Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет1/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
диплом


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ел ертеңі саналатын жастардың қоғам өмірінде алар орны бүгінде соншалықты маңыздылыққа ие болып отыр. Тұғырлы биіктен көрінерлік талапты жастардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан уақыттың өзі межелеген белгісі секілді көрінеді. Жас сананың мемлекет негізінің дұрыс қалануында қаншалықты орны барын уақыттың өзі дәлел­деп берді.
Сондықтан болар, жас­тар болашақтарының басқаның емес, өз қолдарында екендігін түйсікпен түсініп үлгергендей. Олар бірінші кезекте өз қалау­ларын дұрыс таңдауға мүмкіндік алды. Мемлекеттің олардан ендігі бар күтетіні — соларды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Зерттеудің мақсаты - Жастар – әркез қоғамның қозғаушы күші. Олардың қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардан ерекшелігі сол, қоршаған ортасында болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайды. Әйгілі неміс ғалымы Карл Манхейм жастарды ерекше әлеуметтік топ ретінде қарастырған. Оның пікірінше, жас буын әлеуметтік өмірде делдал қызметін атқарады. Яғни қоғамдағы кез келген оқиғаның бастамашысы жастар болуы тиіс. Осы орайда Қазақстандағы жастар саясатының бүгінгі ахуалы туралы да қалам сілтеуді жөн санадым. Зерттеу жұмысының мақсаты еліміздегі жастар саясатының қоғамдағы орнын анықтап,жалпы жастарға көңіл бөлініп жатыр ма,қандай қаражат бөлінуде?, жастар саясаты дамыған ба? соны білу еді.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі міндеттері шешілді:


1. Еліміздегі Жастар саясатының мәнін, қоғамдағы орнын анықтау.
2. Жастар саясатының шетелдік тәжірибедегі рөлін талдау.
3. Ақтау қаласындағы жастардың әлеуметтік жағдайын талдау.
4.Қазақстан Республикасындағы жастарға байланысты стратегиялық бағыттарды қарастыру.
Зерттеу нысаны Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мелекеттік мекемесі болып табылады.
Зерттеу пәні Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мелекеттік мекемесінің ұйымдық - құқықтық негіздерін зерттеу.
Дипломдық зерттеу барысында нормативтік құқықтық актілер, Маңғыстау облысының статистикалық деректері және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың оқу және ғылыми әдебиеттері пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет