Техникалық қызмет корсетужәне автокөлікті жұмыстары бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу корытындысы туралы хаттама №3
Ақтау каласы 14.04.2014ж.
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (Мекен жайы: Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 39 ғимарат, индекс 130000, электрондық адрес: mang.apk@mail.ru, телефон 8/7292/605045).
-
Сатып алуға бөлінген сома 180 000 (бір жүз сексен мың) тенге 00 тиын
-
Осы тәсілді колдануға негіздеме – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 28 баптың 1) тармақшасы және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысының 142 тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
-
Қызмет көрсетуші – ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабы 1 тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
-
Келісім шарт жасалатын жеке кәсіпкердің мекен жайыжәне атауы: ЖК «Нарыков М.Ш.», Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, с.Бейнеу. Келісім шарттың барлық сомасы 180 000 (бір жүз сексен мың) тенге 00 тиын
-
Сарапшылар тартылған жоқ.
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
-
Техникалық қызмет көрсету және автокөлікті жөндеу жұмыстарын Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, с.Бейнеуде орналасқан «Нарыков М.Ш.» жеке кәсіпкер жүргізсін.
-
Тапсырыс беруші - ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы, мекен жайы: Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, 39 ғимарат ЖК «Нарыков М.Ш.» келісім шарт жасалсын
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет ресурсына жіберсін.
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясы басшысы Р. Туменов
Бас маман Р.Есенгельдиева
Достарыңызбен бөлісу: |