Тарас Шевченко және сәулет өнері Дайындаған: Ерсайынова Айман



Дата07.07.2016
өлшемі48 Kb.
#183925
З.О.Баймырзаев атындағы орта мектебі
Баяндама

Тақырыбы: Тарас Шевченко және



сәулет өнері

Дайындаған: Ерсайынова Айман



9- сынып оқушысы

Жетекшісі: Омарова Айгүл Жұмаханқызы



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2014 жыл

Әрбір сайы бір тарих, әрбір тасы шежірені сөйлей жөнелетін түбегіміздің түп қазығы- Түпқараған. «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен » өңірдің кіндігі, қарашаңырағы осы біздің Ақкетік болса керек.

Бүкіл Маңғыстаумен байланысты айтылар тарихи оқиға осы Ақкетікпен байланысты делінеді.Оның атауы да өзгеше емес пе? Тарих қойнауына бойласақ, Хиуа беттен қарағанда көк теңіз бен көгілдір аспан айдынында кезек –кезек көрінетін тас жоталарына қарап, бұл мекен Кетік аталса керек.

Жан –жақтан сан тағдыр тарамданып келіп, осы жерде өмірінің белгілі бір кезеңдерін өткізуі де тегін емес сияқты. Сондай тағдырдың жазуымен біздің жерімізде он жылын өткізген украин халқының ақыны Тарас Шевченко болатын.Бұл жердің әрбір сүйемі бір-бір сыр шертеді.Украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко аз ғұмырын, он жылын осында өткізген. Ақкетік – Маңғыстау азаматтарының көптеген легі тәрбие алған, қоғамдық –әлеуметтік жұмыстарда шыңдалып, түлеп ұшқан дуадақ ұшқан боөз төбе, қадірлі қарашаңырақ. Бұл мекен - ертелі-кешті, алыс –жақын кездерден өзге аймақпен байланысы үзілмеген жер, тоғыз жолдың торабы өтетін жолшыбай жер емес.Сондықтан бұл өңірде этнографтар мен тарихшылардың, сәулетшілер мен фольклористердің назарын аударар ұлттық киім үлгілері мен ұсталық құрал-жабдықтар ,сәулетті ескерткіштер мен тарихи оқиға іздері, көне ән-күйлер мен аңыз әңгімелер көп өзгеріске ұшырамай күні бүгінгі мол сақталған.

Тарас шығармаларын оқып келеміз. Сонда біз ақын шығармаларынан бір ақиқатты айқын ұқтық. Ол-ұлы ақын көксеген, көзінен бір-бір ұшқын Бостандық,Еркіндік,Теңдік деген асқарлы ұғымдардың ешқашан аласармайтындығы. Ол ұғымдардың шынайылығын небір құйтұрқы, сайқал саясатыңның да тұмшалай алмайтындығы. Ал Тарасты ұлы қылған осы ұғымдары үлкен азаматтың пафоспен жырлай, бейнелей алған шеберлігі.

Қамалға жазушы А.Ф.Писемский де келді. Мұнда ол, әрине, Тараспен біраз күн бірге болып әңгімелеседі, сырласады. Жазушы кейін орлып бара жатып Астраханьнан Тарасқа төмендегі хатын жолдапты.

«Бір кеште сіздің 20 шақты жерлесіңізді ұшырастырдым. Олар бізді қазақ даласының бір түкпірінде өліп қалды деп есеп жүреді екен. Сіздің Новопетровскіде сау-саламат екеніңізді естігенде қатты қуанып қалды. Оларға өлеңдеріңізді оқып бергенде қуаныштан жылағандар да болды. Мен ақынмын. Сырттай өзіне жасалған мұндай даңқ пен құрметке ие ақындарда арман бар ма? Ол сіздің басыңыздағы қасіретіңізге дем беріп,жұбаныш болатыны сөзсіз.»

Міне,Т.Г.Шевченко сол еріксіз күндерінің өзінде осындай даңқ пен құрметке ие екен-ау. Писемский де сөз бәйгесі сәйгүліктерінің бірі.Туған өңіріміздің бірі байлығын, табиғатын зерттеген, енді бірі өлкенің жақсылығын қаламымен қармап,жақсы сөзін айтқан екі тұлға Бэр мен Писемский қазір бір молада-Новодевичье монастырының зиратхана ауласында жатыр.

Т.Г.Шевченко сөз зергері ретінде Маңғыстауға қалам тарта алған жоқ. Оны да түсінуге болады. Себебі оған жазуға қатаң тиым салынған еді. Екіншіден,ақын дала жұртын танып біле алмады.Етене жақындасып тілін, салтын үйренуге мүмкіндігі де болған жоқ. Бірақ оның есесіне ол тарихта Маңғыстаудың №1 суретші жылнамашысы ретінде қалды. Және қалай дейсіз ғой? Сурет салуына да қатаң тыйым салынып, бақылау қойылған жағдайда. Сурет салуға қажетті қарапайым құралдарының өзі де жоқ қайыршылық жағдайда.

Т.Г.Шевченконың Таушық көмірін зерттеуге келген Антипов экспедициясына еріп, бар болғаны бір жаз далаға сергіп, еркін тыныстауынның кездейсоқ дерлік жағдай еді. Осы қалт еткен сәттің өзін ол сәтімен пайдалана білген. Әр күн дерлік қолынан қарындашы мен қағазын түсірмепті. Еріксіздіктің соңғы жылдары ол қамал коменданты Ускоквтың шапағаты түсуінің нәтижесінде өзінің сүйікті өнерімен дұшпан көздің сұғынан сақтана жүріп болса да молырақ айналасуына мүмкіндік алады. Бұл уақытта оның бітірген бір игілікті ісі Форт маңының, Кетік аңғарының, Түпқараған аймағының бірнеше ондаған көрінісін салуы. Содан бергі уақыт ішінде сурет өнерінің тарих төріне шығып,оның көп қызметін фото, кино алмастырғанына қарамастан аталған аймақтың бейне-бедерітоп сондай көлемде,көркемдіте бейнеленген жоқ екен. Тарас еңбегінің Маңғыстау үшін қисапсыздығын осыдан-ақ біле беріңіз. Осы уақытқа дейін өнертанушыларымыздың байырқалап бара алмай жүрген бір тақырыбы бар. Ол өткен кезеңдерде қазақ даласының, соның ішінде Ақкетік даласының сәулет өнерінде көрініс беруі.Ал бұл әлі түрені терең түспеген тың. Біздің өлкеміз құлпытастарға бай.

ХVІІІ ғасырдан бастап адай қазақтарына тән алғашқы ескерткіштер – құлпытастар кең орын алып, олардың беттеріне ою-өрнек,мәнер төгу нағыз халықтық мұраға айналған, бірақ құлпытастар жасалу стиліне қарай бірнеше топқа бөлінген:


  1. Кісі бойынан биік жазусыз, өрнексіз қайрақтас іспеттес құлпытастар.

  2. Жоғарға жағын кісі басынша жұмырланған,оймыштаған, одан төмен су шығарған, ұзына бойына қошқар мүйіз,сабақ, қас, шаңбақ, шаршы ою түрлерін төккен, құлпытас астына фундамент салмай, бос топыраққа отырғызған құлпытастар.

  3. Бүкіл Маңғыстауға жайылған, жалпыға тән, төрт қырлап, кісінің басының формасын келтірген, кенере, жиек, жүргізген, өрнек төгіп, әдемі әшекейлер мен шебердің ұсталық құралдарын, зергерлік бұйымдарын толтыра келтірген құлпытастар

Міне осындай ерекшелігімен дараланған маңғаз даланың сәулет өнері

Т.Шевченконы еріксіз назарын аудартқан. Біз жоғарыда айтып өткендей, Т.Шевченкоға қазақ даласында сурет салуға тыйым салынған болатын. Ал бекініске комендант Усковтың келуі бұл жағыдайды өзгертіп жіберді. Тарас сол кездегі жоқшылықтың азабын тарта жүрсе де, қылқалам мен қарандаштың жоқтығынан таршылық көре жүрсе де маңғаз даланың тыныс тішілігін суретке түсіргені баршаға аян. Енді сулет өнері де оны қызықтырған дедік. Бұған дәлел ретінде мынаны айтуымызға болады. «Қараған әулие» ескерткіштерінің ішіндегі Текей сағанасы кезінде Т.Г.Шевченконың № 44- суретіне нысан болған. Яғни Тарас Шевченко сәулет өнерінің қыр-сырына мән бере қараған деген болжамға келуімізге әбден болады. Тек бұл емес, «АҒЕСПЕЯР» қауымындағы Т.Г.Шевченконың № 8- «Ағесеяр» деген акварелі мен сол атты суретіне нысана болған екі күмбез бар.1851 жылы Қартау экспедициясында болған Шевченконың досы Бронислав Заллеский бұл акварелден көшірме жасаған, оған тамаша суретту берген.1856 жылы Бронислав тұтқыннан босап, Парижге кетііп, 1865 жылы Шевченконың Маңғыстау даласынан жасаған туындыларынан 22 суретін «Қырғыз даласындағы өмір» деген атпен альбом етіп шығарды да, «Ағеспеяр» суретіне төмендегідей суреттеме береді.

«Күмбезді жұмсақ ,өңдеуге қолайлы тастан қиындап жасапты.Гипспен,құммен ұстатыпты. Кірпіштерін өте тамаша етіп өңдеген. Күмбездің кісі кіретін есігінің төмендігі сондай – ішіне кіретін адам екі бүктетіліп енуі керек... Бұл қауым Маңғыстау жеріндегі өте әдемілердің бірі.Тіпті қиялға сыймайтын әдемі. Қауымдағы бейіттерге сан жетпейді.Олардың үстіндегі ескерткіштер өңдеуге өте қолайлы тастардан кесіліп, суреттер, жазулар, оюлар беруге жеңілдіктер келтіреді, оның шеберлерінің ыждағаттылығы мен іскерлігін көргенде, осы тастардың мрамор болмағанына жаның ашиды.»

№8- Шевченконың суретіндегі Жылқыбай салаған күмбез – адай тайпасының Шоңай руынан шыққан Бектұрған Балтаұлы мен оның баласынікі.

Қазіргі кезде Форт- Шевченко қаласындағы музейдің ақынның жертөлесінде тұрған құлпытастар келгендердің назарын еріксіз аударады. Соның бірі – комендант Усковтың баласы Дмитрий қайтыс болғанда рыцарлық үлгіде Т.Шевченконың айту жобасы бойынша жергілікті жердің шебері Қаражүсіп құлпытас жасаған. Қаражүсіп - халық ішінен Шевченконың тапқан игі жақсы достарының бірі еді. Қаражүсіп XIX ғасырдың 60-70 жылдары Форт Александровскі мен Станица Никалаевскаяның орыс тұрғындарының да ескерткіштерін салды. Қаражүсіптің ең соңғы еңбегі 1881 жылы қартайған шағында Форт қаласының жанындағы паркте дүние жүзінде бірінші болып орнатылған Шевченко ескерткішіне 8 қырлы тұғыр жасауы,ол қазірге дейін сақталған. Қаражүсіптің қасиетті көрігі орнатылған төбесі делініп қазірге дейін ұмыт болған жоқ.

Жергілікті өлкетанушы Е.Өмірбаев «Қаратау» экспедициясының ізімен жүріп өткені белгілі. Осы сапар барысында ақынның салған суреттері бойынша Қаңға жерінен бірнеше құлпытастар тауып, оларды мұражайға тапсырады. Бұл сәлет өнерінің туындысы ақынның «Түркменские абы » суртінде көрініс тапқан. Сондай-ақ Т.Шевченконың «Өлгендерге бата оқу» атты суреті бар. Бұл суретте өлген аруақтарға бата оқып тұрған жергілікті халық өкілдері бейнеленген. Онда да құлпытастар көрініс береді. Тарас ақын тек сәулетке ғана емес, халықтық тәрбиеге де таң қалған.

Бұдан шығатын қорытынды мынау:

- Қазақ даласындағы, соның ішінде Маңғыстау жеріндегі сәулет ерекшілігін танытуға



өзі де атсалысқан.

-Тарас Шевченконың суреттері бойынша сәулет өнері туындыларының архитектуралық білім беретін мектебі жоқ, сахарада туған өнердің биік шыңы болып табылатын тамаша мұраларын сақтап қалдық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет