Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы



Дата17.07.2016
өлшемі82.64 Kb.
#204615
Текелі қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№_____ қаулысына қосымша

«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі


Текелі қаласы

«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - бөлім) Текелі қаласында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары, филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Текелі қаласының әкімдігі бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлім қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,


функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Бөлімнің миссиясы: стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге және Текелі қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым мiндеттерiн iске асыруға бағдарланған мемлекеттiк жоспарлаудың бiртұтас және тиiмдi жүйесiн қалыптастыру болып табылады.



15. Міндеттері:

  1. Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;

  2. әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын өзара әрекеттесуде мемлекеттік бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру;

  3. экономика секторларында, мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да міндеттер.

16. Функциялары:

  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуді сала аралық және аумақтық үйлестіруді icкe асыру;

  2. стратегиялық, ортамерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;

  3. атқарушы органдарының қатысуымен әлеуметтік-экономикалық, дамудың кешенді Бағдарламасын және оны жүзеге асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарын қалыптастыру, орындалуы жөнінде мониторинг жургізу;

  4. басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар)
    тізімін қалыптастыру;

  5. Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу;

  6. Текелі қаласының 5 жылға арналған даму бағдарламасының
    жобасын әзірлеу;

  7. қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;

  8. ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары үшін жергілікті бюджет шығындарының лимитін қалыптастыру;

  9. бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне шығын лимиттерін жеткізу;

  10. қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қарастыру, бағалау мен қорытындылар дайындау және бюджетті құрастыру;

  11. сәйкес жылға қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат
    шешімінің жобасын әзірлеу;

  12. сәйкес қаржы жылына қалалық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру жөніндегі қалалық әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;

  13. инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу, өңірлік бағдарламаларды және басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар тартуға көмектесу;

  14. экономиканың жеке секторларында мемлекеттің қатысуының кеңеюі немесе қысқартылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

  15. қаланы дамытудың ортамерзімді басымдықтарын ескере
    отырып, коммуналдық жекеменшік кәсіпорындарың даму жоспарларын
    қарастыру және келісу.

  16. қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар қызметіне талдау жасап, үйлестіру жүргізу;

  17. экономиканың дамуына және ақпараттық жүйесін құру мен дамыту жағдайына салыстырмалы талдап, қаланың экономика секторларына әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;

  18. дамудың макроэкономикалық тенденцияларын ескере отырып, экономикалық талдау мен болжау жасау;

  19. жергілікті бюджет түсімдеріне болжау жасау;

  20. өңірлік бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік
    инвестициялар мен гранттарды тиімді (нәтижелі) жүзеге асырылуына
    бағалау жүргізу;

  21. өз құзырының шегінде мемлекеттік коммуналдық жеке меншік объектілерін басқаруға талдау және бағалауды жүзеге асыру;

  22. қаланың жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысу;

  23. Текелі қаласында қолданыстағы және өңделудегі бағдарламалар тізімін әpi қарай жүргізу және қалыптастыру;

  24. өз қызметінің саласында заңдылықтардың қолдануын талдауды жүзеге асыру.

  25. қаланың әкімдігі құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын талдауды жүзеге асырады;

  26. мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға заңды тұлғаға берiлген немесе ол өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;

  27. жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын icкe асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

  1. өңірлік саясатты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша әкімдікке ұсыныстар енгізеді;

  2. атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, қаланың 5 жылға арналған даму Жоспарының жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарына мониторинг жүргізеді;

  3. бағдарламаларды әpi қарай мақсатты дамыту туралы әкімдікке ұсыныстар енгізеді;

  4. өзінің құзыры шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау мәліметтерін дайындайды және тапсырады;

  5. өзінің құзыры шегінде мемлекет және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты және құжатты сұратады;

  6. атқарушы органдардың өкілдерін өңірлік жекеменшік мониторингі саласына қатысты ақпаратқа мониторинг және талдау жүргізу объектілерін тікелей тексеру үшін тартады;

  7. атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз эсперттерді сараптама жүргізу және кеңес беру үшін тартады;

  8. салалардың дамуын жақсарту сұрақтары бойынша шешімдер мен ұсыныстар дайындауға қатысады;

  9. өз құзырының шеңберінде жоғарғы органдарға басшылық жасайтын сұрақтары бойынша нормативтік-құқық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүргізеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімде басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

3) заңда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік
жаза қолданады және ынталандырады, материалдық көмек көрсету сұрақтарын шешеді;

4) бұйрықтарға қол қояды;

5) бөлімнің мүддесін Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарда және басқа да заңды тұлғаларда сенімхатсыз қорғайды;

6) бөлім жұмысының регламентін бекітеді;

7) бөлімнің мүлкін, қаржы қаражаттарын басқарады, банк мекемелерінде есеп-шот ашып, жабады, олармен операциялар жүргізеді, қаржылық құжаттарға қол қойып, қаржылық және есптілік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) өз құзыретінің шеңберінде басқа да шешімдер қабылдайды.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Текелі қаласының экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»



мемлекеттік мекемесінің басшысы Ф. Мырзахметова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет