Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы



Дата08.06.2016
өлшемі177 Kb.
#122969
Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы

 

1.Танымның философиялық тұғырнамалары



2. Ойлау және тiл

3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi

4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк

5. Ақиқат мәселесi

6. Ғылыми таным және оның спецификалық ерекшiлiктерi

7. Бiлiм алу танымның ерекше формасы ретiнде

      

1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада “делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады.

Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.

Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.

*Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.

*Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдi қалыптасатың адамның қабiлетi  деп түсiну.

*генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”,“Интелект психологиясы”, швейцар психологы, генетикалық эпистемологияның негiзiн қалаушы, интелектiн дамуында төрт сатыны бөлдi:сенсомоторлық, операцияға дейiнгi, нақты операциялар кезенi, формальды операциялар кезенi, ал операция деп субъектiнiң iшкi әрекетi мен сыртқы заттық әрекетiнiң ттуындысыңтүсiндi) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интелект және ойлау операцияларын қамтитын, бiркелкi жүйеге ұымдастырады.”

*танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.

Жоғарыда аталған тұғырнамалар мен қатар басқада теориялар бар, олардың арасындағы сындарлы (конструктивное) қарым-қатынас жүруге мүмкiндiк беретiн және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзетiн.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.



Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер немесе объектiлердiн элементтерi (форма жағынан) түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).

Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады. Сана сенсорлы мәлiмдемелердi әр түрлi қабылдау мүмкiн, бiр бейнеден әр түрлi объектiлердi шығару. Бiрақ, көптеген жағдайларда сана объектiлердi дұрыс (адекватты) қабылдайды. Қабылдаудың бұл қасиетi тұрақты шама (константность) деп аталады. Қабылдау бiртұтастық және тұрақтылық қасиеттерiнен басқа, тандалмалы қасиетiне де ие, ол бiр объектiнi басқа объектiмен салыстыра отырып оны басқалардаң айыра бiлу және оқшаулау ды бiлдiредi.

Мәселе шешу: Соқыр боп туған адамдар, көздерiне дұрыс операция жасалғаннаң кейiн  айналадағы дүниенi бiрiншi көрген кезде,  көп уақытқа дейiн заттардың формалары мен  көлемдерiн, олардың бiр-бiрiнең алыс тұрғаның ажырата алмайтыны белгiлi.

 Мұны қалай түсiндiруге  болады?   



Елестету- сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байкау (созерцание) мен абстрактiлiойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратың, йндивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жаңама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады. Оның ерекшлiктерi:

*бұл сезiмдiк бейне,  адам  таным затымен тiкелей арақатынаста болмаған сәтте де, санада жаңғыртылады;

*оның ерекше белгiлерiнiң бiрi, жалпылық және абстрактiлiк (заттың жеке қасиеттерi мен оның ерекше белгiлерiн жоғалту);

*адам санасында бейнеленген, қабылданған бейнелер, шығармашылық тұрғыдан бiрiктiрiлiп, шындықта жоқ жаңа бейнелер (бейне-үлгi (модель), бейне-мақсат, бейне-жоспар) жасауға әкеледi, бұл процесс- қиял деп аталады, осыз еш творчесволық әрекет болуы мүмкiн емес.

Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгi өзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация).

Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың  таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен  тығыз байланысты.

Оның бiрiншi формасы ұғымзаттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы.   Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгi қозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық).    Ойлаудың қандай түрi болмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в) ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.

Пiкiр ұғымдардың логикалық байланысынаң құрылады. Пiкiр арқылы адам шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысың анықтайды. Басқалай айтқанда пiкiр  адамның ойлау қабiлетi  деуге болады.  Пiкiр-ұғымның байланысының көмегiмен бiрдене жайында не қостайтын не терiстейтiн ойдың формасы. Пiкiрдiң негiзгi элементi ұғым болып табылады, өйпкенi пiкiр ұғымның мiнiң ашып бередi. Басқаша айтқанда ұғымдарды “ұғуға”, түсiнуге көмектеседi. Мысалы: оқыту-ұғым, оқыту- диалектика заңдарына сай келетiн булумдер алмасу және жаңа бiлiм алу процессi- пiкiр.     Пiкiрдiң тiлдiк формасы граматтикалық сөйлем болып табылады. Пiкiрдiң таным формасы- ақиқатты немесе жалғандықты бiлдiредi. Ештене бiлдiрмейтiн пiкiр болмайды.

Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ойқортынды болып келедi. Ол- белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн- пiкiр  болып табылады. Ойқортынды- екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып табылады  Ойқортындының маңызды белгiсi: ол арқылы адам шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарың  тiкелей  байланысқа кiрмей ақ, ол туралы бiлiм ала алады, пайымдау арқылы, жаңама түрде.

Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым (рассудок) және зерде (разум) өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.

Пайым мен зерденiн өзара қатынасын түсiндiруге И.Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан сон ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде  одан жоғары ештене жоқ”.  Канттың айтуынша пайым- пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным нагiзiнде алыңған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi классификациялап, жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi.Ал зерденiң, өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiн қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнең шықпайтың болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiн бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, терендетедi.Пайым мен зерденiн ерекшiлiктерiн анықтай отырып Кант оқушының интелектуалды қасиеттерiн дамыту жолдарың ұсынды: 1) жалпыны тану, пайымдау қабiлетiн қалыптастыру, ережелер құруға үйрету; 2) пiкiр қалыптастыру, ерекшенi жалпыға келтiруге үйрету; 3) жалпыдан ерекшенi белгiлеу, принциптердiн өзiң қалыптастыруға үйрету, зерденi қалыптастыру.   

Мәселе шешу: Канттың негiзгi принциптерi (максималары) даналыққа әкеледi:

· өзiнiң пiкiрiн болуы;

· өзiн басқаның бәрiнде көре бiлу, өзiн ойлау (қарым-қытынас);

· үнемi өзiмен үйлесiмдiлiкте ойлану.



Осы принциптердi данышпан болуға жеткiлiктi деп ойлайсындарма?

Қандай максималарды, даналыққы әкелетiн, сендер ұсына аласындар?

 Қазырғы педогогика мен психология пайымдау қабiлетi Канттың түсiнiгiне қарсы, туғаннаң болмайтының көрсетедi. Бұл қабiлет тек нақты практикалық және теориялық әрекет барысында қалыптасады.Ақыл-ойдың екi компонентi ретiнде пайымдау мен зерденi ғылым да мойындайды: сол жақ жарты шарлық ойлау- пайымдаулы ойға жатады, ол қаталдау, абстрактiлi, кестеленген, логикалық тұрғыдан реттелген болып келедi; оң жақ жарты шарлық ойлау- бұл зерделi, түсiнү-мәндi ойға жатады, жалпы бейнелеу, ңақтылық, бiртұтастық болып келедi, бұл шығармашылық-құрылымдық ойлау, нақтылықтын жалпы бейнесiн бiртұтас күйде қамтитын.

 Таным процесiнде маңызды орынды сезiмдiк және рационалдының өзара қатынасы мәселесi алады. Бұл мәселемен байланысты екi қарама қарсы пiкiрлер қалыптасты: сенсуалистер- танымда сезiмдiк формалардың маңыздылығын арттыра бағалайды; ал рационалистер- керiсiнше абстрактiлi ойлау формаларына шешушi орын бередi. Ал сонғы кездерi бұл танымның екi түрлерiде маңызды екенiң, екеуiнде бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға, ажыратуға болмайтының дәлелдедi, өйткенi олар бiрi-бiрiнен өтiп жатады.     

2. Адамға дүниенiн iшкi мәнiн үңiлуге, табиғаттың, қоғамның, тухани өмiрдiң даму заңдылықтарың бiлуге, адам санасының ең жоғары бейнелеу формасы- ғылыми абстракциялық, теориялық ойлау көмектеседi.

Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтi психологиясында ойлау- есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм- сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тстайды; вирцбург мектебiнiң  психологтары- ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы- ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.

Жалпы, ойлауды- сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу)  қалыптасатының дәлелдейдi.

Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы  басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi.



Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi.  Ойлаудың  мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.

Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi  бейнелеу болып келсе, ойлау- iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де) жанама (косвенно, опосредованно) ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiн элементтерi ойлаудың абстракциялау және жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады. Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.



Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мәнқалыптастыру (смыслообразующая); 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдененi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады- коммуникативтi; 3)тiл, ойды жеткiзу құралы болғанымен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады- гносеологиялық, 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптар, ережелерi мен идеалдар) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу,  бiлiм беру iске асады- әлеуметiк-мәдени.

Сонымен, адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi роль ойнайды. Ол адамға дүниенi игеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрек барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi. Мысалы: Гумбольт- тiл туралы ойды дамытып, оны “халық рухынын” көрiнiсiнiң формасы деп түсiндi; Кассирер- тiлдi адамның туғаннаң бар, символдармен қолдану  қабiлетi деп түсiндi; Бергсон мен Гуссерль- сезiмдiк тәжiрибенi ерекше түрде өзгерту (трансформациялау) тiлдiн қасиетi туралы идеяны усынады, Айдукевич- ұғымдық аппаратты өзгерту жолымен жалпы әлемнiң беәнесiн де соған сай өзгертуге болады деп, тiлдi әсерледi.

Әрине, тiл- шындық дүниенiң адам санасында бейнеленуiнiң қажеттi құралы болып табылатыны еш күмән келтiрмейдi. Тiлдiк құралдардың дамуы мен жетiлдiруi адамның бiлiмi мен практикалық әрекетiне тiкелей байланысты болатынның да ескеру қажет. Тiл-дегенiмiз, ойлауды, танымды, коммуникацияны, информацияны сақтау және оны жеткiзу, сондай-ақ адамды басқарудың құралы қызметiн атқаратың, әлеуметтiк-мәдени детерминацияланған белгiлер жүйесi болып табылады.

Әр таңба- бұл материалды объект, ол қарым-қатынас пен ойлауда басқа объектiнi алмастырады. Сондықтан, нақты объектiлердi алмастыру қасиетi тiл таңбалары, бiзге заттармен емес, олардың бейнелерiмен қолдануға мүмкiндiк бередi. Көптеген тiл таңбалары үш топқа бөлiнедi: а)таңба-индекстер-олармен белгiленетiн заттар өзара себептiлiк қатынаста болады, оттың орынына түтiн, уақытты белгiлеу үшiн сағаттын тiлдерiн ынғайлы орналастыру; в)таңба- бейнелер бұл нақты заттарды алмастыратын бейнелер, фотография, сурет, кестелер, схемалар,иконалар; с)таңба-символдар белгiленетiн затпен физикалық қатынасы жоқ, светофор, теарт маскалары, көгершiн.

Екi түрлi таңба бiр объектiнi белгiлеу мүмкiн, бiрақ әр түрлi мән-мағынада. Керiсiнше болу мүмкiн емес. Мысалы: “Дүниеде ең терен көл ” және “Бұл көлге, 300 өзен құйылады, ал одан тек бiр      өзен өз бастауын алып ағады”- Байкал.

Тiлдiн мән-мағынасың түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiн бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты. Бұл мәселемен (тiлдiн пайда болу негiзi) байланысты әр түрлi түсiнiктер бар:1)дiни түсiнiк- тiл адамға Құдай мен берiлген (Библия-құдай дүниеде бар жануарлар мен құстарды адам алдына әкелдi, ол оларға ат беру үшiн; Гермес- адамдар мен құдайлар арасында аудармашы қызметiн атқарды); 2)конвенциональды теория- келесем-шарт теориясы, мұнда адамдар заттарды қалай атауды келiсiп алдын-ала келiсiп алды деп есептеу;  3)еңбек теориясы- тiлдiн пайда болуын табиғи, аяқ-астынан пайда болған күрделi әлеуметтiк құбылыс деп түсiну, оның пайда болуын ойлау мен қоғамдық еңбекпен байланыстыру.

Қазырғы философияда тiлдiн пайда болуын келесi аспектiлерде қарастырады:

1)  әлеуметтiк-мәдени шеңберде, мұнда тiл болмыс сферасы ретiнде мәдениеттiн аса маңызды белгiсi болып қаралады, ал белгiлi бiр адамдар қауымы оның мәнiң айқындайды. Мұнда тiл диалог, сухбат жүргiзу мүмкiндiк ретiнде түсiндiрiледi, өз ойын жеткiзу  және басқаны түсiну мүмкiндiгi, әр-түрлi тiлдердi жоғары тұрғыда бiрiктiру, ал жеке индивидуалдықты- жалпы ойлауға айналдыру;

2) философиялық- психологиялық контексте тiлдердiн негiзгi типтерi мен (заттық, образдық, таңбалы, символдық) және ойдың түрлерiн (практикалық, гуманитарлық, операторлық, көркемдiк, техникалық және теориалық) сараптап, олардың ерекшелiктерiн айқындап, екi жүелердiн арасындағы  байланыстарды анықтау; 3) логико-гносеологиялық аспектiде, тiл болуы мүмкiн әлемдердiн бiрi ретiнде көрiнедi, оған белгiлi бiр логика және ойдың спецификалық заңдары тән. Мұнда логикалық заңдардың универсалдылығы және тiлдiн  заттық аймағымен өзара байланысы маңызды болып келедi.     

3.Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар,  мәселелермен  кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөң. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан  көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

* миға аяқ-астынан, тоспаған жерде кенет (внезапго) шешiмнiң пайда болуы;

* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;

* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештенеге ұқсамайды (субъектiнiң өзiне);

* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шiшiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.

Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.

Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезенiнең келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах шы интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд   шығармашылықтың жасырын негiзгi принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар.

Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен  интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезенде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан сон, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өндеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.

Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында  белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған  дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiн қажеттiгi бола отырып, интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандарады, кейбiр жағдайларда жаңа бiлiмдерге әкелiп. 

 

 


Техникалық шығармашылық

Д.Маккиннон бойынша

ғылыми шығармашылық



Селезнев бойынша

ғылыми шығармашылық



Техникалық қайшылықтарды

ашу


Мәселенi нақты тұжырымдау

 үшiн қажет бiлiмдердi, әдет

және дағдыларды жинақтау


Мәселенi табу, зерттеу 

мақсаттары мен сұрақтарды

тұжырымдау


Техникалық мәселенi

тұжырымдау



Оларды шешуге күш-әрекет

жинақтау


Информациялар жинақтап,

қажеттi методологияларды

 таңдау


Идеалды модель жасау

Мәселеден кетiп, басқа iстерге

көшу


Мәселенi шешу жолдарын

iздеу, жаңа идеяны “ойластыру”



Физикалық модельдi жасау

Аяқ-астынан шешiмге келу.

Анық, “инсайт”



Жаңа идеяның “тууы”, ғылыми

жаналық ашу



Жаңа нұсқаны iсте тексеру,

оны еңгiзу және жетiлдiру



Верификация (анықтау)

Нәтижелердi логикалық өндеу,

теориялық хаттау (оформление)



  

4. Бiлiм бұл еске түсiру.  Платон.

Бiлiм- күш. Бэкон.

Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды,  гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi (эффективность) қаншалықты адам нақты дүниенi барабар (адекватно) бейнелейтiне байланысты болады.

Әдеттей бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық (күнделiктi), көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл ой парассатылыға, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығы мен және абстракцияланау мен, фактiлердi терең түсiну мен зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен (проникновением) ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және  олардың даму заңдылықтары нақты  айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiн дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.

Таным теориясында дихтомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны онай айыруға болады (эксплицитировать). Бұл бiлiм объективтендiрiлген, интериориалған, әлеуметтiленген юолып келедi. Оны практикалық және теориалық әрекетте онай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген (декларативно) және процедуралық болып табылады: нақтылық туралы белгiлi бiр мәлiметтердi бар болуымен шектелмейдi, сонымен қатар объектiнi қалай және қандай ғып өзгертуге болады. Нақты емес бiлiмдер (неявные) рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiнң иесi мен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнiн белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жұрыс-тұрыс моделi болып табылады (архетиптер т.б.). Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр, көп жағдайда адамның тiршiлiгiн айқындайтың.

Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден (мнение) айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiн аралығында орналасқан бiрдене. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда (предел) тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр- нақты емес, рас емес те болады. Дихтомия “бiлiм-пiкiр”  антика кезенiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр (шынайы емес бiлiм ретiнде)  адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм шi, тек мүмкiндiктерi шексiз,     құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлмегендiк те емес, ол екеуiнiң арасындағы орналасқанның өзi. Бұл-өзгермелi, жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, аойлау- мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болады, солай ойлау пiкiрге қатысты” . Қазырғы заманда, екiншi тәсiлге жақын, бiлiм- растылықпен теңдестiрiледi, пiкiр- расталған емес, дәлелдеудi қажет ететiн мен. Пiкiр- сезiнбеген iшкi тәжiрибенiң, индивидуалды тұлғалы бiлiмнiң, интуицияның салдары болып табылатын субъективтi сенiмдiлiкке негiзделген болып келедi. Сондықтан да, бiр объектiге қатысты әр-түрлi пiкiрлер айтылу мүмкiн. Пiкiр үнемi тұлғалық “түсте” , сипатта болады. Ол, әлi өзiнiн объективтiлiгiн таппаған, субъективтi көзқарас,  субъективтi баға деп қаралады.

Философияда дихтомиядаң басқа да “бiлiм-сенiм”  деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнеңн айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша сенiм- эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды (положение) қабылдау.

Адам “Мен ананы, мынаны бiлемiн” деп бекiткенде- бұл, айтқаның растылығы эмпирикалық жолмен дәлелденген, немесе бұрын расталынып айтылған негiздерге сүйенiп отырған белгiлi бiр пiкiрлердiн салдарың бiлдiредi. Егер айталған жайында бiреу күмәнданса, оны тексеру арқылы жоюға болады. Бiрақ мұнда келесi мәселе туады: егер рационалды қайта-қарау (переработка) барысында алынған бiлiм басқа бiлiммен дәйектелген болса, онда алғашында алынған бiлiм өзi де басқа бiлiммен дәйектелiну керек. Басқаша айтқанда, әр бiлiмнiң нақты расталған дәйектемесi басы болу керек. Бiрақ бұл “бастаманы” қалай дәйектеуге болады? Оның дәйектiлiгiн растайтын не болады? Жауап бiр: бұл “бастаманың” растылығын тек “бастаманың бастамасы” дәлелдейдi. Солай ол шексiздiкке кетедi. Бұл шексiз процестi тек белгiлi бiр, алдын-ала расталмаған “бастаманы”  мойындау арқылы ғана шешуге болады, оңы сенiмге алып. Сонда, егер бiлiмнiң  растылығына күмәндәнуға болу мүмкiн десек және оны дәйектеу процестерi арқылы жойюға болады (ол сынға зерек “восприимчивый”) десек, онда сенiм оның ахуалдарың (положения) еш күмәнсiз қабылдауды қажет етедi, мүмкiн болатын күмәндәрдiң өзiн алып тастап, еш сынды қажет етпейдi. Мұнда сенiм бiлiмге қарама-қарсы болып келедi. Тағы бiр олардың айырмашылықтары, сенiм адамның тiршiлiгiнiн эмоционалды-психологиялық мағыналы мәтiне (контекст) өте тығыз байланысты.



Мәселе: “Мен ештене бiлмейтiнiмдi бiлемiн”  деген нақыл сөз (афоризм) бәрiне де жақсы белгiлi.

Бұл қағида не болып табылады: бiлiм, пiкiр немесе сенiм бе? Өз жауаптарынды дәлелдендер.

 


Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады бұл жағдайда сенiм дiни (догмаларды) қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық ұайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.

Сенiм адамның бүкiл өмiрiнiң серiгi. Адамның мақсатталған әрекеттерiнде: еңбек құралдарың жасауда, олармен жұмыс iстеуге үйренуде, ол үнемi еңбектiн жақсы нәтижесiне, оның практикалық құндылығына сенедi.  Адамның “заттық әлем” бар дегенге сенiмi, ол көп түрле деген сенiмi, оны танып бiлуге итермелейдi, өз болмысын жақсартып, игiлiгiне жаратуға мүмкiндiк бередi. Сенiм ғылыми танымның да элементi болып табылады. Бiлiмнiң бастамасы ретiнде кейбiр жайларды сенiмге алу қажет. Математика үшiн бұл- аксиомалар, физикада- қағидаттар (постулаты), гуманитарлық бiлiмде- алғы шартты жүйелер (аксиомалардың бастамасы ретiнде Евклидтiң классикалық геометриясы Ньютонның классикалық физикасына сәйкестелiнедi; ал Лобачевский, Больяи, Риманның аксиомасы- евклидтi емес геометрияға әкелiп, Ньютонның классикалық емес физикасына сәйкестелiнедi).

Таным процесiнде адам әр-түрлi бiлiмдер алады, бiрақ ол әрдайым не бiлетiнiң түсiнеме ? Мысалы, әр адам телевизордың пультiнiң қай кнопкасына басу керек екенiң бiледi, ал әр адам бұл дистанционды процесс қалай өтетiнiң бiлеме? Немесе студен белгiлi бiр қағиданы жаттап алып, оны практикалық жұмыста қолдана алмайды, өйткенi ол оны түсiнбейдi.  Және кейбiр жағдайларда “түсiну” терминiң кейбiр бiлiмдерге қатысты қолданған орынсыз, мысалы адам өз қаласын, тұратың көшесiн т.б. жақсыбiле алады; бiрақ мұнда бiлiм туралы айтқан жөн бе?

Соымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну-бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну- дегенiмiз бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiну дi бiлдiредi, бұл аналитикалық философияға тән, жалпы әленiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн түсiну, бұл герменевтикаға тән, текстiнiң жеке элементтерiне жалпы текстi түсiну. Герменевтика ұсынатын тәсiлдер (процедуралар): интерпритация-түсiнiктемелеу (граматикалық- сөздер мен сөйлемдерге анализ жасау, стилистiк- метафоралар, салыстыру, гиперболалар, тарихи- текстiн, автордың пайда болу кезенi,  психологиялық- шығарманың авторының сезiмдiк-эмоционалды күйi),  реинтерпритация, конвергенция, дивергенция т.б.

 

 

Философияда түсiнудiн келесi анықтамасы бар- әлеуметтiк практиканың нормативтi-құндылық жүйелер негiзiнде  шындықты түсiну процедурасы. Мұнда түсiну адамның рухани-практикалық тәжiрибесiнiң нәтижесi деп алынады. Сондықтан да түсiну әлеуметтiк процесс болып табылады және онда тұлғанын белсендi қатысуы қажет. 



 5. Адамның алған бiлiмдерi оныс есiнде “жүк” ретiнде қалабермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүене отарып, адам бағдар (ориентируется) жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терен емес болу да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiнде қауып тудыруда мүмкiн.

Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама.  Ақиқат концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.

Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан  тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).

Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды.  Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты.  Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және  шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.

Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредi скептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

 Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр  адамдар пенделi” және “Сократта адам”.  Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы;  “Бiздiн факультетiмiздiң  студенттерiнiң кобi мұғалiм болғылары келедi ” бiрнеше топтардаң пiкiртерiм негiзiнде алыңған.  Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол  белгiсiз бiрдене туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетiге тырысқан пиғыл (намерение) болып табылады, онда адасушылық әдейi емес бiлiидi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Мысалы, философия мен ғылымдарда көптеген уақыт бойынша геоцентiрлiк теория қолданды, немесе биологияда тұқымдық қасиеттердi жеткiзуде жоғары молекулярлы белок қосындылары алады беп есептелдi (бiрақ сонғы он жылда клеткаларға дейiн тiршiлiктiн алғышарттары нуклейiн қышқылдары (ДНК,РНК) және белок емес, кiшi молекулалардың “динамикалық ойындары”, ол кейбiр металдардың (темiр, мырыш-цинк, алюминий, никель, мыс-медь) иондары, сера-күкiрт, фосфор, азоттың қосындылары, және аминоқышқылдар мен көмiрсутектердiң- углеводы бiраз органикалық молекулалары).  Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.

Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.

Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды  өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп.  Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.

Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:

1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.



2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтi шындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.

3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.         

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет