Тасөткел орта мектебі ТӘрбие сағаттарының жинақтары жинақтаған география пәнінің мұғалімі: Қожабекова Айжан Жанғылышбаевна Хромтау қаласы



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#124256
1   2   3   4   5   6

Ұлағат сөздер
Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы

Б. Момышұлы
Тәртіп көрген адам бала күнінде,

Өнерімен қуандырар түбінде.

Ж. Баласағұн
Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Ғ. Мұстафин

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы.

С.Смайлс


Бостандық пен беті мен кетушілер – бір – біріне мүлде қарама – қарсы ұғымдар.

Квинтилян


Сабақ тақырыбы : ҚЫЗ БАЛА - ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.

Тәртіп - әдептің бір түрі. Ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде, күнделікті тұрмыспен рухани тіршілікте, ұжымдық қоғамдық және мемлекеттік істе ерекше маңызды. Бәленің көбі тәртепсіздіктен туындайды. Ағашында тәртіпті босаңсытып алып, қайтып оны жолға қоя алмай жатқан қазіргі кезде тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер, қайғылы оқиғалар туындағаны белгілі. Біз күнделікті тіршілікте «тәртіпті бала, тәртіпті қыз, тәртіпті оқушы» дегенді жие айтамыз. Сол арқылы әлгі балаға жақсы баға бересіз, оған көңіліміз толады. Тәртіпті топ деу арқылы сол топқа сенетінімізді, онда бәріде жақсы болып, теріс мінез қылықтарға жол берілмейді деп ойлайтынымызды білдіреміз.

Сөйтіп, балаға қатысты алғанда, тәртіп – оның келешегінің айнасы да, жалпы алғанда, ол адамның екінші болмысы.

Тәртіптің жүзеге асыру тәсілдері: дәстүр, әдет – ғұрып, қоғамдық және мемлекеттік талаптар. Қандай қоғам болса да тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан қайткенде де тәртіп орнатуға тиіс болады. Отбасын, қоғам, мемлекетті олардың құраушы бөлшектерін тұтастыру арқылы ұстап тұратын нәрсе – тәртіп.

Айталық, тұрмыста адам орынды деп саналатын істерді істеу керек. Бұл да тәртіп. Орынсыз іс істеу ерсі әрі көргенсіздік болады. Мысалы: адам той – томалаққа, театрға спорт костюмын киіп немесе спорт алаңына кешкі киім киіп баомайды. Сізге қолайлы болса да, өйте алмайсыз. Себебі, жұртшылық таныған мәдениеттілік талабы, соған байланысты сақталуға тиісті тәртіп сізге кесе көлденең тұрады.

Тәртіп - өзіңді - өзің қадағалаудың, өзіңді - өзің басқарудың көрінісі мен құралы. Бұл өз иланымыңмен , саналы түрде істелмесе, сырттан танылған, күштеу, зорлау ретінде қабылданса, жағымсыз ауыртпалыққа немесе іс жүзіндік мәні жоқ бос сөзге айналады.

Тәртіпті адам барлық жерде де үйде,мектепте,қоғамдық орында,іс үстінде,демалыста болсын,адамдар арасында немесе жеке,соқа басы жургенде болсын, өзінің басқалардың алдындағы жауапкершілігі мен міндетін ұмытпайды. Бұл оның мәдениеттілігінің де белгісі болып әрекет етеді. Өйткені ол үшін тәртіптіл – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Сондықтан ондай адам сипайы әрі талапшыл болады. Демек, тәртіптілік – жөнділікті, тәртіпсіздік – жөнсіздікті тудырады. Тәртіпсіздік ұрығы көктеп тамыр жайса, одан жеке адамда, ұжым мен қоғамда, мемлекет, елде қатты зардап шегеді.
Ауырып ем ізденгенше,

Ауырмаудың жолын ізде.


Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,"…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.


Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік

сен адамның қателігін, әсіресе, көп ортасында көрсетуге не бағалауға жол берсең, сен мұны оған көмектесуді ойлап, жақсы ниетпен істеген күннің өзінде, әлгі адамға қолайсыз әсер етеді, жанын жаралайтындай ауыр тиюі де мүмкін.

Көргенділік - тәрбиеліктің көрсеткіші. Сол себепті көргенді кісі басқалармен қарым – қатынасында адамды сыйлап, құрменпен қарайды, кіші пейіл, сыпайы, кешірімді болады. Ұсақ – түйекке бола керілдесіп, керісіп жатқанды бойына мін санайды.

Көргенді адам басқаның еңбегін, өзіне көрсеткен қызметін сыйлайды, рақметін, алғысын айтуды шын көңілден өзіне міндет, парыз деп біледі. Ал өз еңбегін, азды-көпті көрсеткен қызметін міндет етпейді, басқадан иығын асыруға, ерекшеленіп көзге түсуге талпынбайды, өтіріктен, жаладан, өсектен аулақ жүреді. Оған тұрпайылық, ожарлық, мақтаншақтық, менмендік, әулекілік, тасырлық, жымысқылық, жылпостық, қулық-сұмдық, аярлық ,т.б. ұнамсыз мінездер жат.

Көргенді кісі өтенбеген жерде, өзгенің ісіне араласпайды, ақыл айтуға әуес болмайды, аз сөйлеп, көп тыңдайды, өзгенің аузын қақпайлап, сөзін бөле бермейді, асқа – суға қомағайлық танытпайды, басқаның сыртынан жамандап, күлкі қылмайды, той – томалақ, жиын – топта, дастарқан басында үлкен – кіші, ер - әйел, қыз – қырқын, келін – кепшік, бала – шаға отырғанын ескеріп, тұрпайы әзіл айтпайды, ұятты сөздерді қолданбайды. Үй ішіне, көрші-қолаңға, айналасына мазалы болады. Үй – жайының айналасы, қора – қопсы, киім – кешек, жұмыс орнын таза, жинақты ұстайды.

Көргенді кісінің өзіне де, қоғамға да, ел-жұртқа да тигізетін зор пайдасы – балаларын әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Көргенді кісі ұрпағын да көргенділікке үйретеді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда, соны алады», - деп, тәрбие мәселесін бетімен жібермейді. Көргенді адамның барлық іс-қимылы көргенді ұрпақ тәрбиелеуге арналған үлгілі болуы, ол үшін ұдайы және өте мол күш – қайрат жұмсауы тиіс дегенді де білдіреді.


Тәрбиелі – тәртіптің құлы
Тәртіп – адамдардың қоғамдағы келісімді іс-қимылын реттейтін тетік, соны іске қосу ережелерінің сөзсіз орындалуы мен барысын қадағалайтын қоғамдық құрал.

өрген-тон пішеді»,- ДЕГЕН МАҚАЛЫНДА ТАМАША БЕЙНЕЛЕНГЕН.

Сөйтсе де,өлең бір басқа,өмір бір басқа. әрбір келер ұрпақ өзіне дейінгі аға буынның қателігін түп-түгел ескеріп, мүлдем қателік жасамай, өзі де өкінбей, өзгені де опындырмай өссе, қане! Әттең, олай болған ба, сірә! Өзге тұрмақ, құдайдың құтты күні құлағына құйып отырған ата – ананың айтқанына көнбей, айдауына журмей, тіпті, әсіресе, соңғы бес – он жылда ержеткен жастар ұят – аятты, имену дегенді елемеуге дейін жеткен жоқ па!? Кей жастарымыздың жүгенсіздікті – жігіттіктің, мейірімсіздікті – мәрттіктің, озбырлықты – батырлықтың баламасындай көріп, көпшіліктің арасында айыын жимай, арсыздық көрсетіп, ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқанын көріп, төбе шашың тік тұрады. Содан бұл қайырусыз өскен ұрпақтың ертең үйленіп, үй болып, бала тәрбиелейтінін ойланғаныңда, мынау індеттен халқымыздың жуық арада арыла қоймайтынын, яғни көргенсіз ұрпақтан халқымыздың әлі талай қасірет шегетінін сезінгенде, өзіңнен - өзің шошынып, бір сұмдық түс көріп оянғандай айналаңа үрке де үрейлене көз саласың.

Ата – ана тәрбиесін алмаған немесе қабылдамаған, өз бойына дарытып, өзінің өмір тәжірибесінде іске асырмаған, соның нәтижесінде әлеуметтік өмірде қабылданған ақылақ (мораль) талаптарын бұзып ала беретін адамдарды көргенсіз деп атайды. «Атасын көріп, қызыңды бер, анасын көріп, қызын ал», - деген мақалдың меңзеп тұрғаны: «Атасы жақсы болса, ұлы көргенді, анасы жақсы болса, қызы көргенді» деген ой. Біздің халқымыздың адамға, оның ішінде жастарға берген бағасында «көргенсіз» деген ең ауыр айып, ең жаман баға болып табылады. Ол адамдық жақсы сипаттардан, әдеп – ізеттен жұрдам, мал тақылеттес дегенді білдіреді. Бұл сөзде әлгі жетесіз, әдепсіз жанның өзіне, жеке басына ғана емес, оның ата – анасына, яғни әдеп инабат үлгісін көрсетуге тиісті адамдарға да қатысты кінәлаған мағына бар. Әдетте, «Ата – бабаңа, ата – анаңа, еліңе сөз келтірме» деген тілекте « көргенсіз болма», «көргенсіздің баласы» деген сөзді айтқызба деген талап жатады.

Көргенділік күнделікті өмірде, адамдармен қарым – қатынаста әдеп шеңберінен шықпауды, адамдардың көңіліне келетін сөз айтпауды немесе қолайсыз іс - әрекет жасап, тұрпайы мінез көрсетпеуді, абайсыз жол берілген немесе білместіктен жіберген басқаның кемшілігін байқамауды, бойындағы табиғи мініне назар аудармауды білдіреді. Егер

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.

Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.

Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.

Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-

дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.

Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.

Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде

шалдығады.Сондықтан медицина қызметкерлері тәртіптерді қатаң сақтауы тиіс.

Сөз жұмбақ.


С    п    и    д
А л    к    о    г    о    л    ь
Қ    ы    л    м    ы   с    к  е    р
Т    у    б    е    р    к    у    л    е       з

А    р    а    қ


Н    и    к    о    т    и    н

1.ХХІ ғасырдың обасы.


2.Спирт ішімдігі құрамындағы зат.
3.Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық.
4.Көп таралған ауру.
5.Маскүнемнің  “сусыны”.
6.Темекідегі улы зат .Қорытынды.

Сабақтың тақырыбы: Көргендінің қылығы көңіл марқайтады.


Көргенділік жасынан жақсы тәрбие көріп, халқының әдеп,инабаттылық дәстүрін бойына сіңірген дегенді білдіреді.Ол барлық әдеп түрлерінің жиынтық атауы, сонымен қатар олардың іс жүзіндегі көрінісі . Көргенділік адамның материялдық және рухани тұрмыс салаларындағы ертеден бері мирас болып келе жатқан ұнамды мінез-қылықтар,әдеп-инабат нормаларыдәстүріне негізделеді.

Егер әрбір ұрпақ дүниеге келісімен,барлық матыриялдық және рухани байлықтарды жаңадан бастап алатын болса,яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс тәсілдерін және адамдардың әлеуметтік тәжірибелерін,демек,әдеп-инабат пен мінез-қылық сипаттарын қайтадан қалыптастырып отырса,онда қоғамда ешқандай даму болмас еді.Және оның өзі мүмкін емес.Ал шын мәнісінде адамзат тарихы әрбір аға ұрпақтың,өз ерік-қалауына қарамастан,өзінің еңбек құралдары мен іс-тәжірибелерін,әдептілік-инабаттылық игіліктерін,барлық материялдық және рухани жиған-терген,жасағандарын артынан ерген ұрпаққа,жеткеншек өркендеріне беріп отырған. Оның қарапайым да кемеңгерлік формуласы халықтың «Ата көрген – оқ жонады, ана

кеудені ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын түйілулер пайда болады.
Темекі түтінінде никотин,иіс газы,көгерткіш қышқыл және басқа да зиянды заттар болады. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына  кері әсерін тигізеді.Әр түрлі тері аурулары,жөтел,асқазан аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен болады.
Міне, балалар,біздер көптеген жаман әдеттерден сақтану керек деп ,осы әдеттерге үйір балалар есейе келе өкінішке ұшырайтынын қазіргі кездегі осы зиянды  әдеттердің,нашақорлықтың бар екенін де білеміз, осы нашақорлар арасында адамдардың көңілін қатты алаңдатып отырған  СПИД  ауруының вирустары да кездеседі.СПИД- әр (түрлі) әрпі бір ұғымды  білдіретін күрделі сөйлем.Бұл сөздің қазақша  мағынасы-иммунитетке тосқауыл табу қиын,зәру  деген мағынаны білдіреді.
СПИД- ауруын қоздырушы өте кішкене  денешіктер, вирустар.Олар қарапайым жасушалардан да кішкентай болады.
СПИД- ауруының қауіптісі сол-ол адамның жанды жеріне үймелейді.Жанды жері деп отырғанымыз жыныс мүшелері,омырауы,жүрек,бауыр,бүйрек сияқты мүшелер, СПИД  кеселінен адам өзі ғана зардап шегіп қоймай ,басқа адамдарға да зиян  туғызады.Вирустар үймелеген жерді емдеуге  ұзақ уақыт кетеді. Себебі,ол бірден айқын білініп қоймайды. Ол басқа ауруларды өзінен  серіктес етіп басталатын апат аурулары.
СПИД- ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтану керек? Қазіргі  медицина ғылымының  зерттеуі бойынша  СПИД  ауруымен ауырған адам  екінші біреуге қан және жыныс мүшелері арқылы жұғады. СПИД вирусы анасынан жас нәрестеге қан арқылы беріледі.Осындай ауруға шалдығатындардың көпшілігі қан құйғанда,ине шаншығанда, ине дұрыс қайнамағаннан ине арқылы жұғады.Соған орай медицинада бір рет қана шаншылатын ине қолданылады.Бұл инелер екінші рет ауруларға пайдаланбайды. СПИД  ауруымен  ауырмау үшін адамдар саналы түрде тәртіп сақтау  керек.Әрбір адамның төсек орны,тіс жуғышы , сабыны ,сүлгісі,іш киімдері,тырнақ,сақал,шаш,сақал-мұрт алатын құралдарын жеке  дербес  ұстау керек.Осы айтылған кеңестерді көңілге түйген адам осы аурудан аулақ  болады. СПИД ауруымен ауырған адам бірден айыға қоймайды.
СПИД-хирургтарға ,тіс дәрігерлеріне,зертханада қолдарында және  басқа мүшелерінде кездесетін жарақаттар арқылы жұғуы мүмкін.Егер осындай жарақатқа вирустар түссе,адамдар СПИД ауруына

тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.

Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Сабақ тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.
Мақсаты: Адамгершілікке, үлкенге құрмет, кіші ізет көрсете білуге, кішіпейілдікке, әдептілікке, тәрбиелі, саналы, кргенді адам болуға шақыру.
Адамгершілік – адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің қайшылықтарымен бірте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактілі түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана

байланыстыруға болмайды. Әрине адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайылық, әділдік пен достық, ар мен намыс т.б. Сонау көне дәуірден басталып күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай – ақ адамзаттың әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

Адамның адамдығы, оның мінез – құлқы, әдепті не әдепсіз екендігі, иманды не имансыз екені оның отбасындағылармен, бөтен адамдармен қарым – қатынасынан, амандасуынан, әңгімелесуінен көрінеді. Адамды әдептілікке жастайынан тәрбиелейді.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деп халқымыз дұрыс айтқан.

Әдепті ұл ата сөзін сөз дейді,

Әдепті қыз ана сөзін бөлмейді.

Міне, бұлар халықтың ізгі дәстүрі,

Жаңа деген көктен ұшып келмейді –

деп ақындарымыз жырлағандай қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Баланың теріс жолға түспей жақсы адам болуына мүмкіндік жасаған. Өйткені бүгінгі бозбала – ертеңгі әке, баланың панасы, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, асыл жар, әулеттің ұйытқысы деп білген. Қазақ халқы әсіресе қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыз баланы «аз күнгі қонақ» - деп аялап, жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, әлпештеп өсірген. «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарытып ас бермес, әке үлгісін көрмесе» - деген сөздер текке айтылмаған.

Халқымыз ерте кезден – ақ әдепті жоғары бағалай білген. Қазақтың ұлдары мен қыздарының өне бойынан әдептілік қасиеттері байқалып тұрған. Қаракөз сұлулардың қолаң шашы тобығына түсіп, жүріс – тұрыс биязы, мінезі жайдарлы, үлкендерге кішіпейіл, кішіге мейірімді болған.

Әр заманда әр халыққа тән әдеттер мен дәстүрлер өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындап, ғасырдан ғасырға жалғасып ұласып жатады.

Қазіргі кезде «Қыз өссе елдің көркі» дегендей, біздің аруларымыз халықтық тәлім – тәрбиеге көңіл бөлу қажет – ақ.

Дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына еркешк көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі – шаш» деп ұққан. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе

2.Осы ауруларды болдырмау үшін не істейміз?


-Жылы киініп,уақтылы тамақтанып,тазалықты сақтаймыз.Бос уақытымызда әр түрлі спорт түрлерімен айналысамыз.Үйге  барғаннан кейін қолымызды жақсылап жуамыз.
- Дұрыс балалар,өте жақсы.Бірақ біздің ішімізде,яғни ортамызда осы ережелерді дұрыс орындамайтын да оқушылар бар.Олар салқында ұзақ ойнайды,уақытында дұрыс тамақтанбайды,тамақтанар алдында қолын жумайды.Осы айтылған ережелерді дұрыс орындамаған адам тез ауырады.Кейбір оқушыларымыз бос уақытын дұрыс пайдаланбай зерігеді.
Сөйтіп жүріп темекі тартушы ересек адамға ұқсағысы келеді.Бұл дұрыс па?-Жоқ.
-Енді тақтаға назар аударайық,қандай суретті көріп отырсыңдар?Өздерің білетін темекішілерді еске түсіріңдерші.Олардың бірі мына келе жатқан өңі сарғыш тартқан,құрғақ бетін әжім торлаған белі бүкірейген,ентігіп,жөтелден ауыз жаппай келе жатқан адам бейнесі.
Көрініс. Екі бала ойнап жүр.
Ербол:-Асқар екеуміз доспыз ғой,ия ?!
Асқар:- Ия доспыз.
Ербол:-Сен ешкімге айтпа,менде керемет нәрсе бар.
Асқар:-Ол не нәрсе ?
Ербол:-Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
Асқар:-Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
Ербол:-Папамнан көрсетпей алдым.
Асқар:- Папаңнан?Папаңнан неге аласың,темекі деген жаман нәрсе,денсаулыққа  зиянды.
Ербол:-Болса ше? Менің папам неге тартады?
Асқар:-Ой,достым,сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Ербол:-Ой, достым,дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Асқар:-Жоқ,мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал.Әйтпесе құртамыз,онан да ойынымызды жалғастырайық.
Сонда,балалар,темекі мен алкогольдің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері көп екен.
Мыс: осы темекі тартып,ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады.Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады.Стенокардия ауруымен ауырған адамның қан тамырларында

Жақын өлсен тағы солар жүргені,


Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,


Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,


Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет