровка (Бөрлi ауданы); шығысында Тасқұдық, Бұлдырты, батысында Алғабас ауыл аймақтарымен шектеседi.

Округте 2 мектеп бар: Талдыбұлақ орта мектебi, Қазақстан отарлау мектебi, онда 38 мұғалiм жас жеткiншектерге бiлiм беруде .



«Бөбек» бала бақшасы, АТС, почта, дәрiгерлiк пунк, 2- кiтапхана, мәдениет үйi жұмыс жасайды. Жалпы жұмысқа жарамды халық саны – 595 болса, соның iшiнде ауыл шаруашылығында еңбек ететiндерi – 380 адам. Ауыл шаруашылық құрылымдарының бәрi де егiн салумен айналысады.

Кітапхана 1974 жылы 20 қазан күні ашылды. Кітапханашы болып ең алғашқы рет Уразгалиева Шайзада Айтбайқызы қызмет етті. Кітапханаға Тасқұдық ауыл кітапханасынан 150 дана кітап келіп түсті. 150 дана кітаптың 50-көркем әдебиет, 6-ауыл шаруашылығы, 15-қоғамдық саяси әдебиет, 44-брошюрлар, 35-әртүрлі саладағы әдебиеттер. Бағасы 56 сом 45 коп.

1974 жылы жыл бойына келіп түскен әдебиеттер саны-1099 дана. Оның 326 қоғамдық саяси әдебиет, 3 жаратылыстану, 39 ауылшаруашылығы, 8 техника, 8 өнер және спорт, 491 көркем әдебиет, 166 мектепке дейінгі балалар әдебиеті, 58 әртүрлі саладағы әдебиеттер. Бағасы 534 сом 54 коп.
Уразгалиева Шайзада Айтбайқызы 1954 жылы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орал қаласында 1 жылдық бухгалтерлік училищені бітірген. Негізгі мамандығы-есепші. 1977 жылы Орал қаласында 1 айлық кітапханашы курсын оқып келген.

1975 жылы кітапханаға жыл бойына 337 әр саладағы кітаптар келіп түскен, оның 63-қоғамдық саяси, 10-жаратылыстану, 6-техника, 14-ауыл шаруашылық, 1-өнер,113- көркем әдебиет, 72-балалар әдебиеттері, 30-әртүрлі саладағы әдебиеттер. Бағасы 139 сом 15 коп. Кітаптарды Алғабас, Алатау ауыл кітапханасынан, аудандық кітапханадан алынған.

1976 жылы 28 қаңтар айынан бастап 26 желтоқсанға дейін кітапханаға 414 кітап келіп түскен. Оның 88-қоғамдық саяси әдебиет, 13-жаратылыстану, математика, медицина, 15-техника, 38-ауыл шаруашылығы, 14- өнер, спорт, 187-көркем әдебиет, 44-балалар әдебиеті. Оның 213 қазақ тілінде, 201 орыс тіліндегі әдебиеттер. Бағасы 258 сом.

1977 жылы кітапханаға аудандық кітапханадан, обл. биб. коллектор, мекеме өз есебінен жыл бойына барлығы 432 кітап келіп түскен. 82-қоғамдық саяси, 8-жаратылыстану, матем, медицина, 8-техника, 28-ауыл шаруашылығы, 7-өнер, 199-көркем әдебиет, 64- балалар әдебиеті, 24-әр саладан келіп түскен. Оның 289 қазақ тілінде, 143 орыс тілінде. Бағасы 300 сом. 1977 жылы кітап қорынан 70 кітап брошюрлар ескіріп, жыртылып қордан актке шығарылды. Оның 20 қазақ тілінде, 50 орыс тілінде.

    1. жылдар аралығында кітапханаға 2282 дана кітап

келіп қосылған. Бағасы 1227 сом 02 коп.

  1. жылы Шайзада Айтбайқызы өз мамандығы бойынша

  2. басқа жұмысқа орналасуына байланысты, кітапханашы

болып ауданнан Уразгалиева Гүлбарам деген қызбала келіп жұмысқа орналасты.

  1. жылы кітапханаға 460 кітап келіп түскен. Оның 364

қазақ тілінде. Сол жылы 289 брошюрлар ескіріп актке шығарылған.

1978-1982 жылдар аралығында Талдыбұлақ ауыл кітапханасында кітапханашы болып Уразгалиева Гүлбарам еңбек етті.

1979 жылдың аяғында 2980 кітап қоры болған. Оның 1398 қазақ тілінде. Кітаптың берілу саны-2554. Оның 1520-қазақ тілінде. Оқырман саны –152, оның 61-балалар оқырманы. Оқырманның кітапханаға қатысуы-1878. Көпшілік өткізілген шара саны-47, соның ішінде бала оқырмандарымен-15 шара өткізілген.

1980 жылдың аяғында кітапханада 3570 кітап қоры болған. Оның 1658 қазақ тілінде болса, 1912 орыс тіліндегі әдебиеттер. 230 оқырман болған. Оқырманның кітапханаға қатысуы 1880. Кітаптың берілу саны-2576. Көпшілік өткізілген шара саны-51, соның ішінде бала оқырмандарымен -16 шара өткізілген. Салыстыра қарап отырсақ кітап қоры жылма жыл өсу үстінде.

  1. жылы кітапханада 4173 кітап қоры болған. Оқырмандар

саны-210. Берілген кітап саны-2808. Өткізілген көпшілік шаралар саны-38, соның ішінде балалармен –12.

1982 жылдың шілде айынан бастап, Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығын бітірген, арнаулы орта білімі бар Кенесарина Лиза Бақтығұлқызы кітапханашы болып жұмысқа орналасты.

иза Бақтығұлқызы 1959 жылы Жымпиты ауданы Сарой селолық советі Ағоба ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Тасқұдық орта мектебін аяқтап, 1978-80ж.ж. Тінәлі ауыл кітапханашысы болып бөлімшеде еңбек еткен. 1980 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөліміне оқуға түсіп 1982 жылы аяқтап шықты.

Кітапханада көпшілік шараларды әрдайым ауыл әкімшілігімен, комсомол ұйымымен, мектеппен бірлесе отырып өткіздік. Армия қатарына шақырылған жастарға туған топырағын табыс етіп, шығарып салу кештерін, 16 жасқа толған жастарға куәлік табыс ету кешін, ақын-жазушылардың мерекелік әдеби кештерін, тақырыптық кештерді ауыл жастары, жасөспірімдер арасында әрдайым өткізіліп отырды.

1982 жылдың аяғында кітап қоры - 4533. Оқырман саны – 257,

соның ішінде 15 жасқа дейінгілері – 99. Оқырманның кітапханаға қатысуы -2023.

Оқырмандарға берілген кітап саны -2849. өткізілген көпшілік шаралар саны – 47, соның ішінде балалармен –28. Жыл бойына 611 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті.

1983 жылы кітап қоры -5171. Оның 2143 – қазақ тілінде, 3028 орыс тіліндегі әдебиеттер. Оқырмандарға берілген кітап саны - 6501, соның ішінде бала оқырмандарға - 2962.

Оқырман саны - 277. өткізілген көпшілік шаралар саны - 48, соның ішінде балалармен - 24. Көп даналы әдебиеттерді басқа кітапханаға 60 экз. акт арқылы аударылды 1983 жылы Жайықтан түлеп ұшқан ақын А. Бақтыгереевамен Талдыбұлақ еңбек адамдарымен кездесу өтті.ақын жыры сыршыл да әсерлі, қанша оқысаңда жалықпайсың. Кітапхана оқырмандарымен жүздесіп, ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып, оқырмандар сұрақтар қойып, оған ақын тұшымды жауаптар қайтарды. Үлкен көрме ұйымдастырылды, көрмедегі “Жайық қызы” кітабына ақын өз қолтаңбасын қалдырды.



1984 жылы кітап қоры - 6122. Оның 2240 қазақ тілінде, 3882 орыс тіліндегі әдебиеттер. Оқырмандарға берілген кітап саны – 6672, соның ішінде бала оқырмандарға -3166. Оқырман саны - 308. Өткізілген көпшілік шаралар саны - 52, соның ішінде балалармен - 27.

1985 жылы Талдыбұлақ ауыл кітапханасына кітапханашы болып Орал қаласында сырттай 1- жылдық кітапханашы курсын бітірген Ажимова Ботакөз апай жұмысқа орналасты.


Ажимова Ботагөз 1949 жылы Қособа совхозы, Амангелді колхозында дүниеге келген.1956-66 жылдары Жымпиты орта мектебін бітірген.


    1. жылға дейін Қосаба орта мектебінде

кітапханашы болып жұмыс істеді. 1967-68 жылдары Орал қаласында сырттай 1- жылдық кітапханашы курсты бітірген. жылдар аралығында Қызыл - Ақырап

ауыл кітапханасында жұмыс жасаған 1985-88 жылдар аралығында Талдыбұлақ ауыл

кітапханашысы болып қызмет атқарды 1985-90 жылдары арасында кітап қоры - 7543 - 8665 дейін

өскен. Оқырман саны –248-356 дейін көтерілген. Берілген кітап саны -6363-10005. Өткізілген көпшілік шаралар саны –55, соның ішінде балалармен- 23.

1990-92 жылдар аралығында Опиева Гүлнар Камидоллақызы кіапханашы болып қызмет етті.


Опиева Гүлнар Камидоллақызы 1956 жылы Тайпақ ауданында дүниеге


келген. 1972 жылы Тасқұдық орта мектебін бітірді. 1972 –74 жылдар аралығында Кінәлі бөлімшесінде еңбек жолын бастады. жылы Ақтөбе мәдени ағарту учтлишесінің «Кітапхана ісі» мамандығына түсіп 1979 жылы аяқтап шықты. 1990 – 92 жылдар аралығында Талдыбұлақ ауыл кітапханасында кітапханашы болып қызет атқарды.
1990 – 2000 жылдары кітап қорының өсімі – 8665 –9318 данакітапқа жеткен. Оқырман саны –356-605 дейін көтерілген. Оқырмандарға әр сала бойынша берілген кітап саны – 10005-10394 дейін өскен. Оқырманның кітапханаға келім саны жыл бойына есептелгенде –2079-3487 дейін көтерілген.

2000-2006жылдар арасында кітапхананың көрсеткішіне тоқталатын болсақ, кітап қоры –9318-11152 дейін, оқырман саны – 605-665. Ауыл тұрғындарының халық санының 70%-ті кітапханаға қамтылып отыр. Оқырмандарға кітап берілімі – 10394-15500 дейін көтерілген.

Осы көрсеткіштерге зер сала тоқталсақ, бақылау көрсеткішінің өсуі кітапханаға жаңа кітаптардың жылма-жыл көптеп келіп, оны оқырмандар арасында кеңінен насихатталып оқуына әрдайым басшылық жасап отырылады.

Облыстық А.П. Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2006 жыл 25-26 сәуір күндері өткізілген «Кітапхана – балалар мен жасөспірімдерді құқықтық ағарту» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып оқырмандар арасында құқықтық тәрбие бағытында бейне таспаға түсірілген, істелген жұмыстарды көрсетіп алғыс хатпен марапатталдым.

Кітапхана көрсеткіші




















































2004 2005 2006 2004 2005 2006 2004 2005 2006



Кітап қоры Оқырман Кітап берілімі

Талдыбұлақ ауылдық округінде тұрғын саны – 929. Кітапхана халық санының 70% қамту керек болса, ауылдық кітапханаға ауыл тұрғынының 70% толық қамтылып, оқырман болып тіркелген.




  1. жыл Елбасы Н.Назарбаевтын Қазақстан халқына арнап, 2007-2010 жылдарға арналған «Оқуға құштар Қазақстан» атты бағдарламасы барша кітапханада «Оқитын ел бәсекеге қабілетті қоғам негізі» атты көрме ұйымдастырып, онда ақын-жазушылардың мерейтойына арналған көрмелер шығарылып, оқырманға насихаттауда. Бағдарламаның басты мақсаты: оқырманға бұрыннан таныс талантты ақын-жазушылар мен жаңадан шыға бастаған жас есімдерді назардан тыс қалдырмау.

  2. жылы 9 ай ішінде кітапханаға 171 жаңа кітаптар келіп түсті, оның 135 қазақ тіліндегі әдебиеттер. Оқырман саны 511 болып тіркелді, оның 15 жасқа дейінгілері 236 оқырман. Оқырмандарға берілген кітап саны –11528. Соның 10442 қазақ тілінде. Балалар оқырмандарына 5420 кітап берілген, соның 5050 қазақ тілінде. Оқырмандардың кітапханаға қатысуы –3182. Кітаптарды насихаттауға бағытталып өткізілген көпшілік шаралар саны –31, оған қатысқан оқырман саны –583.Талдыбұлақ ауыл кітапханасаның басты міндеті: ауыл тұрғындарына кітапханалық кызмет көрсету, әдебиеттерді насихаттау, қорды әлеуметтік ерекшілегі бар әдебиеттермен толықтыру, оқырман талабын қанағаттандыру.

Талдыбұлақ ауыл кітапханасының негізгі жұмыс бағыты: «Қазақстан 2030» даму стратегиясының және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын кенінен насихаттап, жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақтардың медениетті, білікті, білгір маман болып қалыптасуына кітап, баспасөз құралдары арқылы оқырманның саяси санасының өсуіне, салт-дәстүрімізді сақтау, ұлттық көзқарасты, құқықтық тәрбиені жастар арасында кенінен насихаттап қалыптастыру. Кітапханада «Кітапхана және отбасы» атты әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. Клуб құрамы 7 адамнан құралған. Клуб мақсаты: оқырмандарды жанұясымен кітап оқуға тарту, отбасы бірлігін сақтай отырып, ой өрісін кеңейту. Сонмен бірге «Бұлақ» атты әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелері 10 адамнан құралған. Клуб мақсаты: баларға әдебиет арқылы қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету. Клуб жыл басында құрылған жоспар бойынша жұмыс жасайды.

Кітапхана мектеп ұжымымен, ауыл дәрігерлер қызметкерлерімен, бала-бақша тәрбиешілерімен, жастар қоғамдық бірлестігі жетекшісімен, әлеуметтік көмекті қажет ететін бөлім жетекшісімен, әкімшілік қызметкерлермен және жеке шаруашылық ұйымдарымен, мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыс жасаймыз. Көпшілік шараларды өткізуде бірге жұмыстанамыз. Көпшілік шараларды өткізерде облыстан және ауданнан келген әдістемелік көпшілік құралдардың пайдасы өте көп.





  1. жылы 28 мамыр күні ауылды дамытуға арналған Талдыбұлақ ауылында көшпелі тәжірибелі семинар болып өтті.

«НұрОтан» ХДП-ның семинары «Көктөбе» ЖШС-ның жетекшісі К.С.

Төлегеновтың бастамасы бойынша өткізілді. Тәжірибелі семинарға

облыстық, қалалық, аудандық маслихат депутаттары, ауыл әкімдері

қатысты. Келген қонақтар НұрОтан ХДП-ның Батыс қазақстан облыс



филиялы төрағасының орынбасары Кенжебай Нығмет бастаған топ

кітапханаға келіп , кітапхана жұмысымен танысып өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет