Технологиялық карта №11 Тақырыбы: Тұқымға өсіретін төлді азықтандыру мөлшері мен рационы


8, 12, 15, 24 айлық ұрғашы төлге қыстық және жаздық рацион құру



бет2/6
Дата17.01.2023
өлшемі80.77 Kb.
#468473
1   2   3   4   5   6
Технологиялық карта №11

3

8, 12, 15, 24 айлық ұрғашы төлге қыстық және жаздық рацион құру

  1. Рационды бұзаудың ай шамасына байланысты әр ай сайын құрастырып тұру қажет.

  2. Негізінен рацион құрамына қыс айларында пішен, сүрлем, пішендеме, ал жаз айларында көк шөп азықтарын қосу.

  3. Жем рационның құрамында 10-20% (азық өлшемінен) шамасында болу керек

  4. Малды әрбір 100 кг тірілей салмағына пішенді 2-3 кг, сүрлемді 5-6 кг мөлшерде беру.

  5. Пішендеме типтес азықтандыруда 6-12 айлығында тәулігіне 9-14 кг, 1 жастан асқанда - 15-20 кг беру.

  6. Жем беру мөлшері бұзауға беретін пішеннің, сүрлемнің сапасына байланысты. Бір мал тәулігіне 600-650 г қосымша салмақ қосқанда жемді 0,4-0,5 кг мөлшерде беру керек

  7. Егер шаруашылықта пішен тапшы болса, рациондағы пішеннің 30 пайызын жаздық сабанмен алмастыру.

  8. Бұзаулауға 1,5-2 ай қалғанда рациондағы сүрлемнің нормасын 50 пайызға азайту керек. Оған сапалы пішен немесе пішендеме қосқан жөн.

  9. Қысқы рацион құрамына минералды азықтар, яғни сүйек ұнын преципитат, азықтық фосфаттар қосу керек.

  10. Рациондағы қажетті қорытылатын протеиннің бір бөлігін мочевинамен толықтыру.

  11. Бір басқа тәулігіне 25-55 г ас тұзын беру қажет.




Шаруашылық азық қоры, сүтті бағыттағы тұқымдық бұқаларға арналған азықтандыру нормасы

5

Тұқымдық бұқашыққа қажетті азықтың нормасын анықтап, қыс айына рацион құру

  1. Тұқымдық бұқашықтарды азықтандыру нормасы олардың тәулігіне 750-1000 г салмақ қосуына негізделген.

  2. Ұрғашы бұзауларға қарағанда бұқашықтардың рационында сүт тектес және құнарлы жем қосу.

  3. 7 айдан 16 айға дейінгі аралықта бұқашықтардың рационы орта есеппен 4-8 кг пішеннен, 6-8 кг сүрлемнен және 1,8-3,5 кг жемнен тұрады

  4. Рацион құрғанда рациондағы энергия, протеин, жылдам қорытылатын көмірсутегін, макро- және микроэлементтерді мен витаминдерді нормамен сәйкестендіру қажет.

  5. Тұқымдық бұқашықтардың күнделікті серуендетіліп тұруы қажет. Серуендетілмеген бұқашықтар тез семіреді де, олардың ұрықтандыру қабілеті жойылады.




Шаруашылық азық қоры, сүтті бағыттағы тұқымдық бұқаларға арналған азықтандыру нормасы




Етке арналған төлді азықтандыру схемасын құру

  1. 18 айлық етке арналған сүтті тұқымының төлі - 400 кг, ал сүтті тұқымның төлі - 450 кг салмақпен өткізілуі қажет.

  2. Етке арналған төлді жасанды сүт пайдаланылатын схема бойынша азықтандыру.

  3. Тәулігіне қажетті қоректік заттар нормасы төлдің тұқымына, ірілігіне, бағытына байланысты анықтау

  4. Төлге әрбір 100 кг тірілей салмағына 2,3-2,7 кг құрғақ зат қажет

5. Сүт емізу кезеңінде бұзаулар негізінен сұйық азықпен қоректендіру (майынан айырыл- маған сүт, жасанды сүт)..
6. Бұзауларды өсімдік тектес азықпен азықтануға үйрену кезеңі кезінде рационның құрамы 3-4 түрлі азықтан тұру керек. (пішен, сүрлем, пішендеме, жем).
7. Жылдам кезеңінде организмде бұлшық ет, сүйек өте тез өседі. Мұнда азықтандыру бір қалыпты, сапалы болуы қажет. Азықтар құрама азық түрінде беру.
8. Ірі азықтар пайдалану. Ұзақтығы 4-8 ай шамасында. Тәулігіне қосатын салмағы 800-1200 г шамасында болуы керек.
9. Қорытынды бордақылау кезеңі, тәулігіне 900-1300 г қосымша салмақ қосумен аяқталады. Бұл кезеңде малға мол энергиялы азық беру.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет