Тексерген: Магзумова Л. К орындаған: цаф-19-3 тобының студенті Жолдас Асемай Қарағанды 2021 Тәуекел



Дата26.09.2022
өлшемі16.45 Kb.
#461361
Жолдас Асемай реферат ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті

МІ және Г кафедрасы



Рефарат
Тақырыбы: Тәуекелді басқару


Тексерген: Магзумова Л.К
Орындаған:ЦАФ-19-3 тобының
студенті Жолдас Асемай
Қарағанды 2021
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледіЭкономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістеріКез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына - салынған капиталдан табыс алуға - тәуекелді анықтау сәйкес келеді.Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.
Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі.
Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.
Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:
Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау
Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.
Тәуекелді сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі. №6 кестеде «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.
Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.
Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.
Берілген реферат жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайына талдау, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Жұмыстың теориялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.

Қолданылған әдібиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
2. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.
3. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.
4. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 1996.
5. Вишняков Я. Д., Колосов А. В., Шемякин В. Л. Оценка и анализ финансовых рисков предприятия в условиях враждебной окружающей среды бизнеса // Менеджмент в России и за рубежом – 2000 г. №3, с. 15-17.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет