Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері



Дата05.07.2016
өлшемі37.5 Kb.
#180245


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік

инспекция комитетінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі — Комитет) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары — мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, тиісті қажетті материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлікті Комитетке беруді қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже және оның құрылымы;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.

5. Комитет төрағасының екі орынбасары болуына рұқсат берілсін.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi» деген реттік нөмірі 6-жолда:

3-бағанда:

«289» деген сандар «243» деген сандармен ауыстырылсын;

«32» деген сандар «29» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 49»;

көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi» деген реттік нөмірі 4-жолда:

«ведомстволарды қоспағанда, министрлiктің аумақтық органдары 6623» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 6623»;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

2-тармақта:

1) тармақшадағы «және іске асыру» деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақша алынып тасталсын;

4-тармақтың екінші абзацы «, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақта:

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.»;

11-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асыру үшін:»;

1), 4), 5), 11), 13), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 27), 31), 32), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалар алынып тасталсын;

12-тармақ алынып тасталсын;

13-тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;

19-тармақта:

1) тармақшадағы «мен Министрліктің аумақтық органдары» деген сөздер алынып тасталсын;

2) тармақшадағы «мен аумақтық органдардың басшыларын» деген сөздер алынып тасталсын;

3) тармақшадағы «аумақтық органдардың» деген сөздер «ведомстволардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы «және оның аумақтық органдарының», «мен аумақтық органдары» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 25.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар істері комитетi туралы ережеде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.»;

3) «Қазақстан Республикасы министрлiктерінің және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28,

307-құжат):

2-тармақ алынып тасталсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет