Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері:
Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар іске асырылуы қажет:
Жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
Өркендеу мен жаңашылдық;
Тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
Жалпыға ортақтық – барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
Жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
Жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |