Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына



Дата13.06.2016
өлшемі85.5 Kb.
#131283


Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2014 жылғы « » ___________№ _____бұйрығына

6-қосымша



«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына

және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы

техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2014 жылєы 31 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Ќазаќстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

Өтініштер ќабылдауды жјне мемлекеттік ќызмет кґрсету нјтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде түскен күні тіркеу;

2) лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті түскен күні қарау;

3) өтінішті лицензиялау басқармасының қызметкері (бұдан әрі – орындаушы) қарау, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыру:

5 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

тауардың үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда);

Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған күні қол қою;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойылған күні жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) лицензиялау басқармасының басшысы;

4) орындаушы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға береді, бұл ретте, түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген тіркеу мөртаңбасы өтінішке қойылады;

2) лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады:

5 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

тауардың үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда);

Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қалыптастырылған күні қол қояды;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойылған күні көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді не пошта арқылы мекенжайына жібереді.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жіберген сұрату көрсетілетін қызметті берушінің қарауына түседі.

Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізуді» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салудың бастапқы адымын қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде толтырады:

1) тауарды жеткізуге келісімідер (келісімшарттар) туралы ақпарат (болса);

2) тауарға техникалық құжаттама;

Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды, оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сақтайды. Сұрау салу портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» сұрау салу туралы ақпаратқа қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан сұрау салу түскен күні оны порталда тіркеуден өткізеді және сұрау салуды лицензиялау басқармасы басшысының қарауына портал арқылы бағыттап жібереді;

2) лицензиялау басқармасы басшысы сұрау салу түскен күні орындаушыны белгілейді, сонғының қарауына сұрау салуды портал арқылы бағыттап жіберу арқылы;

3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады:

5 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

тауардың үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда);

Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған күні қол қояды;

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жолданады.

_____________________


«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

 







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет