Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну



Дата07.07.2016
өлшемі164.42 Kb.
#182826




Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

«19 » маусым 2013ж. №63 бұйрығымен бекітілді

Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну

ережесі
1. Кіріспе.

1. Осы Тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесі (бұдан әрі – Ереже) жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдарға, филиалдарға және заңды тұлғалардың өкілдіктеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексеру тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну тәртібін белгілейді

Ереже 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұзан әрі – Заң), 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.

2. Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу және есепке алу:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін тексерулер нәтижелері бойынша қалыптасатын шынайы және дәйекті құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;

жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, филиалдардың және заңды тұлғалардың өкілдіктерінің қызметін тексеруді жоспарлау және оңтайландыру кезінде елдегі құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

3. Осы Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:

1) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – АЕҚ) - оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың (№1-П нысанды есепке алу карточкасы және талон-қосымша) материалдық (қағаз, магниттік, оптикалық және басқа да) жеткізгіші.

2) тексеру объектілері – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдар, филиалдар және заңды тұлғалардың өкілдіктері;

3) тексерулерді жоспарлау – уәкілетті мемлекеттік органдардың тексерулерді жүйелеуі, оңтайландыруы және реттеуі;



4) тіркеу субъектілері – жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, филиалдардың және заңды тұлғалардың өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдары уәкілеттік берген мемлекеттік органдар;
2. Тексерулер тағайындау туралы актілерді, оларды тіркеуден бас

тарту, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу тәртібі.
4. Тіркеу рәсімі өзіне құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуді, тексеру жүргізудің тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы, мерзімінің ұзартылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәліметтерді есепке алу, ақпараттық есепке алу құжаттарын беру және оның нәтижелері, сонымен қатар өткізілмеген тексерісті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен алуды, сондай-ақ оларды тіркеудің күшін жоюды енгізеді.

Тіркеу рәсімі келесі тексерулерді жүргізуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды:

Заңның 8-бабы тәртібінде ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде;

Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, Заңның 3-бабы 3 және 4 тармақтарында және 12-бабы 3-тармағында көзделген салалардағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты прокуратура органдары жүзеге асыратын тексерулер осы Ережеде белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.

Аймақта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көліктік бөлімшелері болмаған жағдайда, тіркеу рәсімін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық басқармасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесіне келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық есепке алу құжаттарын мәлімет үшін бере отырып, есепке алуды жүргізу және бақылау үшін жүзеге асырады.

5. Тіркеу субъектілері Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда Тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналын (бұдан әрі – Журнал) жүргізеді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабын жүргізеді, мемлекеттік органдар бөлігінде Журналға ұқсас нысанда жүргізеді.

6. Тексеру тағайындау туралы актінің тіркелуін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тексеру объектісінің тіркеу орны бойынша немесе өз қызметін іске асыру орны бойынша тексерудің басталуына дейін іске асырылады.

Тіркелу үшін Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актінің екі данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшірме), Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асыратын тексеру туралы мәліметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрі – №1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.

Тексеруді мемлекеттік тіркеу үшін тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерін жүргізу кезінде электрондық сандық қол қойылған, көрсетілген құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы анықтайтын электрондық форматта жолданады.

Тексерулерді есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесі болмаған жағдайда, тексеру тағайындау туралы акті және №1-П нысанды есепке алу карточкасы электрондық форматта рәсімделуі, содан соң, электрондық сандық қол қойылғаннан кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегімен тіркелуі үшін ұсынылуы мүмкін.

Бақылаушы және тіркеуші органдардың орналасқан жерінен елеулі қашықтықта орналасқан объектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу тексеру басталғаннан кейін, келесі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

7. Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу барысында мемлекеттік орган қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшін негіз болған құжаттың түпқұжаты мен көшірмесін ұсынады.

Тексеру тағайындаудың негізі болып табылған құжаттың түпқұжаты мемлекеттік орган қызметкеріне қайтарылады, ал көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.

8. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері АЕҚ-ны ала отырып, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу рәсіміне ұсыну сәтінен жұмыс уақытын ескере отырып үш сағаттан кешіктірмей:

тексеру тағайындау туралы актінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін және №1-П нысанды есепке алу карточкасының толтырылуының толықтығын тексереді;

сонымен қатар, құжаттарды тіркеуге ұсынудың уақтылы болуын, тексеру жүргізудің құқықтық негіздерінің болуын, тексеру мерзімі мен кезеңділігін, сонымен қатар тексеруді тағайындау кезінде мемлекеттік органның аумақтылығын сақтауды тексереді;

актіні тіркеуден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр басады;

№1-П н. есепке алу карточкасына жазбаларды, АЕҚ мәліметтерін деректер қорына енгізеді;

құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері электрондық тіркеудің аяқталуы туралы тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу туралы хабарламаны жолдайды.

Тіркеген соң, актінің түпқұжаты мөр басылып мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Аталған актінің көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.

9. Тіркеу субъектісі тексеру тағайындау кезінде жіберген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысы не оның міндетін орындаушы адам тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) Ережеге қоса берілген 6-қосымшаға сәйкес нысанда, АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде жазбаша түрде екі данада жасалады.

Көрсетілген мерзімінің аяқталуы мерекелік немесе демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.

Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Ереже талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелді болуы тиіс.

10. Мемлекеттік тіркеу субъектісі тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселені анықтау үшін ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешім АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдануы тиіс.

Тіркеусіз қайтарылыпған тексеруді тағайындау туралы актіден бас тартылған жағдайда, Ережеге қоса берілген 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «бас тартылған» мөртабаны қойылады және №1-П нысанды есепке алу карточкасының 21-тармағы толтырылады.

Электрондық тіркеу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

11. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін келесі негіздердің бірінің болуы жеткілікті:

1) тексерулер жоспарында көрсетілмеген жоспарлы тексеруді тағайындау;

2) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;

3) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерге қатысты тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімінің асып кетуі немесе өтіп кетуі;

5) жасырын түрдегі өтініш бойынша объектіге тексеру тағайындау;

6) мемлекеттік органның Заңның 23-бабы 6-тармақшасы талаптарын бұзып тексеру тағайындауы.

7) егер алдыңғы тексерулер нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның (қаулының, ұсыныстардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау мәселесі бойынша тексеру тағайындау;

8) жоспардан тыс тексеруді тағайындау негізінің жазбаша растауы болмауы (сұрау, тапсырма, өтініш, шағым, жүгіну, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүгінулерді сенім телефондары бойынша есепке алу кітабында тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау кезіндегі актінің көшірмесі және заңнамада көзделген басқа да негіздер);

9) өтініште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өзге де жүгінулерде көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;

10) тексеру жүргізуді оған тиісті өкілеттігі жоқ тұлғаларға тапсыру;

11) Заңда көзделген жағдайлардан басқа бірнеше тексеру объектілеріне тексеру тағайындау туралы бір актідегі нұсқау;

12) заңмен белгіленген мерзімде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектіні тексеруді қайта тағайындау;

13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шекті мерзімдерінен асатын мерзімге тексеруді тағайындау немесе оны ұзарту;

14) міндетті хабарлау туралы талап Заңда көзделген болса алдағы тексеру туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне хабарлау туралы деректің болмауы немесе хабарлау мерзімін сақтамау;

15) тексерулердің жүргізу тәртібі мен жағдайларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы.

12. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден негізсіз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкін.

13. Заңның 18-бабы 3-таврмағында көзделген жағдайларда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексеру басталғаннан кенйінгі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

14. Тексеру мерзімдерін тоқтатқан, жаңартқан және ұзартқан, тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда тіркеу субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жолдайды.

Тексерілетін субъектіге хабарлау Заңның 10-бабы 3-тармағында, 19-бабы 4-тармағында, 30-бабы 1-тармағының 6, 7 бөліктерінде көзделген тәртіпте жүргізіледі.

Бұл ретте, тексеру тағайындау, тоқтату, қайта жаңғырту немесе тексеру мерзімдерін ұзарту жөніндегі актілерді тіркеу тәртібі, сондай-ақ салық органдары жүзеге асыратын тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамын өзгерту Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-тарауымен анықталады.

Тіркеу хабарламада күні, тексеруді жүзеге асырған қызметкердің тегі, аты-жөні көрсетіліп, қолы қойылып, мөртабанмен (5-қосымша) нақтыланады.

15. Тіркеу субъектісі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына №1-П нысанды есепке алу карточкасына талон-қосымшаны, егер электронды тіркелген жағдайда, 9-қосымшаға сәйкес нысандағы оның электронды форматын ұсынады.

Мемлекеттік тіркеу субъектісі тағайындаған тексеруді жүргізуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешімі бойынша тексеруді оның аяқталуына дейін тоқтатқан жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі ол туралы шешім қабылданғаннан соң үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолдайды.

16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген тексеруді өткізбеген жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі тексерудің өткізілмеу себебін көрсетіп ескертпе жасайды.

Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің нақты аяқталған сәтіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

17. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзімдерінің ұзартылуын, тоқтатылуын және жаңартылуларын есепке алуды және бақылауды жүргізеді.

18. Егер салыстыру немесе мемлекеттік тіркеу субъектілерінде тексеру жүргізу барысында тіркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актіні, немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығармай жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі алдын ала өзінің тіркеу журналында тиісті жазу жазып, оларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тіркелмеген тексерулерге толтырылған №1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-қосымшаларды ұсынады.

19. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша немесе өз бастамасымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықтаған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу күшін жоя алады.


3. Тексерулерді есепке алудың электрондық форматын жүргізу тәртібі.
20. Тіркеу субъектілері тексерулерді есепке алудың электрондық форматының қалыптасуына қатысады.

Осы мақсатта олар тұрақты және үзіліссіз түрде ведомстволық тексерулердің, сонымен қатар тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған әкімшілік әрекеттегі қабылданған шараларды есепке алу жүйесін құрады.

Тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру барысындағы қарым - қатынасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының веб-ресурсы арқылы жүргізілуі мүмкін.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тексерулерді есепке алу жүйесі мен тексерулерді есепке алу ведомстволық жүйесінің біріктірілуі, сондай ақ тұтастық және біріңғайлық принципін сақтау негізінде мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеу барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының веб-ресурсы арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыру тексерулерді есепке алудың орталықтандырылған электрондық форматы құрайды.

Тексеру тағайындау туралы актілер, №1-П нысанды есепке алу каточкалары, талон-қосымшалар мәліметтері негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер туралы орталықтандырылған мемлекеттік деректер банкін жүргізеді.

21. Заңға сәйкес бекітілген тексерулерді жүргізу жоспарлары осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес кесте түрінде ресімделеді және қағаз және электрондық форматта ұсынылады.

Жоспарда мемлекеттік органның атауы, реттік нөмірі, тексеру объектісінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), шағын кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік тіркелу күні, оның орналасқан жері немесе қызметті жүзеге асыру орны көрсетіледі.

Тексерулерді жүргізу жоспарына енгізілген мәліметтердің дұрыс, тұтас, объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына жүктеледі.



4. №1-П нысанды есепке алу карточкасын және талон-қосымшаны толтыру тәртібі.
22. №1-П нысанды есепке алу карточкасының және талон-қосымшаның деректемелерін тексеруді жүзеге асырушы тұлға баспа әріптермен, қысқартуларсыз толтыруы тиіс.

№1-П нысанды есепке алу карточкасының оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы берген кодтық белгі нөмірлері қойылады.

23. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тексеру аяқталғаннан соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатын талон-қосымша толтырылады.

24. Талон-қосымшаны ұсыну тексеруді аяқталған ретінде есептеуге негізі болып табылады.

25. Енгізілген мәліметтердің шынайлығын, толықтығын, объективтілігін және дәйектігін қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына және осы құжаттарды толтырған тұлғаға жүктеледі.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналы және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабы
26. Журнал бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, тіркеу субъектілері жүргізеді.

27. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс.

Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгізіледі, түзетулерге және тазартуларға жол берілмейді. Қателескен жазбалар ескертіледі және жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады.

28. Есепке алуды тиісті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, тіркеу субъектісінде Журналды жүргізу жауапты лауазымды тұлғаға жүктеледі.

Журналдың жүргізілуі және сақталуы туралы талаптардың қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу мемлекеттік тіркеу субъектісінің басшысына жүктеледі.

29. АЕҚ бланкілерімен және журналдармен қамтамасыз ету мемлекеттік тіркеу субъектілеріне жүктеледі.

30. Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлері жүргізеді.

31. Кітап бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс.

Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгізіледі, түзетулерге және тазартуларға жол берілмейді.

6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы» №1-П нысанды есептердің ұсынылу тәртібі мен мерзімдері.

32. №1-П нысанды есепке алу карточканың және талон-қосымшаның негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдары Ереженің 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы» №1-П нысанды есепті (бұдан әрі – №1-П нысанды есеп) жасайды.

Аймақ бойынша №1-П нысанды жиынтық есепке және әр мемлекеттік орган бойынша №1-П нысанды есепке құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қойяды.

Аймақ бойынша №1-П нысанды жиынтық есеп және әр мемлекеттік орган бойынша №1-П нысанды есеп ұлғаю нәтижесiмен тоқсан сайын жасалады, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді және орталық құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынады.

33. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының орталық аппараты аумақтық органдарының №1-П нысанды есебінің деректері негізінде мемлекеттік органдар және аймақтар бөлінісінде жиынтық есепті қалыптастырады.

34. Жолдар мен бағандардың деректері барлық тіркеу субъектілері бойынша бірдей болып келетін №1-П нысанды есеп ұлғаю нәтижесімен бірыңғай нысан бойынша құрылады.

1) 1-жолда талон-қосымшалары есептік кезеңнің соңына келіп түспеген, аяқталмаған тексерулердің қалдығы көрсетіледі;

2) 2-жолда тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны көрсетіледі;

3) 3-жолда (№1-П нысанды қойылған есепке алу карточкалары бойынша) объектілердің тағайындалған тексерулерінің саны көрсетіледі;

4) 4-жол (талон-қосымшаның бар болғанда) аяқталған тексерулердің санын көрсетеді;

5) 5-жол түрлі себептер бойынша есептік кезеңде өткізілмеген, тағайындалған тексерулердің санын көрсетеді;

6) 6-жол мерзімдері ұзартылған тағайындалған тексерулердің санын көрсетеді;

7) 7-жолда мерзімдері тоқтатылған тағайындалған тексерулердің саны көрсетіледі;

8) 8-жолда мерзімдері жаңартылған тағайындалған тексерулердің саны көрсетіледі;


9) 9-жол тексеру тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізілген анықталған тексерулердің жалпы санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 10-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 11-жолда, мемлекеттік орган 12-жолда көрсетіледі;

10) 13-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары тіркемей жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 14-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 15-жолда, мемлекеттік орган 16-жолда көрсетіледі;

11) 17-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары тіркемей жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 18-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 19-жолда, мемлекеттік орган 20-жолда көрсетіледі;

12) 21-жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары шығармай жүргізгендігі ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратура анықтағандар 22-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 23-жолда, мемлекеттік орган 24-жолда көрсетіледі;

13) 25-жол тексеру нәтижелерінде бұзушылықтар айқындалған тексерулердің санын көрсетеді;

14) 26-жол тіркеуден бас тартылған тексерулерді тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;

15) 27-41 жолдар тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту негіздерін көрсетеді;

16) 42-жол жоғары тұрған прокурор күшін жою туралы шешім шығарған тіркелген тексерулердің санын көрсетеді;

17) 1-15 бағандарының көрсеткіштері №1-П нысанды есепке алу карточкасының деректерінен алынып қалыптасады.

35. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдар №1-П нысанды жиынтың есепті тоқсан сайын қалыптастырады, оған аумақтық басқарманың басшысы қол қояды және есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде жолдайды.

36. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдар бекіткен еептердің негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органы республика бойынша жиынтық есепті құрады.

37. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органы республика бойынша №1-П нысанды жиынтық есепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет