«Текелі қаласы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы «___»____________
№______ Текелі қаласы әкімдігінің
қаулысына қосымша
«Текелі қаласының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
«Текелі қаласының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже.
1. «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) ветеринария саласында қызметін жүргізеді басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары, өкілдері, филиалдары жоқ.
3. Бөлімнің құрылтайшысы Текелі қаласының әкімдігі.
4. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Бөлім ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. Бөлім азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Бөлім өз құзыреттігінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері; 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34.
11. Мемлекеттік органың толық атауы:
мемлекеттік тілінде «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел ветеринарии города Текели»
12. Осы ереже бөлімге құрылтай құжаты болып табылады.
13. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, жүзеге асырылады.
14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсүге тыйым салынады.
Егер «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісі жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. Бөлімнің миссиясы:
Текелі қаласының аумағындағы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) қала аумағында басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
17. Функциялары:
1) қаланың жергілікті өкілді органына елде мекендерде жанурларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бекіту үшін жанурларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
3) мал көмінділерін (боитермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер дайындау;
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақоларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттікветеринариялық-санитариялықбақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың, жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың, жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
28) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзырына жататын бекітілген тәртіптегі және келісілген мерзімде мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан ақпарат, анықтама, қажетті мәлімет т.б. материалдар сұрауға және алуға;
2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензиялардың заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
3) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;
4) әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;
5) әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға;
6) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормасында жүктелген және т.б. құқықтар.
3.Мемлекеттік қызметін ұйымдастыру
19. Бөлім басшылығы жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім басшысы бөлімнің қызметіне басшылық етеді, жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады, өзіне жүктелген мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді.
2) бөлімді ұстауға бекітілген смета шығыны шегінде штат кестесі бойынша Текелі қаласының әкіміне ұсыныс жасайды;
3) бөлім жұмысының регламентін бекітеді;
4) бөлім мамандарының лауазымды міндеттерін анықтайды;
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдардың нормасына сәйкес бөлім мамандарын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес сәйкес бөлім қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
7) Бөлім бұйрығына қол қояды;
8) Бөлім қабылдаған шешім, бөлім басшысының бұйрығымен ресімделеді. Бөлім бастығы барлық мемлекеттік т.б. органдарда сенімхатсыз іс жүргізе алады.
9) Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерімен жемқорлықты болдырмау бойынша шаралардың сақталуына дербес жауап береді.
10) Бөлімнің мүлігімен, қаржы қаражатын басқарады, банк мекемелерінде есеп шот ашып, жабады, олар бойынша операция жасап, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есеп тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлім мүлкі
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ақшалай кірістерді қоса алғанда және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлім бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелектен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Текелі қаласының ветеринария»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Махаев
Достарыңызбен бөлісу: |