Тәжірбиелік сабақтар
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1 Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі. Жара кезіндегі асқыну
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету); Зардап кезеңдерін анықтау. Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру; Талаптарға сай көмек көрсету
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақымдануына әкеп соғады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, бет және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін. Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты қанайды);
шабылған (балтамен сүйектер зақымдануы мүмкін);
шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен, кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ыктимал);
соғылған жара, оқ тиген жара және т.б.
Кейбір жағдайларда, мысалы ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары жөне т.б.)әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.
Жаралар ок тиген (оқтық, жарықшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жат текті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.
Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі.
Жаралаушы кұралдың түріне және тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың түрлері
Жара кезіндегі асқыну
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №2 Жара кезіндегі кезек күттірмейтін алғашқы медициналық көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары
Алғашқы медициналық көмек көрсету:
Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);
Зардап кезеңдерін анықтау;
Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
Талаптарға сай көмек көрсету.
Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.
Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.
Керек:
Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;
жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.
қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.
ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.
Болмайды:
Қатты қан кету
Керек:
зақымданған тамырды қолмен қысу;
зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;
қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.
Достарыңызбен бөлісу: |