Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»



Дата24.02.2016
өлшемі80.15 Kb.
#17386
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Токсеитова А.С.

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
АУЫЛДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ҚАЗІРГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Бүгінде жұмыспен қамту мен еңбекті қорғау саласында көптеген шешілмеген мәселелер бар. Экономикамыздың қаркынды дамуына қарамастан елімізде жұмыссыздар саны әлі де айтарлықтай азаймай отыр. Халықты жұмыспен қамту мәселесі — қоғамның алдында тұрған басты әлеумеітік міндет.

Елдің ең күрделі, ең өткір мәселесінің бірі жұмыссыздық, Республиканың Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам, немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келді. Ал шын мәніндегі жұмыссыздар саны бұдан әлдеқайда көп еді. Оны алғашқыда жекелеген экономисттер ғана айтып жүрді, олардың есебі бойынша жұмыссыздар саны кемінде 1,5 миллион адам деп бағаланды, ал статистикалық органдар тек кейінгі жылдар ғана жұмыссыздардың екі түрлі санын көрсете бастады.

Біз жұмыспен қамту деңгейіне неліктен көп көңіл аударып, оны маңызды мәселелердің бірі деп отырмыз? Оған себеп:

біріншіден, Карл Маркстің «Еңбек туралы теориясы» іліміне сүйенетін болсақ, өндірісітің негізгі тұтқасы жұмысшы, ол өндірістің экстенсивті немесе интенсивті негізде өсуінің базалық реттегіші;

екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық теорияның өкілдері экономикалық дамудың кіріктірілген көрсеткіштерінің ішінен төрт негізгі көрсеткішті бөліп алып қарастырады. Бұлар өндірудің өзгеруінің, жұмыспен қамтудың, бағалар жинағы мен инфлицияның деңгейлері. Классиктер оларды «шаршының магиялық бұрыштары» деп атаған;

үшіншіден, кез келген экономика өзінің дамуында табиғат және адам ресурстарын сүйенеді, ал қалғандарының бәрі солардан туындайды.

Үкіметтің қазіргі таңда басты міндеті болып инфляция мен өндірістік тоқыраудың алдын-алу, жою немесе белгілі бір тәсілмен оны қадағалау. Осы мақалада қарастыратынымыз өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздық. Бұл тоқыраулар әрине жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Бірақ ол нолдік деңгейден өспейді және тоқырау тоқтағаннан кейін нолге дейін түспейді. Белгілі бір мөлшерде жұмыссыздықтың болуы ешқандай алаңдаушылық тудырмайды, өйткені ол мәселе болып табылмайды. Ал қандай мөлшер нағыз мәселе болып табылады? Жұмыссыздықтың қандай мөлшері залалсыз?

Кез-келген мемлекетте жұмыссыздық біркелкі таралмайды. Сондықтан диагностиканың маңызды аспектілерінің бірі жұмыссыздық көп тараған халықтың топтарын анықтау. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, жұмыссыздардың жалпы көлемінде әйелдердің барлық жастарында 65% немесе еркектерден екі есе артық. Ең көп тараған жұмыссыздық 25 жасқа дейінгі жастарда, оның үлесі халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген барлық жұмыссыздардың 41,2%. Бұл, жастардың бірден «жанына жағар» жұмысқа орналасқылары келгендігімен, оны іздеп жүргендерімен түсіндіріледі. Мәселенің тағы бір себебі вакансиялардың басым бөлігі стажы бар мамандармен толтырылуында. Ал тәжірибесі жоқ жас мамандардың бұл жұмысты алу мүмкіндігі өте төмен. Қалыптасқан жағдайда жастар арасында жұмыссыздықтың ең төмен өрсеткіші (5,75%) Германияда, оның тәжірибесін қолданған жөн.

Еңбек нарығындағы жағдайды бағалайтын маңызды көрсеткіштер-жұмыссыздық деңгейінің динамикасы, еңбек нарығының сиымдылығы мен конъюнктурасы, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және оның құрылымы. Біздің статистика еңбек нарығындағы, оның ішінде жастарға қатысты жағдайды толық көрсетпейді. Жастар егде адамдарға қарағанда еңбек биржаларында сирек тіркеледі.

Экономикада жұмыс істейтін халықтың 2,7 миллионы ауылда, орман және балық шаруашылықтарында еңбек етеді екен. Ауылда 6,5 миллион халық тұрады. Содан жұмыс істейді дейтіні 41,5 пайыз. Солардың жалданып ақша тауып отырғаны 242 мың ғана адам.

Семей қаласында 2007 жылғы жұмыссыздардың барлық саны 2400 адам, оның ішінде әйелдер-1736, 324 адам 16-24 жас аралығындағы жастар. Жұмыссыздардың ауылдық жерлердегі тұрғындары 397 адам, оның ішінде әйелдер 212 және 37-сі 16-24 жас аралығындағы жастар. Жұмыссыздықтың ұзақтығы бойынша 1 айға дейін жұмыссыздардың жалпы саны 241, 1 айдан 3 айға дейінгілердің саны 603 адам, 3 айдан 6 айға дейінгілер 511 адам, 6 айдан 9 айға дейінгілер 404 адам, 9 айдан 1 жылға дейінгілер 174 адам, 1 жылдан жоғарғы жұмыссыздардың жалпы саны 345 адам деп бөлінеді.

2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мал шаруашылығы өнiмдерiн өндірумен 7 ауылшаруашылық құрылым, 263 шаруа қожалығы және 4952 мал, құсы бар жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтары айланысты.

2007 жылдың бірінші тоқсанында ауылдық жерлерде жұмыссыздардың саны 397 адам болған, оның 212 әйелдер, 37 16-24 жас аралығындағы жастар.

Ауылдағылардың тұрмысы қаладағылармен салыстырғанда едәуір жақсы. Тұрғылықты мекен жайы, мінер көлігі, малы бар дегендей. Білімі болсын-болмасын олар үшін қара жұмыс таңсық емес. Ауылда көршінің үйінен бір шәугім шәй ішсең де, әйтеуір өлмес ауқат бар. Бірақ, ауылдағы басты мәселе адамдардың ғылыми, мәдени дамуы, жалпы дүние жүзінде болып жатқан инновация, жаңашылдықтардан тысқары қалып отырғандығы.

2007 жылы жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірген азаматтардың жалпы саны 1430, ал оның ішінде жастардың (16-24 жас) саны 331, осы көрсеткіштердің 237 тұрғыны ауылдық жерлердің тұрғыны, оның ішінде 55 жастар (16-24 жас). Жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірген азаматтардың 81 білім беру ұйымдарының түлектері болып саналады, ал олардың 77 жастар қатарына жатады, олардың 11 ауылдық жерлердің тұрғыны. Оқу орындарын аяқтағандар: жалпы білім беру мектептері, гимназия, лицей түлектері 16, олардың 8 ауылдан келгендер. Колледжді бітірген жастарымыздың 39 жұмысқа орналасу үшін өтініш берген. Жоғарғы оқу орындарының 18 ғана өтініш берген. Осы орайда көмек сұрап келушілердің көбісінің заңгерлер, экономистер, кеденшілер және бухгалтерлер екенін ерекше атап көрсеткім келеді. Ал, бүгінгі өмір ағымына байланысты құрылыстың түрлі мамандарының, ағаш шеберлерінің өте қажетсініп отырғандығы ақиқат.

Семей қаласының Статистика жөніндегі Агенттігінің Ақпараттық – есептеу орталығының мәліметтеріне сүйенсек жұмысқа орналасқан азаматтар саны 2005 жылы 6454 адам , 2006 жылы 4234 адам, 2007 жылы 4312 адам. Жұмысқа орналасқандардың санының азайғандығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Бірініші мамандықтардың үйлеспеуінен, екінші жұмыс жағдайының қанағаттандырылмауынан, үшінші еңбек ақының төмендігінен, төртінші жұмысқа қабылданушылардың қисынды, қисынсыз талаптарының өсуінен.

2007 жылдың 1 сәуірінде қала бойынша Статистикалық тiркелiмге заңды тұлғалардың 4312 шаруашылық субъектiлері, соның iшiнде 4044 (93,8%) - шағын, 226 (5,2%) - орта, 42 (1,0%) - iрi кәсiпорындар тiркелдi. Мемлекеттiк меншiк нысанындағы субъектiлердiң мөлшері- 8,3%, жеке меншiк субъектілер- 90,6%, шетелдiк нысанда кәсіпорындар-1,1%.

2007 жылдың қаңтар-ақпан айларында Семей қаласы бойынша барлық білім беру, денсаулық сақтау, басқару, сақтандыру органдары, қоғамдық, банктік ұйымдарды қосқанда iрi және орта кәсiпорындарда, жұмыс iстейтiндердiң саны 57,9 мың адамды құрап, (облыстың қатысты көрсеткішіне 19,7%) 2006 жылдың қаңтар-ақпанына қатысты деңгейiнен 1,0% артқан.

Экономиқалық қызметтiң түрлерi бойынша жұмыс iстейтiндердiң саны қаржы қызметiнде (49,2%); автомобиль және жеке қолданатын бұйымдарды жөндеуде (24,0%), денсаулық сақтауда (2,5%), бiлiм беруде (2,2%), өнеркәсiпте (0,8%), өскені байқалды. Барлық экономикалық қызметтің түрлерінде көптеген үлес салмақ өнеркәсіп орындарында - 27,0%, білім беруде - 23,4%, денсаулық сақтауда - 14,8%, мемлекеттік басқаруда -7,8%, көлік және байланыста - 7,3% келеді.

2007 жылдың қаңтар-ақпанында ірі және орта кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 51,0 мың адам, 2006 жылдың қаңтар-ақпан айының деңгейімен салыстырғанда 2,0% артты.

2007 жылы 4312 адам жұмысқа орналасты, бұл 2006 жылдағы деңгейден 30,1% төмен. Жұмысқа орналасу деңгейi Семей қаласы бойынша 62,8% құрады. Жалпы тіркелген жұмыссыздардың ішінде 17,6% (401 адам) ауыл тұрғындарының үлесіне тиді. Әйелдердің үлесіне тіркелген жұмыссыздардың 71,5% (1628 адам) тиді.

Жұмыс іздеушілердің ендігі бір санаты 40-тан 50 жасқа дейінгі адамдар. Осы адамдардың үлесі жұмыспен қамту органдарына келгендердің жалпы санының 40 пайыз шамасын құрайды. Бұрынғы әлеуметтік-саяси жүйе жағдайында қалыптасқан азаматтардың осы санатының басым бөлігі бұл күнде шеттеп қалған.

Халықты жұмыспен қамту аясында және қазақстандық еңбек нарығында бәсеке қабілеттілікке жетудің маңызды көрсеткіштерін келесідей түрлерге бөлуге болады:


  1. нарық талабына сәйкес жұмыс орындарын қалыптастыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылғандығын жоғарылату;

  2. бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет өндірудегі адами шикізаттарды тиімді қолданылуын қамту;

  3. жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін ішкі және сыртқы еңбек нарығында жоғарылату;

  4. жеке ұлттық басқару мектебін қалыптастыру.

Жоғарыда айтылғандармен қоса барлық деңгейлерде әлеуметтік еңбектік қатынастар, еңбек жағдайы мен оны төлеу, гендерлік теңдік, экология, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау болады. Олар параллельді шешіледі. Бірақ біз маңызды, әрі тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыруды қажет ететін приоритеттерді көрсеттік.

Еңбек нарығының жағдайы және халықтың жұмыспен қамтылу саласының үдерістері маңызды әлеуметтік-экономикалық параметрлердің бірі. Бір жағынан, еңбек нарығы-экономикалық жүйенің элементі және оның тиімді қызмет етуінен макроэкономикалық динамиканың векторы да, қарқыны да тәуелді. Бұл әсер трансформациялық кезеңдегі экономикада күшейе түседі. Екінші жағынан, еңбек нарығы арқылы макроэкономикалық даму халықтың игі жағдайына және басқа да көптеген әлеуметтік үдерістерге әсерін тигізеді. Осыған орай, еңбек нарығындағы жағдай негізгі әлеуметтік параметр болады, оған қатысты көптеген басқа әлеуметтік үдерістер туынды болып қалады.

Бүгінде жұмыспен қамту мен еңбекті қорғау саласында көптеген шешілмеген мәселелер бар. Экономикамыздың қаркынды дамуына қарамастан елімізде жұмыссыздар саны әлі де айтарлықтай азаймай отыр. Халықты жұмыспен қамту мәселесі — қоғамның алдында тұрған басты әлеумеітік міндет.

Осы айтылғандарды ескере келе мыналарды ұсынамын:


  1. Басымдықтардың дәрежесін сақтай отырып, жұмыспен қамтудың шын мәнісіндегі рөлі мен маңызын қалпына келтіру қажет;

  2. Жұмыспен қамту саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың жалпы жүйесімен кіріктірілуге тиіс;

  3. Жауапкершілікіті тұтастай алғанда атқарушы биліктің жекелеген құрылымдарына жүктеп, жұмыспен қамту саласындағы істің жақсартылудың жалпы ұлттық міндеті ретінде заң жүзінде тану қажет, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі тиімді өндіріс жағдайында жекелеген кірістерді тұрақтандырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамның жалпы кірісінің өсуін қамтамасыз етеді;

  4. Жұмысқа орналасқысы келетін адамдардың жас мөлшеріне емес, оның біліктілігіне аса назар аударған жөн;

  5. Оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту;

  6. Ауылды жерлердің жағдайын жақсартып, халқын жұмыспен қамту;

  7. Ауылды жерлерде шағын кәсіпорындар, фабрикалар ашуға мемлекет тарапынан қлдау көрсету.

Халықты жұмыспен қамтылу мәселелері әрқашан әлеуметтік дамудың барлық аспектілерінің ортасында болады, өйткені ол экономиканың және халықтың игілік жағдайын сипаттаушылардың маңыздыларының бірі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Әлім Қ. Жұмыссыздық және жұмыс// Егемен Қазақстан.2007 жыл 1 қаңтар

  2. Ром л. Служба занятости: от пассивной политики-к действенным формам// Вести Семей 2008 год, февраль

  3. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Алматы 2008


Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты мәселесі болып еңбек нарығы мен жұмыспен қамтылу табылады. Нарықтық қатынастарға көшу жұмыссыздықтың жаңа мәселелерін тудырды. Жоғарғы оқу орындарын аяқтаған жас мамандар еңбекпен қамтылмаған, ал еңбек нарығындағы әлеуметтік салалар мамандарға зәру.
Главной проблемой социально-экономического развития является рынок труда и занятость населения. С переходом на рыночные отношения появились новые проблемы безработицы. Молодые специалисты недавно закончившие вузы не трудоустроены, а рынок труда нуждается в специалистах социальных отраслей.
The main problem of social-economics development is a market of labour and a busyness of the population. There are new problems of unemployment with a conversion to the market relations. The young specialists which recently had finished higher educational institutes haven`t work to do, but the market of labour needs in specialists of social branches.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет