2 – тәжірибе: Минералды су, мейіз түйіршіктері, стакан берілген. Стаканға минералды суды құйып, оған мейіз түйіршіктерін саламыз. 1-3 минуттан соң, стакан ішіндегі мейіздердің қозғалғанын байқаймыз. Ол не себепті қозғалды?
(Жауабы: Себебі, минералды су газдалған. Газдалған судағы газ бөлшектері жоғары қарай көтеріледі. Сол кезде мейіздер қозғалысқа келеді)
3 – тәжірибе: Суы бар стаканға жарты шай қасық сірке(уксус) қосып араластырыңдар. Сонан соң ерітіндіге жарты шай қасық сода салыңдар. Қандай құбылысты байқадыңдар?
(Жауабы: Температура артқан кезде молекулалардың ретсіз қозғалысын, үздіксіз қозғалысын осылай байқауға болады. Неғұрлым температура жоғарылаған сайын, молекулалар мен атомдардың жылдамдығы соғұрлым жылдам қозғалады).