Тауар биржалары туралы Қазақстан республикасының заңЫ



Дата13.06.2016
өлшемі162.79 Kb.
#133510
Тауар биржалары туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

(2010 жылдың 19 наурызы күнгі жағдай бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен)



1-тарау. Жалпы ережелер

(1 – 2 бап)

2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу

(3 – 5 бап)

3-тарау. Тауар биржасын құру

(6 – 12 бап)

4-тарау. Тауар биржасының қызметі

(13 – 18 бап)

5-тарау. Брокерлік және дилерлік қызмет. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

(19 – 24 бап)

6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау

(25 – 28 бап)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(29 – 31 бап)

Түпнұсқасында мазмұны жоқ.

Осы Заң тауар биржалары қызметi және биржалық сауданы жүзеге асыру процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, тауар биржаларының ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестiктi қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметiн реттеу және мемлекеттiк бақылау тәртiбiн белгiлейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзiнiң мүддесi үшiн және өзiнiң есебiнен, сондай-ақ клиенттiң тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
3) биржалық сауда - тауар биржасында сауда-саттықты, оның iшiнде электрондық сауда-саттықты жүргiзу, мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу жолымен жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
4) биржалық сауда ережелерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн биржалық сауданың үлгi ережелерi негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн құжат;
5) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмiлелер жасауға бағытталған биржалық сауда ережелерi шеңберiнде жүргiзiлетiн процесс;
6) биржалық саудаға қатысушылар - биржалық сауданың белгiленген ережелерi бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететiн клиенттер, брокерлер және дилерлер;
7) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның iшiнде жылжымайтын мүлiктi және зияткерлiк меншiк объектiлерiн қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген мерзiмдi келiсiмшарт;
8) биржалық тауарларға баға белгiлеу - тауар биржасында белгiлi бiр уақыт кезiнде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;
9) бұйрық - нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында белгiлi бiр әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге және (немесе) дилерге ұсынатын құжат;
10) клиент - биржалық тауармен мәмiлелер жасау үшiн брокердiң және (немесе) дилердiң көрсететiн қызметтерiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
11) клиринг - тауар биржасында жасалатын мәмiлелер бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысушылар арасында өзара талаптар мен мiндеттемелердiң есебiн жүргiзу;
12) мерзiмдi келiсiмшарт - орындау мерзiмi ұзартылған биржалық тауарды шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келiсiмшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
13) опциондық келiсiмшарт - сатып алушыға сыйлыққа айырбастап, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң iшiнде немесе белгiлi бiр күнге (опцион мерзiмi аяқталған күнге) опцион сатушысынан орындау бағасы бойынша биржалық тауарды сатып алуға немесе сатуға құқық (мiндеттемесiз) беретiн келiсiмшарт;
14) опциондық мәмiле - опциондық келiсiмшарт объектiсi болып табылатын биржалық мәмiле;
15) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) спот-тауар - шұғыл берiлетiн немесе алдағы уақытта берiлетiн, қоймада тұрған тауар;
17) тауар биржасының мүшесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының iшкi құжаттарында көзделген тәртiппен биржалық тауармен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер;
18) тауар биржасының сауда жүйесi - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдар, бағдарламалық өнiмдер, iшкi құжаттар және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасалатын сауда-саттық солардың көмегiмен жүзеге асырылады;
19) тауар биржасының iшкi құжаттары - тауар биржасына қатысушылар қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудiң тәртiбi мен мөлшерiн реттейтiн құжаттар;
20) фьючерстiк мәмiле - есеп айырысулар клиринттiк орталық арқылы кепiлдi төлей отырып жүргiзiлетiн, сауда-саттыққа қатысушылар мәмiле жасалған сәтте белгiленген баға бойынша биржалық тауардың белгiлi бiр санын болашақта белгiлi бiр кезеңде беруге (қабылдауға) өзiне мiндеттеме қабылдай отырып, тауар биржасында мерзiмдi келiсiмшартпен жасалатын биржалық мәмiле.

2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тауар биржалары
қызметi саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:


1) тауар биржаларының қызметi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) тауар биржаларының қызметiн дамыту саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;
3) биржа саудасының үлгi ережелерiн бекiтедi;
4) тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялаудың ережелерiн бекiтедi, тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
5) уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша тауар биржалары арқылы өткiзiлетiн биржалық тауарлардың тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерiн бекiтедi, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi;
6) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттықтарын дамыту үшiн жағдайлар жасайды.

4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:
1) тауар биржаларын дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
2) тауар биржаларының қызметiн реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
3) тауар биржалары арқылы өткiзiлетiн биржалық тауарлардың тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерiн қалыптастыру және бекiту жөнiнде, сондай-ақ оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

4-бап 2009 жылғы 17 шілдедегі №188-IV ҚР Заңына сәйкес 3-1 тармағымен толықтырылды. 2010 жылғы 19 наурыздағы №258-IV ҚР Заңына сәйкес өзгертулер енгізілді (бұрынғы редакцияны қараңыз)

3-1) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;


4) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттықтарын дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
5) тауар биржаларының қызметiн талдауды және оған мониторингтi жүргiзедi;
6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тауар биржаларының қызметi және биржалық сауда мәселелерi жөнiндегi ақпаратты жариялайды;
7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
8) ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңына сәйкес алынып тасталды. (бұрынғы редакцияны қараңыз)

9) өз өкiлiн тауар биржасының жұмысына, оның iшiнде биржалық сауда-саттыққа қатысуға ресми түрде жiбередi;


10) тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады.
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялау

Тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.



3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ

6-бап. Тауар биржасы

1. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi тауар биржасының сауда жүйесiн пайдалана отырып тiкелей жүргiзу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.


Тауар биржасы сауда-саттық жүргiзудi биржалық сауданың белгiленген ережелерi бойынша қамтамасыз етедi.
Тауар биржасы өз қызметiн уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
2. Тауар биржасының атауында "тауар биржасы" деген сөздер болуға тиiс.
3. Тауар биржасының жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап. Тауар биржасының жарғысы

1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртiппен бекiтiледi.


2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мәлiметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиiс.

8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу

1. Биржалық мәмiлелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшiн тауар биржасы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тұрақты жұмыс iстейтiн биржалық төрелiк құрады.


2. Биржалық төрелiктiң қызметi Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасымен реттеледi.

9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы

Мамандануы бойынша тауар биржалары:


1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлi тауарларды қабылдайтын әмбебап;
2) тауардың белгiлi бiр түрiнiң айналымына қызмет көрсететiн мамандандырылған болуы мүмкiн.

10-бап. Биржалық сауданың үлгi ережелерi

1. Биржалық сауданың үлгi ережелерi тауар биржасы мүшелерiнiң биржалық тауарлармен биржалық мәмiлелер жасау кезiндегi қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.


2. Биржалық сауданың үлгi ережелерi мыналарды:
1) тауар биржасына мүшелiкке қабылдаудың, мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) биржалық сауда-саттықты жүргiзу тәртiбiн;
3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртiбiн;
5) биржалық төрелiк қызметiн қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетiктерiн;
6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекiту) тәртiбiн;
7) тауар биржасындағы мәмiлелердi есепке алу және тiркеу тәртiбiн қамтиды.

11-бап. Тауар биржасының мүшелерi

1. Тауар биржасы мүшелерiнiң саны үшеуден кем болмауға тиiс.


2. Тауар биржасына мүшелiк осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа қатысуға құқық бередi.

12-бап. Тауар биржасының қызметкерлерi

1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тiкелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлерi болып табылады.


2. Тауар биржасының қызметкерлерiне биржалық мәмiлелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiнде пайдалануға тыйым салынады.

4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТI

13-бап. Тауар биржасының қызметi

1. Тауар биржасының негiзгi қызметiнiң түрi биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.


2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргiзудi;
2) тауар биржасында жасалатын мәмiлелердi, оның iшiнде спорт-тауарлармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi және ресiмдеудi;
3) биржалық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргiзiлген сауда-саттық нәтижесiнде тауарға биржалық бағаны тiркеудi;
5) биржалық сауданың үлгi ережелерi негiзiнде биржалық сауданың ережелерiн әзiрлеудi және бекiтудi;
6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
7) тауар биржасының мүшелерiне ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдiстемелiк қызметтер көрсетудi;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргiзудi;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнiмiн шығаруды;
10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының сауда жүйесiн пайдалануды;
12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
3. Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен тiкелей байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен өзiне берiлген құқықтар шегiнде өз атынан шетелдiктермен және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуға құқылы.

14-бап. Тауар биржасының кiрiстерi

1. Тауар биржасының кiрiстерi тауар биржасы мүшелерiнiң кiру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкiн пайдаланғаны, биржалық мәмiлелердi тiркегенi және ресiмдегенi үшiн төлемдер есебiнен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер есебiнен құралады.


2. Тауар биржасы мыналарды:
1) тауар биржасы мүшелерiнiң кепiлдiк жарналарының мөлшерi мен оларды енгiзу тәртiбiн;
2) биржалық сауданың ережелерiне сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшiн төлемдердiң мөлшерiн;
3) алыпсатарлық әрекеттердi болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшiн алдыңғы сауда-саттық нәтижесiнде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бiр сауда күнi шеңберiнде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерiнiң ең аз және ең көп шектерiн белгiлеуге құқығы бар.
3. Тауар биржасына биржалық мәмiлелердегi делдалдық үшiн брокерлер және дилерлер алатын сыйақы мөлшерiн белгiлеуге тыйым салынады.
4. Тауар биржасының мүшелерiнен алынатын төлемдердiң мөлшерi биржалық сауданың ережелерiмен айқындалады және биржалық сауданың кез келген қатысушысының танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

15-бап. Биржалық мәмiле

1. Биржада айналымға жiберiлген мүлiк нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелерiне сәйкес ол жүргiзетiн сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмiле биржалық мәмiле болып танылады.


2. Тауар биржасында жасалған, бiрақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмiлелер биржалық болып табылмайды.
3. Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмiлелер мүдделi адамдардың, уәкiлеттi органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Биржалық мәмiлелер тауар биржасының атынан және оның есебiнен жасалмайды.

16-бап. Биржалық мәмiлелердiң түрлерi

Тауар биржасында:


1) халықаралық iскерлiк операцияларымен өзара байланысты мәмiлелердi қоса алғанда, спорт-тауарларға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара берiп отыратын мәмiлелер;
2) фьючерстiк мәмiлелер;
3) опциондық мәмiлелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара берiп отыратын мәмiлелер жасалады.

17-бап. Фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жасау
кезiндегi биржалық саудадағы кепiлдiктер

1. Тауар биржасы онда жасалатын фьючерстiк және опциондық мәмiлелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клирингтiк орталықтар арқылы есеп айырысу қызметiн көрсетудi ұйымдастыруға мiндеттi.


2. Тауар биржасында фьючерстiк және опциондық мәмiлелердi жасауға брокерлердiң және (немесе) дилерлердiң ғана құқығы бар.
3. Тауар биржасында фьючерстiк және опциондық мәмiлелер автоматтандырылған сауда-саттық жүргiзудi, клирингтi жүргiзудi, баға белгiлеу өзгерiстерiнiң серпiнiн қамтамасыз ететiн бағдарламалық құралдардың арнайы кешенi болған кезде ғана жасалады.
4. Клирингтiк орталықтар тауар биржасынан тәуелсiз ұйымдар ретiнде тауар биржасының құрамында арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлiмше - клирингтiк орталық ретiнде де құрылуы мүмкiн.
5. Клирингтiк орталықтар өз қызметiнде:
1) фьючерстiк және опциондық мәмiлелердiң орындалуына және осы мәмiлелер бойынша мiндеттемелердiң орындалмау не тиiсiнше орындалмау нәтижесiнде пайда болған зиянды өтеуге кепiлдiк беретiн жарналардың түрлерiн, мөлшерiн және оларды алу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ осы мәмiлелерге қатысушылардың басқа да қаржылық мiндеттемелерiн айқындайды;
2) фьючерстiк және опциондық мәмiлелерге кепiлдiк беру үшiн шаралар қабылдайды;
3) тауарлармен мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады.

18-бап. Биржалық баға

1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгiлеу нәтижесiнде қалыптасады.


2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын жариялауға мiндеттi.

5-тарау. БРОКЕРЛIК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛIК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ

19-бап. Брокердiң және дилердiң қызметiн жүзеге асыру
тәртiбi

1. Тауар биржасындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.


2. Брокер және дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, тауар биржасының iшкi құжаттарында белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Брокер мен дилер және олардың клиенттерi арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын брокерлiк және дилерлiк қызметтер көрсету туралы шарттың негiзiнде туындайды.

20-бап. Брокермен және дилермен мәмiлелер жасау

1. Биржалық мәмiлелер жасауды брокер - клиенттiң бұйрығына сәйкес, дилер клиенттiң бұйрығына да сәйкес, өз мүддесiне де орай және өз есебiнен жүзеге асырады. Клиенттер бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны мен ресiмделуi тауар биржасының iшкi құжаттарымен белгiленедi.


2. Клиенттiң бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетiлген мәмiлелер жасау шарттарын сақтай отырып, брокер және дилер жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң шарттарын өзгерту қажеттiгi туындаса, брокер және дилер өз әрекеттерiн клиентпен келiсуге мiндеттi.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және дилер мәмiленi клиент мүдделерiнiң өз мүдделерiнен басымдығын негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.

21-бап. Тауар биржасындағы брокер мен дилердiң және
олардың клиенттерiнiң арасындағы қатынастар

Тауар биржасы өз өкiлеттiктерi шегiнде брокер мен дилердiң және олардың клиенттерiнiң өзара қатынастарын регламенттейдi, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.



22-бап. Брокерлер мен дилерлердiң iшкi құжаттарына және
жасалатын биржалық мәмiлелердiң есебiн жүргiзуге
қойылатын талаптар

1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының iшкi құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ететiн, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкiлдерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерi үшiн пайдалануға жол бермейтiн шарттарды қамтуға тиiс.


2. Брокерлер мен дилерлер әрбiр клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмiлелердiң есебiн жүргiзуге және осы мәмiлелер туралы мәлiметтердi мәмiле жасалған күннен бастап бес жыл iшiнде сақтауға мiндеттi.

23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

1. Коммерциялық құпия:


1) тiркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәлiметтердi;
2) тауар биржасында жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтердi қамтиды.
2. Брокерлер мен дилерлер табиғи баға белгiлеудi бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге (әрекетсiздiктерге) жол беруге құқылы емес.
3. Өзiнiң қызметтiк жағдайына байланысты көрсетiлген ақпаратты алуға мүмкiндiгi бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.

24-бап. Тауар биржаларының қызметi туралы коммерциялық
құпияны құрайтын мәлiметтердi ұсыну

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлуге жатпайды.


2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер биржалық саудаға қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде оның өкiлiне берiлуi мүмкiн.
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негiзiнде олардың iс жүргiзуiндегi iстер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде тексеру iсiн жүргiзу туралы қаулы негiзiнде оның қарауындағы материалдар бойынша;
4) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде олардың iс жүргiзуiндегi атқарушылық iс жүргiзу бойынша;
5) уәкiлеттi органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыретi шегiнде;

Бұл тармақ ҚР-ның 2009 жылғы 28 тамыздағы №192-IV Заңына (алғаш рет ресми түрде жарияланған соң алты ай өткенде өз күшіне енген) сәйкес 6-тармақшасымен толықтырылды.

6) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға: заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен берiлуге тиiс.


6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

25-бап - 2009 жылғы 17 шілдедегі №188-IV ҚР Заңының редакциясымен берілді. (бұрынғы редакцияны қараңыз)

25-бап. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттiк бақылау

1. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


2. Тексеру "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. 2009 жылғы 17 шілдедегі №188-IV ҚР Заңына сәйкес алынып тасталды. (бұрынғы редакцияны қараңыз)

27-бап. Тауар биржасының қызметiн тексеру нәтижелерi
бойынша уәкiлеттi органның шешiмi

Уәкiлеттi орган тауар биржасының қызметiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелерi бойынша:


1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жазады;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;
3) тауар биржасына Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына бередi;
5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.

28-бап. Уәкiлеттi органның нұсқамалары

Уәкiлеттi органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей орындайды.



7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.



30-бап. Өтпелi ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.


2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкiлеттi органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негiз болып табылады.

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


2. "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 143-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi


Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2009 жылғы 4-мамыр



№155- IV ҚРЗ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет