Технологиялық карта №11 Тақырыбы: Тұқымға өсіретін төлді азықтандыру мөлшері мен рационы



бет4/6
Дата17.01.2023
өлшемі80.77 Kb.
#468473
1   2   3   4   5   6
Технологиялық карта №11

Тапсырма-2. 8, 12, 15, 24 айлық ұрғашы төлге қыстық және жаздық рацион құру.
Кестелерде көрсетілген азық нормасына сәйкес тәлімгер тапсырмасы бойынша 8,12,15, 24 айлық ұрғашы төлге қыстық және жаздық рацион құрыңыз. Азық түрлерін оқу-тәжірибе шаруашылығында пайдаланылатын азықтарды жазу.
Рационды бұзаудың ай шамасына байланысты әр ай сайын құрастырып тұру қажет. Негізінен рацион құрамына қыс айларында пішен, сүрлем, пішендеме, ал жаз айларында көк шөп кіреді. Жем рационның құрамында 10-20% (азық өлшемінен) шамасында болады.
Малды әрбір 100 кг тірілей салмағына пішенді 2-3 кг, сүрлемді 5-6 кг мөлшер-де береді. Ал пішендеме типтес азықтандыруда 6-12 айлығында тәулігіне 9-14 кг, 1 жастан асқанда - 15-20 кг беруге болады. Үлгі рационы 4.17-кестеде көрсетілген.
Жем беру мөлшері бұзауға беретін пішеннің, сүрлемнің сапасына байланысты. Бір мал тәулігіне 600-650 г қосымша салмақ қосқанда жемді 0,4-0,5 кг мөлшерде беруге болады. Рациондағы пішен мен сүрлемнің сапасы төмен немесе тәулігіне қосатын салмағы жоғары болса, онда бір басқа 1-1,5 кг жем беру қажет.
Егер шаруашылықта пішен тапшы болса, рациондағы пішеннің 30 пайызын жаздық сабанмен алмастыруға болады.
Бұзаулауға 1,5-2 ай қалғанда рациондағы сүрлемнің нормасын 50 пайызға азайту керек. Оған сапалы пішен немесе пішендеме қосқан жөн.
Әдетте қысқы рационның құрамында фосфор аз болады. Сондықтан рацион құрамына минералды азықтар, яғни сүйек ұнын преципитат, азықтық фосфаттар қосу керек.
Рациондағы қажетті қорытылатын протеиннің бір бөлігін мочевинамен толықтыруға болады. Бір басқа тәулігіне 25-55 г ас тұзын беру қажет.
Жаз айларында рационның негізі көк шөптен тұрады. Тәулігіне бір басқа 3-4 айлығында орта есепппен 6-10 кг, 5-6 айлығында - 14-18 кг, 7-9 айлығында - 18-22 кг, 10-12 айлығында -22-26 кг, 13-15 айлығында - 26-30 кг, 16-18 айлығында - 30-35 кг, 18-24 айлығында - 35-40 кг көк шөп қажет. Құнарлы көк шөп бар жерде таналарды жаз айларында жем бермей азықтандыруға болады. Жаз айларында төлдің қоңды- лығын ылғи тексеріп тұру керек. Жайылым оты жетіспеген кезде жайылымға қоса күздік, бір жылдық және көп жылдық шөптердің көгін, бақшалық, тамыржемісті азықтар береді.

    1. кесте. Өсімге қалдырылған ұрғашы төлге арналған үлгі рациондары (400-450 кг сақа сиыр болғандағы салмағы)

Азықтар

Жасы (ай есебінде)

Буаз құнажын буаздығы (7-9 айлық)

7-9

10-12

13-15

16-18

19-21

22-24

Тәулігіне қосқан салмағы

450-500

350-400

450-500

Пішен, кг

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

3

3,0

Сүрлем, кг

5,0

7

10

10

11,5

10,5

7,5

Пішендеме, кг

3,0

3

3,0

4,0

4,0

5,0

8,0

Сабан, кг

-

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

Жем, кг

0,8

0,7

0,6

0,6

0,6

0,8

0,3

Азықтық фосфат,г

30

30

40

40

50

55

55

Ас тұзы, г

21

24

30

35

40

45

52

Күкірт қышқылды мыс, мг

21

30

32

30

40

30

-

Күкірт қышқылды
мырыш, мг

150

320

300

320

380

380

240

Хлорлы кобальт, мг

6

9

9

9

10

11

10

Д витаминінің концентраты, мың Х.Ө.

0,6

1,2

1,8

2,3

2,75

3,0

3,0



Тапсырма-3. Тұқымдық бұқашыққа қажетті азықтың нормасын анықтап, қыс айына рацион құру. Азық түрлерін өзіңіз келген шаруашылықтың азықтарынан пайдалану.
Тұқымдық бұқашықтарды азықтандыру нормасы олардың тәулігіне 750-1000 г салмақ қосуына негізделген.
Ұрғашы бұзауларға қарағанда бұқашықтардың рационында сүт тектес және құнарлы жем әлдеқайда көп болады.
Жаз айларында ылғалды азық пен пішеннің орнына көк шөп беріледі.
7 айдан 16 айға дейінгі аралықта бұқашықтардың рационы орта есеппен 4-8 кг пішеннен, 6-8 кг сүрлемнен және 1,8-3,5 кг жемнен тұрады (4.18-кесте).
Рацион құрғанда рациондағы энергия, протеин, жылдам қорытылатын көмірсутегін, макро- және микроэлементтерді мен витаминдерді нормамен сәйкестендіру қажет. Тұқымдық бұқашықтардың күнделікті серуендетіліп тұруы қажет. Серуендетілмеген бұқашықтар тез семіреді де, олардың ұрықтандыру қабілеті жойылады.

    1. кесте. Тұқымдық бұқашықтарды азықтандырудың үлгі ретін- дегі рациондары (1 басқа тәулігіне)

Азықтар

Тірілей салмағы, кг

380

450

Жасы (ай есебінде)

6-12

12-16

6-12

12-16

Тәулігіне қосатын салмағы, г

750

750

900

900

Пішен, кг

2

2

2,5

3

Сүрлем, кг

10

12

12

13

Пішендеме, кг

4

5

6

6

Жем, кг

2

2

2

2,5

Азықтық фосфат, г

40

50

50

5

Ас тұзы, г

30

40

40

40

Пішен, кг

2

3

2

2,5

Сүрлем, кг

5

5

5

5

Пішендеме, кг

8

10

10

10

Тамыржемістілер, кг

5

6

6

5

Жем, кг

2

2

2,5

2,5

Азықтық фосфат, г

40

50

50

50

Ас тұзы,

30

40

40

40



Тапсырма-4. Етке арналған төлді азықтандыру схемасын құру.
Етке арналған төлді азықтандырудың нормасы одан тез арада жоғары сапалы ет алу мақсатына сәйкестендірілген, яғни 18 айлық етке арналған сүтті тұқымының төлі - 400 кг, ал сүтті тұқымның төлі - 450 кг салмақпен өткізілуі қажет.
Етке арналған төл көбінесе жасанды сүт пайдаланылатын схема бойынша азықтандырылады.
Тәулігіне қажетті қоректік заттар нормасы төлдің тұқымына, ірілігіне, бағытына байланысты анықталады.
Ғылыми-зерттеулердің нәтижесі бойынша етке арналған бұзауларға қажетті құрғақ зат пен энергия (азық өлшемі) әрбір 100 кг тірідей салмағына 4.19-кестеде көрсетілген мөлшерде болуы керек:

    1. кесте. Етке арналған бұзауларға қажетті құрғақ зат пен азық өлшемі

Жасы, ай есебімен

1

2

3

4

5

6

Құрғақ өлшемі, кг

1,9

2,1

2,3

2,5

2,6

2,6

1 кг құрғақ заттағы азық өлшемі

2,4

1,8

1.4

1,2

1,1

1,1

Төлге әрбір 100 кг тірілей салмағына 2,3-2,7 кг құрғақ зат қажет.


Қорытылатын протеиннің етке арналған төл жемшөбінің 1 азық өлшеміне қажетті мөлшері және 100 кг тірілей салмағына қажетті ас тұзы мен кироэлементтер мөлшері 4.20-4.21-кестелерде келтірілген.

    1. кесте. Етке арналған төлдің 1 азық өлшеміне қажетті қорытылатын протеин мөлшері

Жасы (ай есебіне)

Сүтті және күрделі тұқымдас сиырлары төлдеріне, г

Етті тұқымды сиырлардың төлдеріне, г

1-3

125

115

3-6

120

115

6-9

110

110

9-12

100

100

12-18

90

90




    1. кесте. Етке арналған төлге әр 100кг тірілей салмағына қажетті ас тұзы мен микроэлементтер мөлшері, г:

Тірілей салмағы, кг

Ас тұзы

Кальций

Фосфор

Магний

Калий

Күкірт

50

10-12

23-25

13-15

4-5

20-24

9-10

100

10-12

21-23

11-13

4-5

20-24

9-10

150

10-12

19-21

8-9

4-5

20-24

9-10

200

10-12

16-17

7-8

5-6

20-24

9-10

250

10-12

12-14

7-8

5-6

20-22

9-10

300

10-12

12-13

7-8

5-6

18-22

8-9

350

8-10

11-12

6-7

5-6

18-20

8-9

400

8-10

11-12

6-7

5-6

17-20

7-8

450

8-10

10-11

6-7

5-6

17-20

7-8

Етке арналған 6 айға дейінгі төл рационындағы 1кг құрғақ затқа темір - 50-60 мг, мыс - 5-10, мырыш - 30-60, кобальт -0,5-0,7, марганец - 30-50, йод - 0,3-0,6, ал 6 айдан жоғары жастағы төлге титр - 50-70, мыс - 7-10, мырыш - 40-50, марганец - 30-50, кобальт - 0,6, йод - 0,2-0,4 мг қажет.


1кг рациондағы құрғақ затқа 6 айға дейінгі төлге 17-11мг, 6 айдан асқан төлге 9-7 мг каротин қажет.
Әдейі етке арналған төлді өндірістік кешендерде азықтандыруды көп шаруашылық тәжірибеге айналдырған. Азықтандырудың технологиялық циклы 4 кезеңнен тұрады:

  1. .Сүт емізу мезгілі. Ұзақтығы 60-90 күн. Бұл кезеңде бұз- аулар негізінен сұйық азықпен қоректендіріледі (майынан айырыл- маған сүт, жасанды сүт). Рациондағы басқа азықтар құрамы жем мен пішен немесе шөп. Барлық азық жеке-жеке беріледі.

  2. .Сүт емізу кезеңінен бұзаудың өсімдік тектес азықпен азықтануға үйрену кезеңі. Бұл кезде рационның құрамы 3-4 түрлі азықтан (пішен, сүрлем, пішендеме, жем) тұрады. Бұл азықтарды қоспа азық түрінде береді. Жем негізінен толықтырушы ретінде беріледі. Ұзақтығы 60-90 күн.

  3. .Жылдам кезеңі. Бұл кезде организмде бұлшық ет, сүйек өте тез өседі. Мұнда азықтандыру бір қалыпты, сапалы болуы қажет. Азықтар құрама азық түрінде беріледі. Негізінде ірі азықтар пайдаланылады. Ұзақтығы 4-8 ай шамасында. Тәулігіне қосатын салмағы 800-1200 г шамасында болуы керек.

  4. .Қорытынды бордақылау кезеңі, тәулігіне 900-1300 г қосымша салмақ қосумен аяқталады. Бұл кезеңде малға мол энергиялы азық беріледі.




    1. кесте. Ұрғашы бұзаудың өсу жоспарына байланысты олардың азықтандыру нормасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет