Тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты
қызметтердi көрсету жөніндегі шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз
етудiң тәртібі мен шараларын бекіту туралы Көлік және коммуникациялар
министрінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 18-І бұйрығы
(ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің
2005.28.06. № 222-І бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлiгi туралы" Заңның 14-бабы 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, тараптардың шарттар ережелерiн орындауы және олардың мүдделерiн қорғау мақсатында бұйырамын:
1. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi, экспедитор (бұдан әрi шарт тараптары) арасында жасасатын тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөніндегі шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етудiң келесi тәртібі мен шаралары бекітілсiн:
1) өзара мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тараптар таңдаған тәсiлдерi келісіп отырған тараптармен тасымалды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөніндегі шарттың мәтiнiнде жазбаша түрде бекітілуi тиiс;
ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005.28.06. № 222-І бұйрығымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) кепіл, банктік кепілдік, Одақтың (Қауымдастықтың) кепіл жарнасы, шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру шарты, жүктерді алып қалу, айып төлету, кепілпұл және заңнамада немесе шарт тараптарымен көзделген өзге шаралар екі жақты келісім бойынша шарт тараптарының міндеттемелерді қамтамасыз ету шаралары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Темір жол көлiгi комитетiмен (М.Ж. Оразбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өтуi қамтамасыз етiлсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-Министрi H.T. Байдаулетовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Достарыңызбен бөлісу: |