Танкының ҚОЗҒалысын 3ds max ортасында зерттеу әбішов Н.Қ



Дата09.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#186658
ӘОЖ 004.42

ТАНКЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН 3DS MAX ОРТАСЫНДА ЗЕРТТЕУ


Әбішов Н.Қ.


М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Шымкент
Ғылыми жетекші - Исмаилов Б.Р.
Біз 3ds MAX ортасында кез-келген зартты өзіміздің қалауызша жасап, ол затқа жан бітіре аламыз. Сонымен қатар ол заттың салмағын, жүру жылдамдығын есепке ала отырып жасаймыз.

Біз бүгін сіздерге 3ds MAX ортасында қозғалыстағы танкы жұмысымызды көрсетеміз.

Танкы жасау үшін бізге алдымен командалық панелден Box пернесін бір рет шертіп, Perspective терезесінде тік төртбұрыш денесінде бейне жасаймыз (қалауымыз бойынша). Пайда болған тік төртбұрыштың көлемін былайша өзгертеміз, ол үшін примитивтер жасау панелінен Parametrs командасын таңдау арқылы енін ( length), ұзындығын (width), биіктігін (height) қалауымызша өзгертуімізге болады. Perspective-де өзіміз, жасаған тік төртбұрышқа тышқанды апарып оң жағын басу арқылы контекісті мәзірді ашамыз. Пайда болған тік тіктөртбұрышты ұзындығынан үшке бөлеміз. Пайда боған тік төртбұрыштың үстіне тышқанды апарып оң жақ пернесін шертіп контекстті мәзірді шақырамыз. Контекстті мәзірден Editable Poly (Редактрленетін полигоналды бет) пернесін таңдап, примитивтер жасау панелінен selection батырмасынан таңдап, ішінен толық қызыл бетті тандаймыз. Әры қарай тышқанды алгі жасаган тік төртбұрыттың ұзындығының ортасының бөлігінен, сол жақ бетінің ұзындығының екі жак бетінін ерекшелейміз. Ерекшеленген бетті примитивтер жасау панеліндегі extrude таңдап тік төртбұрышты калауымызша тартып, сығу арқылы біз алғаш танкының темір оңғалағының бір бөлігін жасаймыз.


Сурет 1. Extrude сайманы көмегімен пішіндеу

Көріп тұрғанымыздай примитивтер жасау панелінен Rectangle пернесін басып тік төртбұрыш түземіз. Түзілген төртбұрышты белгілеп алып контекстік мәзірден Editable Patch пернесін шертіп, танкының дөңгелегін жасап аламыз. Әрі қарай әлгі жасап алған темір донғалақтың бөлігін дөңгелекке орнатамыз. Орнатылған темір бөлікті белгілеп алып мәзір қатарынан clone пернесін басу арқылы темір бөліктің көшірмесін тізбектеп жасай бастаймыз. Жартылай дайын болған танкы дөңгелегін мәзір қатарынан бейне қозғалысты пайдалану арқылы танкы доңғалағына жан бітіреміз. Нәтежесін төмендегі суреттен көреміз:



Сурет 2. Танкы дөңгелегі

Суреттегі пайда болған танкы дөңгелегіне целиндрлі дөңгелек қоямыз, яғни примитивтер жасау панелінен sylinder таңдау арқылы. Осы жерде қалауымыз бойынша танкіге лайықтап доңгелек жасап аламыз. Дайын болған дөңгелекті clone арқылы көшірмесін келесі дөңгелекке орнатамыз. Ал дайын болған танкынын оң жақ дөңгелегін көшірмесін айландырып сол жақ дөңгелегін аламыз. Танкы дөнгелегін осылайша бітіреміз.

Әрмен қарай пайда болған дөңгелекке танкыны орнатамыз. Ол үшін примитивтер жасау панелінен Box пернесін бір рет шертіп, яғни қалауымызша тік төртбұрыш жасаймыз. Жасалынған тік төртбұрыш үстіне Teapot (Чайник) қойып, оны бір-бірімен біріктіріп, өзгерту арқылы танкы жасап шығамыз. Дайын болған танкыны дөнгелекпен байланыстырамыз.

Осылайша қозғалыстағы танкыны жасап шықтық. Нәтежесінде төмендегі суретте:

Бұл жұмыстағы басты мақсатымыз, қандайда бір денелерді бір-бірімен байланыстыра отырып құбылыстар жасау. Оларды қозғалтып, жан бітіру.
Әдебиеттер

1. Рябцев Д.В. Дизайн помещений и интерьеров в 3ds max 7 (+CD). СПб.: Питер, 2006.

2. Чумаченко И.Н. Самоучитель 3ds max 6. М.: ДМК "ПРЕСС", 2004.

3. Ли Ким. 3D Studio MAX для дизайнера. Искусство трехмерной анимации. Пер. с англ. Киев: ООО "ТИД "ДС", 2003.



4. Флеминг Б. Моделирование растений и насекомых. Пер. с англ. Ил. Серия "Для дизайнеров". М.: ДМК Пресс, 2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет