Қазақ Ұлттық Қыздар педогогикалық университеті
СӨЖ
Тақырып: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Тексерген: Тілебалды Жұлдыз
Орындаған: Сабитқызы Аяжан
Алматы 2024
Жоспар:
Ұлы Дала аумағындағы көшпелі өмір салтының қалыптасуы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы.
Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттердің қалыптасуы.
Қорытынды.
Алғашқы қауымдастық кезінде аңшылық, терімшілік негізгі шаруашылық, кездері болды. Кейін еңбек құралдары дами келе егіншілік, малды қолға үйрету қалыптасты.Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңында қуаңшылық жағғдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды.Казақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Су кезі мен жайылымдық жерлердін тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияга ушырау каупі артты. Біртіндеп мал басының, саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделді. Ол көшпелі шаруашылығының орнығуына алып келді. Ұлы Далада егіншілікке аса тиімді балама ретінде кешпелі малшаруашылығы дамыды.Алайда, көшпелі мал шаруашылығы Казақстан аумағында толықтай жургізілмеді. Кейбір өңірлерде көшпелі шаруашылықпен қоса егіншілікте қалыптасты.Көбінесе Оңтүстік Қазақстан жерінде қалыптасты. Дала өркениетінің Қазақстаннык кең байтақ жерінде отырықшылық және кала мәдениеті дамуы ежелден ерекшеленген. Көшпенділер қоғамында қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайык өзендерінің сағасында, көлдердіғ жағасында, таулардын бөктерінде, сауда жолдардың бойында жалғасқан.
Отырыкшы және көшпелі өмір салтының арасындағы байланыс екі жақты тиімді болды. Көшпенділер отырыкшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердін ауысуына себепші болды. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпенділер егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге кажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Атап айтса, жылқының қолға үйрету, ат абзелдері, көшпенділерді қару-жарақтары отырықшы мемлекеттердің назарын өзіне аударды.Осылайша, екі түрлі өмір салтын ұстанатын халықтар арасында байланыс оранды. Сауда-саттық, кейбір кездерде қарулы қақтығыстар да орын алды. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Дегенмен, отырықшы өмір салтының көшпенділер өміріне, көшпенділердің отырықшы халықтын тұрмысына деген әсері зор болды.
Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттердің қалыптасуы сақ, сармат, ғұн тайпаларымен тікелей байланысты болып табылады.Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б. 8-3 ғ мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сабақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Кудіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери демократия болды. Сақтардың құрамына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде - дайлар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде - сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады. Бүкіл тайпа мүшелері сайланған тайпа көсемі - бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қаруымен, азық-тулікпен қамтамасыз етілуін қадағалайды, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалап отырады.Сақ тайпаларына байланысты археологиялық ескерткіштер.Қазақстан аумағының барлық жерлерінде кездеседі. Сақтардың өмір сүрген аумақтары көбінесе өзен анғарлары маңайында болған. Көбінесе Жетісу және Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарында кездескен.Сақтардың өмірі, тұрмысы, мәдениеті туралы мол малімет беретін археологиялық ескерткіштер катарына «Есік» обасы жатады. «Есік қорғаны» - алғашқы алтын адам табылғандығымен әйгілі. «Алтын адам» сол замандағы өмір туралы мәлімет беретін ең құнды жәдігер болып саналады.
Сармат тайпалары. Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды. Олар ертеректе б.з.д. VIII—IV ғғ. савроматтар деп аталған. Савроматтар — далалық қола дәуірі тайпаларының ұрпақтары, қима мәдениеті мұрагерлері болып табылады. Б.з.д. IV ғасырдағы жазба дереккөздерінде савроматтарды сарматтар деп жиі атайды. Себебі, осы кезде савромат қоғамында қайта топтасулар жүрді. Ескі рутайпалың одақтар шығыстан келген (Қазақстан, Арал, Оралдың арғы жағы) тайпалар есебінен жаңа мәдениет қалыптастырды.
Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады. Бұл ескерткіштің ерекшелігі — түркі тектес халықтарға тән қайқы қылыштың табылуы. Бұрын сарматтар дәуірінің (б.з.д. IV — б.з. II ғғ.) ескерткіштерінде тек семсер, қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі көне түркі тайпаларының дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайңы қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны Қазақстанның Батыс өңіріндегі сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туды.
Сарматтардың шығыс тобының тарихы Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Каспий, Арал теңізінің солтүстігінде савроматсарматтық мәдениет таралды. Оларда зергерлік өнер жақсы дамыды. Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынан әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті.
Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |