8 сынып.№1
Тапсырмалар.
1. Жердің Күн Көзі бойынша айналуы және оның географиялық маңызы туралы айтыңыз.
10 балл
2. «Объектінің физика – географиялық жағдайы» дегеніміз нені білдіреді?
Қазақстан Республикасының физика – географиялық жағдайын сипаттаңыз.
10 балл
3.Беткейдің тіктігі топографиялық карта бойынша қалай анықталатынын суреттеңіз.
8 балл
4. Географиялық терминдердің келесі қатарларынан мазмұны бойынша сәйкес емес сөздерді сызып тастаңыз:
а) тайга, шөл, дала, тундра, топырақ;
б) аңғар, тасқын, арна, алқап;
в) табиғи газ, көмір, бензин, торф, жанғыш сланцец.
8 балл
5. Сіз жорықта болғанда күндізгі демалыс және түнде қону үшін орын таба аласыз ба?
Ол қандай талаптарға сай болуы қажет?
8 балл
8 сынып.№2
Тапсырмалар.
1 сұрақ. Эссе жазу. Ұлы саяхатшылар мен теңізде жүзушілер(5-н кем емес). 10балл
2 сұрақ. Төмендегі терминдер мен түсініктерге анықтама бер:
Базальт, Географиялық ендік, Белдеулік уақыт, Табиғат ресурстары, Циклон. 10балл
3 сұрақ. Африканың табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал. (климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы) . 10балл
4 сұрақ. Дүниежүзілік мұхит (жетіспейтін сөздерді жаз)
Гидросфераның негізгі бөлігін ____________________ алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ___________млн шаршы шақырымын алып жатыр. Мұхит суының басты қасиеті ________________ мен ____________________. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі _______________________________ метр. - 10 ұпай
5 сұрақ. Бірінші қатарға сәйкес жауабын стрелка арқылы көрсет:
I. Гигрометр А. Жауын шашын мөлшері
II. Осадкометр Б. Жел жылдамдығы
III. Барометр В. Атмосфералық қысым
IV. Анемометр Г. Ауа ылғалдығы
V. Термометр Д. Ауа температурасы
-10ұ
Жиынтығы: 50 ұпай
География пәнінен олимпиада тапсырмалары.
9 сынып.№1
Тапсырмалар.
1. «Полярлық шеңбер», «тропиктер», «бедер», «эстуарий», климат, халықтың табиғи өсуі түсініктеріне анықтама беріңіз.
8 балл.
2. Территориялардың ылғалмен қамтамасыз етілгендіктің басты сипаттамасы не болып табылады?
12 балл
3.Қазақстан бедерінің негізі формаларына сипаттама берідер.
10 балл
4. Компастың сынып қалғаны және ол бойынша бағыт алу мүмкін болмайтыны анық болғанда сағат күндізгі 4 болды. Күннің көзі бар екеніне қуанып, сіз қалта сағатыңызды алып шықтыңыз. Сағат және күннің көзі бойынша бағытты қалай табуға болады?
10 балл
5. Картадағы шартты белгілердің түрлері туралы айтып бер.
10балл.
9 сынып.№2
Тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |